Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТЫ КАЗ(семестровый).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.2 Кб
Скачать
  1. Тигерштед шендеуішін дайындаңыз және орнатыңыз

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

19 БИЛЕТ

  1. Ер адам 40 жаста.Жоғарғы ерніндегі косметикалық ақауға шағымданып келді. Анамнезінді екі күн бұрын пышақпен жарақат алған. Қарап тексергенде жоғарғы ерінінде пішіні үшбұрышты, негізі 1,5-2см өтпелі (сквозной) ақау анықталды.

Пластиканың қандай түрін жасған дұрыс?

  1. Мультиспиральды компьютерлі томографияның нәтижелерін талқылаңыз.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

20 БИЛЕТ

  1. 48 жастағы науқас емханаға бетінің сол жағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Аузын ашқанда, ас қабылдағанда ауру сезімі күшейеді. Құлағының бітеліп қалған сезімі бар. Буынында сықыр бар. Аталған шағымдар 4 жыл бұрын пайда болаған. Невропатологта, стоматологта үздіксіз ем қабылдаған. Бірақ еш әсері болмаған.

Тұрмысқа шыққан, 3 баласы бар. Ауыл мектебінде қазақ тілінен сабақ береді.

Сырт келбеті өзгеріссіз. Тері жабындысы таза. Шықшыт буынын сипап тексергенде ауру сезімі жоқ. Барлық шайнау бұлшықеттерін сипап тесергенде сол жағында ауырады. Жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің орталық сызығы оңға қарай ығысқан Аузын ашу Z – тәрізді, жабуы баспалдақтәрізді. Екіншілік адентия. 18, 16, 26, 27, 38, 37, 36, 35, 44, 45, 46, 47, 48 тістері жоқ. Терең күрек тістік тістем.

Диагноз қойыңыз және дәлелдеңіз. Кешенді емдеу жоспарын құрыңыз.

  1. Жалпы қан және зәр анализін талдаңыз.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

21 БИЛЕТ

  1. 43 жастағы науқасқа 1,6 тісін жұлу үшін 2 % новокаин ерітіндісімен жергілікті өткізгіштік жансыздандыру жасалынды. 30-40 секундтан кейін қорқыныш, суық тер, еріндерінің көгеруі пайда болып, қан қысымы төмендеді, 5-6 минуттан кейін дем алысы бұзылды: сырыл, ауыз қуысынан көпірік шықты.

Диагноз қойыңыз. Жедел медициналық көмек көрсетіңіз.

  1. №6 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

22 БИЛЕТ

  1. 25 жастағы науқасқа 1,6 тісінің созылмалы гранулденген периодонтиті себебінен жұлу үшін жергілікті жансыздандыру жасалып, тісін жұла бастады. Науқас кенеттен әлсізденіп, терлеп, басы айналып, көзі қарауытып, есінен танды. Дәрігер науқасқа энергетикалық ем шараларын қолданды, 1 минуттан соң науқас есін жиды. Аталаған клиникалық көрініс қандай асқынуға тән? Дәрігер қандай ем жүргізді.

  1. Жалпы қан және зәр анализін талдаңыз.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

23 БИЛЕТ

  1. Ер адам 68 жаста. Ауыз қуысын санациялау мақсатында келді. 3,6 тісін жұлғаннан кейін жалпы жағдайының нашарлауына шағымданды. Тері жабындысы бозғылт, мәрмәрлі суреттермен, ерін цианозы, суық тер байқалады. Дене қызуы төмендеген, есін біледі, бірақ тұманды. Дем алуы жиі, беткей, тахикардия. Жүректің аускультативті тоны жоғары, дүңгірлеген, көктамырлары кішірейген.

Алын ала диагноз қойыңыз. Ем жүргізіңіз.

  1. Жалпы қан және зәр анализін талдаңыз.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

24 БИЛЕТ

  1. Тіс дәрігеріне науқас Б. қаралды. 27жаста, жоғарғы жақтың фронтальды тісінің ауруына, жоғарғы еріннің ісінуіне, дене температурасының жоғарылауы жайсыздыққа шағымданады. Анамнезінде анықталады,үш жыл бұрын жарақат алған (хоккей ойыны кезінде шайба бетіне тиген), жоғарғы жақтың алдынғы тістері бүлінген. 12-21 тіс аймағын периодты түрде тұйық ауру сезімі мазалаған. Бір жыл бұрын вестибулярлы беттегі альвеолярлы өскіннің жоғарғы ерін жүгеншесінің дүрдигенін байқаған. Бұл түзілім көлемін ұлғайта бастаған. Ауру сезімі мазаламаған. 3 күннен бері науқас терапевте ОРЗ бойынша ем қабылдауда. Түнде жоғарғы жақта ауру сезімі пайда болып, қалтыраған, таңертең жоғарғы еріннің ісінгенін байқаған. Объективті: бет әлпеттің жоғарғы еріннің ісінуіне байланысты айқын емес ассиметриясы. Бет терісі өзгермеген. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тістері интактылы. Өтпелі қатпарлар жазылған. Пальпаторлы флюктуация, перкуссияда 12-21тіс арасының ауырсынусыз, 1 дәрежелі қозғалмалы. Ауызіші рентгенограммасында: сүйектің айқын шекаралы домалақ формалы сиректену (разряжение) көрінеді. 12-21 тіс түбірінің тұйықтаушы ұштары бүлінген.

Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз.