
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. MatLab ортасы туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Сурет. Командалар терезесі Жұмыс ортасы келесі негізгі элементтерден тұрады:
- •1.3 Сурет. Екі санның қосындысы
- •1.6 Жұмыс ортасын сақтау
- •2 Дәріс. MatLab тілінде элементарлық функцияларды қолдану
- •2.1 Сурет. Функцияның мәнін командалар терезесінде енгізу және нәтижесін көрсету
- •3 Дәріс. Векторлармен жұмыс, оларға қолданылатын функциялар
- •3.1 Сурет. Векторды енгізу
- •4 Дәріс. Матрицалармен жұмыс, оларға қолданылатын функциялар
- •4.1 Сурет.
- •4.2 Сурет. М матрицасын интерпретациялау
- •5 Дәріс. Екі және үш өлшемді графиктерді құру
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет.
- •5.4 Сурет. Үш өлшемді график
- •5.6 Сурет. Каркасты 3d_графикты құру мысалы
- •5.7 Сурет. Үшөлшемді графикті форматтау мысалы
- •5.8 Сурет. Графиктің бағытын өзгерту
- •6 Дәріс. Таңдау, шарттық және циклдық операторлар
- •7 Дәріс. Сценарийлері мен функциялары бар м-файлдар
- •7.1 Сурет. Pcr файлымен жұмыстың мысалы
- •8 Дәріс. M-файлды орындауды басқару
- •9 Дәріс. Функцияның минимумын табу
- •10 Дәріс. Gui арқылы қосымша құру принциптері
- •11 Дәріс. Guide ортасында оқиғаларды бағдарламалау
- •12 Дәріс. Simulink пакетімен жұмыс істеуді үйрену
- •12.3 Сурет. Sinks блогының терезесі
- •12.4 Сурет. Scope блогы
- •12.5 Сурет. Sources блогының терезесі
- •13 Дәріс. Бейсызықты жүйелерді моделдеу
- •14 Дәріс. Simulink пакетін қолданып дифференциалды теңдеулерді және динамикалық процестерді моделдеу
- •15 Дәріс. Басқару жүйесінің математикалық моделдерінің әртүрлі формаларымен жұмыс істеу
- •2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •Зертрханалық жұмыс «MatLab бағдарламасымен танысу»
- •– Зертханалық жұмыс «Сызықты алгебраның есептері»
- •«Векторлармен және матрицалармен жұмыс істеу»
- •«Полиномдар және олармен жұмыс істеу операциялар»
- •«Дифференциалдық теңдеулерді сандық шешімдерді табу»
- •«Анықталған интегралдарды есептеу»
- •«Matlab ортасында бейсызықты теңдеулердің түбірін табу»
- •«Тиімділеу әдістердің сандық шешімін м-файлда бағдарламалау»
- •«Matlab ортасында бағдарламалау if, else тармақталу операторлары»
- •«2 Және 3 өлшемді графиктерді құрып үйрену»
- •«Matlab ортасындағы gui құру»
- •«Simulink ортасында модельдерді құру»
- •«Simulink ортасында дифференциалдық теңдеулерді модельдеу»
- •«Simulink ортасында Stateflow жүйесін қолдану»
- •2.4 Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының жоспары (соөж)
- •Студеттің өзіндік жұмыстарының жоспарлары (сөж)
- •2.6 Бақылау үшін тест сұрақтары
- •Дұрыс жауаптардың кодтары
- •2.7 Өтіліп кеткен курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі ......…………….…………….. 8
4 Дәріс. Матрицалармен жұмыс, оларға қолданылатын функциялар
4.1 Блоктарды бөліп көрсету
Матрицаның блоктарын бөліп көрсету : көмегімен іске асырылады. Матрицаны енгізейік:
енді бізге керекті бөлікті : көмегімен бағаны мен жолының санын бере отырып бөліп көрсетеміз:
>> р1=Р(2:3,2:3)
р1=
10 12
11 10
Матрицадан бағанды немесе жолды бөліп көрсету керек болса, онда матрицаның бір индексі ретінде баған мен қатардың нөмірін қолдану керек те, екінші индексті :-ге ауыстыру керек. Мысалы, Р матрицасының 2-ші жолын а векторына жазыңыз:
>> а=Р(2, :)
а=
4 10 12 5
Мына түрде де көрсетуге болады:
>> а=Р(2, 2:end)
а=
10 12 5
4.2 Бағандар мен қатарларды алып тастау
MatLab-та [ ]- квадратты жақшасы бос массив дегенді білдіреді, ол массивтен бағандар мен қатарларды алып тастауға қолданылады. Мысалы, М матрицасының бірінші қатарын алып тастайық:
>> M=[2 0 3;1 1 4;6 1 3];
>>M(1, :) = [ ];
>> M
M=
1 1 4
6 1 3
M матрицасының екінші және үшінші бағанын алып тастау керек:
>> M(:, 2:3) = [ ]
M=
1
6
4.3 Матрицаны визуализациялау
М матрицасын 5х5 өлшемді 4 квадраттық матрицадан құралған блоктық матрица түрінде көрсетейік (диагоналдық блоктар еуе көмегімен, ал диагоналдық емес бөліктері ones көмегімен құрастырылады):
>> M=[eye(5) 2*ones(5); 3*ones(5) -4*eye(5)]
Біз бас диагоналы 1-ден құралған, барлық элементтері 2-ден тұратын және 3-тен тұратын, бас диагоналы -4-тен құралған 4 матрицадан үлкен 10х10 өлшемді блоктық матрица құрдық.
Енді бас диагональ элементтері 2-ден құралған, бас диагоналдың үстіңгі және астыңғы элементтері 1 болатын матрица құрайық.
>> G=2*eye(7)+diag(ones(1,6),1)+diag(ones(1,6),-1)
G =
2 1 0 0 0 0 0
1 2 1 0 0 0 0
0 1 2 1 0 0 0
0 0 1 2 1 0 0
0 0 0 1 2 1 0
0 0 0 0 1 2 1
0 0 0 0 0 1 2
Енді spy командасының көмегімен Figure 1 графиктік терезесін шығарайық (4.1 сурет).
4.1 Сурет.
Тік және көлденең осьтерде баған мен жол нөмірлері көрсетілген. Нөл емес элементтер маркермен белгіленген, ал графиктік терезенің төменгі бөлігінде нөл емес элементтердің саны көрсетілген (nz=19).
Матрица элементтерінің қатынасы туралы ақпаратты матрицаны тіктөртбұрыш түрінде интерпретациялайтын imagesc функциясы арқылы алуға болады. Матрицаның әрбір элементі түсі элементтің санына сәйкес келетін квадрат түрінде көрсетіледі. Элементтің саны мен түсінің сәйкестігін білу үшін colorbar командасын қолданамыз, ол матрицаның қасына түстің шкаласын шығарады. Соңында суретті сұр түс түрінде алу үшін colormap(gray) командасын қолданамыз. М матрицасымен жұмыс істейік (4.2 сурет):
>> imagesc(M)
>> colorbar
>> colormap(gray)
4.2 Сурет. М матрицасын интерпретациялау
Әдебиет: 1 нег.[51-106 ], 2 нег.[18-36], 3 нег.[85-100].
Бақылау сұрақтары:
1. Арифметикалық операторлар түрі
2. Векторларға қолданылатын функциялар
3. Матрицаларға қолданылатын функциялар
4. Блоктарды бөліп көрсету
5. Матрицаның бөліктерін алып тастау
6. Матрицаны визуализациялау