Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БИЛЕТЫ КАЗ(семестровый).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.2 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

1 БИЛЕТ

1. 68 жастағы науқас бетінің сол бөлігіндегі 1-2 минутқа созылатын ұстамалы түрдегі ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі кенеттен басталады, өз бетімен немесе жоғары ерінді саусақпен қозғағанда (жуыну кезінде) самайға, оң көзге, мұрынға тарайды. Ұстама кезінде мұрыннан сұйықтық бөлінеді, көзден жас ағады. Айтылған шағым бір жыл бұрын басталған. Бастапқы ұстама аптасына 1-2 рет байқалған, қазіргі кезде тәулігіне 15-20 рет қайталанады. Неврапатологта анда-санда амбулоторлық ем қабылдайды. Сырт қарағанда ешқандай өзгеріс жоқ, терісі таза, төменгі жақ буынын пальпация жасағанда ауру сезімі байқалмайды.

Диагноз қойыңыз, салыстырмалы диагноз жүргізіңіз. Кешенді емдеу жоспарын құрыңыз.

2. Бет әлпетінің жарақаты кезінде біріншілік хирургиялық өңдеуді жүргізіңіз (түйін және П тәрізді тігістерді көрсетіңіз)

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

2 БИЛЕТ

  1. 78 жастағы М., науқастың төменгі жағының денесінде домбығу және төменгі еріннің солжағынығ жансыздануы байқалды. Науқастың ауырғанына 3 ай болған. Төменгі жақ сүйек рентгенограммасында сүйек тінінің шамамен 3х2 см шекарасы анық емес сүйек деструкциясы байқалады. Алдын ала диагнозын қойыңыз және қосымша тексерістер жасау қажет?

  1. Тигерштед шендеуішін дайындаңыз және орнатыңыз

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

3 БИЛЕТ

  1. Ер адам 46 жаста бет әлпетінің косметикалық бұзылысына шағымданып келді. Анамнезінде 4 ай бұрын жарақат алған, емделмеген. Қарап тексергенде көзасты аймағының оң жағында тыртығы бар. Төменгі қабақтың коньюктивасының шырышты қабаты қайырылған, көзасты терісі көзжасынан өзгеріске ұшыраған (мацерация). Диагноз қойыңыз, емдеу жоспарын құрыңыз.

  1. №1 рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

4 БИЛЕТ

  1. Науқас 27 жаста. Төменгі жақтың деформациясы бар, терісі өзгермеген. Сипап тексергенде ауырмайды, тығыз, қозғалмалы емес, ауыздың ашылуы еркін. Рентген суретінде төменгі жақ сүйектің бұрышы мен денесінде ұяшық тәрізді сүйек деструкциясы байқалады. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдістері қолданылады? Қандай ауру туралы болжауға болады?

  1. № 2 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

5 БИЛЕТ

  1. 42 жастағы әйел адам Д., косметикалық ақауға шағымданады. Жарты жыл бұрын термиялық күйік алған. Қарап тексергенде бетінің оң аймағында тыртық, төменгі қабағының күйіктен қайырылғаны анықталды. Тыртықты бірнеше кезеңнен жою жоспарланған. Бірінші операция төменгі қабағының күйіктен тыртықтанып қайырылғанын жою жоспарлануда.

Науқасқа қандай операцияны жасаған дұрыс?

  1. № 3 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

6 БИЛЕТ

  1. Науқас Ш. 75 жаста. Онкологиялық кабинетке ұрт аймағындағы туыла пайда болған қалдың жарақаттан кейінгі жылдам өсуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде пигментті қалдың үстінде 1,5х1х1 ісік байқалады. Оның ортасында жарықшасы бар. Регионарлы түйіндер үлкеймеген.

Алдын ала диагнозын қойыңыз және дұрыс диагноз қою үшін қосымша қандай тексерістер жүргізу қажет?

  1. № 4 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

7 БИЛЕТ

  1. Ер адам Н. 46 жаста. Бет әлпетінің косметикалық ақауына, тыртықтың астындағы терісінің сулануына шағымданып келді. Анамнезінде 4 ай бұрын жарақат алған, емделмеген. Қарап тексергенде оң жақ құлақмаңы аймағында тыртық анықталды. Тыртықтың дистальды шетінен мөлдір сұйықтық бөлінеді, әсіресе тағам қабылдаған кезде. Ауыз қуысында оң жақ стенонов түтігінен сілекей бөлінеді. Диагноз, емдеу жоспарын құрыңыз.

  1. № 5 Рентгенограмманың нәтижелерін интерпретациялау.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ


8 БИЛЕТ

  1. Хирург стоматолог науқастың төменгі жақ сүйек альвеола өсіндісінің 3.6, 3.7 тістердің аймағында деформацияны байқады. Сол тістер қозғалмалы және «пергаментті сықыры» симптомы анықтады. Дәрігер остеобластокластомаға сезіктенді.

Науқасты тексеру және емдеу жоспарын құрыныз?

  1. Бет-әлпеті жарақаттарын біріншілік хирургиялық өңдеуді жүргізіңіз.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

9 БИЛЕТ

  1. 46 жастағы ер адам бет-әлпетінің косметикалық ақауына шағымданып келді. Анамнезінде 4 ай бұрын жарақат алған, емделмеген. Қарап тексергенде ұртының оң жағында, ені 4 см тыртық анықталды. Аузын ашуы шектелген.

Кешенді емдеу жоспарын құрыңыз.

  1. Ажыратушы иілгіші бар тегіс шендеуішті орнатыңыз.

Модуль жетекшісі м.ғ.к., доцент Даулетхожаев Н.А.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ

10 БИЛЕТ

  1. Науқаста жоғарғы жағының сол жағында деформация, мұрнынан іріңді-қанды бөлінді, көзасты аймағының жансыздануы, 24, 25, 26, 27 тістердің қозғалғыштығы бар. Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ жоғарғы жақ қуысында қараңғы ошақ және сыртқы қабырғасының резорбциясы анықталды.

Болжамды диагноз қойыңыз. Науқасқа қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізген дұрыс?