
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. MatLab ортасы туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Сурет. Командалар терезесі Жұмыс ортасы келесі негізгі элементтерден тұрады:
- •1.3 Сурет. Екі санның қосындысы
- •1.6 Жұмыс ортасын сақтау
- •2 Дәріс. MatLab тілінде элементарлық функцияларды қолдану
- •2.1 Сурет. Функцияның мәнін командалар терезесінде енгізу және нәтижесін көрсету
- •3 Дәріс. Векторлармен жұмыс, оларға қолданылатын функциялар
- •3.1 Сурет. Векторды енгізу
- •4 Дәріс. Матрицалармен жұмыс, оларға қолданылатын функциялар
- •4.1 Сурет.
- •4.2 Сурет. М матрицасын интерпретациялау
- •5 Дәріс. Екі және үш өлшемді графиктерді құру
- •5.2 Сурет
- •5.3 Сурет.
- •5.4 Сурет. Үш өлшемді график
- •5.6 Сурет. Каркасты 3d_графикты құру мысалы
- •5.7 Сурет. Үшөлшемді графикті форматтау мысалы
- •5.8 Сурет. Графиктің бағытын өзгерту
- •6 Дәріс. Таңдау, шарттық және циклдық операторлар
- •7 Дәріс. Сценарийлері мен функциялары бар м-файлдар
- •7.1 Сурет. Pcr файлымен жұмыстың мысалы
- •8 Дәріс. M-файлды орындауды басқару
- •9 Дәріс. Функцияның минимумын табу
- •10 Дәріс. Gui арқылы қосымша құру принциптері
- •11 Дәріс. Guide ортасында оқиғаларды бағдарламалау
- •12 Дәріс. Simulink пакетімен жұмыс істеуді үйрену
- •12.3 Сурет. Sinks блогының терезесі
- •12.4 Сурет. Scope блогы
- •12.5 Сурет. Sources блогының терезесі
- •13 Дәріс. Бейсызықты жүйелерді моделдеу
- •14 Дәріс. Simulink пакетін қолданып дифференциалды теңдеулерді және динамикалық процестерді моделдеу
- •15 Дәріс. Басқару жүйесінің математикалық моделдерінің әртүрлі формаларымен жұмыс істеу
- •2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •Зертрханалық жұмыс «MatLab бағдарламасымен танысу»
- •– Зертханалық жұмыс «Сызықты алгебраның есептері»
- •«Векторлармен және матрицалармен жұмыс істеу»
- •«Полиномдар және олармен жұмыс істеу операциялар»
- •«Дифференциалдық теңдеулерді сандық шешімдерді табу»
- •«Анықталған интегралдарды есептеу»
- •«Matlab ортасында бейсызықты теңдеулердің түбірін табу»
- •«Тиімділеу әдістердің сандық шешімін м-файлда бағдарламалау»
- •«Matlab ортасында бағдарламалау if, else тармақталу операторлары»
- •«2 Және 3 өлшемді графиктерді құрып үйрену»
- •«Matlab ортасындағы gui құру»
- •«Simulink ортасында модельдерді құру»
- •«Simulink ортасында дифференциалдық теңдеулерді модельдеу»
- •«Simulink ортасында Stateflow жүйесін қолдану»
- •2.4 Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының жоспары (соөж)
- •Студеттің өзіндік жұмыстарының жоспарлары (сөж)
- •2.6 Бақылау үшін тест сұрақтары
- •Дұрыс жауаптардың кодтары
- •2.7 Өтіліп кеткен курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі ......…………….…………….. 8
12 Дәріс. Simulink пакетімен жұмыс істеуді үйрену
Simulink пакеті динамикалық бейсызықты жүйелерді зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеп отырған жүйе сипаттамасын енгізу диалогты режимде элементарлық стандартты буындарды біріктіруді графиктік түрде жинақтау жолымен іске асырылады. Осындай жинақтау нәтижесінде зерттелініп отырған жүйенің моделі құрылады, ол модель S-модель деп аталынады. Модель .mdl кеңейтілуімен сақталады.
Simulink пакетінде моделдерді құру Drag-and-Drop технологиясына негізделген. Көбіне, басқару жүйелерінің LTI (Linear Time Invariant Models) моделдерімен жұмыс істеуге арналған Control System Toolbox қолданбалы бағдарламасының командалар пакеті қолданылады.
Simulink – блок кітапханалары негізіндегі динамикалық жүйелерді моделдеу, анализдеу және синтездеуге арналған интерактивті құрал. Simulink MatLab-тың жеке құралы болып саналады, бірақ MatLab-тың функцияларымен және оның басқа да құралдарымен бірге қолданыла алады. Сонымен қатар, әртүрлі қолдану аймақтары үшін қосымша блок кітапханалары бар (электротехникалық құрылғыларды моделдеу, цифрлық құрылғыларды өңдеуге арналған блоктар жиынтығы және т.б.).
12.1 Жұмыс істеу және моделдеудің негізгі принциптері
Simulink-та жұмыс істеу үшін, MatLab бағдарламасын іске қосқаннан кейін менюда FileNewModel ашу керек. Ашылған терезеде (12.1 сурет) Simulink кітапханасының операциялық блоктарынан тұратын жүйелік моделі жинақталады.
12.1-сурет – MatLab Simulink терезесі
Блоктар кітапханасының терезесі Library Browser батырмасын басу арқылы Simulink менюында іске қосылады да, әртүрлі қолданбалы бөлімдерден тұрады (12.2-сурет).
12.2-сурет – MatLab Simulink кітапханасы
Simulink пакетінің кітапханасы визуалды объектілердің жиынтығынан тұрады, олардың көмегімен модулді функционалды байланыс сызықтарымен біріктіре отырып, кез-келген құрылғының блок-схемасын құруға болады.
Блоктар кітапханасы 13 бөлікке бөлінген. Атап өтсек:
1. Continuous – үздіксіз элементтер;
2. Discontinuities – біртекті емес элементтер;
3. Discrete – дискретті элементтер;
4. Look-Up Тables – анықтама кестелері;
5. Math Operations – математикалық операторлар;
6. Model Verification – үлгі бойынша тексерулер;
7. Model-Wide Utilities – барлық моделдердің утилиттері;
8. Ports & Subsystems - порттар мен ішкі жүйелер;
9. Signal Attributes – сигнал белгілері;
10. Signal Routing – сигнал бағыттары;
11. Sinks – қабылдау;
12. Sources – бастапқы көзі (источник);
13. User-Defined Functions – функцияны қолдану.
Осының ішінде көбірек қолданылатындарына тоқталып кетейік:
1 блокта интегратор, дифференциал, transfer fcn сияқты блоктар бар.
3 блокта дискретті жүйелерді сипаттайтын блоктар орналасқан.
5 блокта сумма, көбейту (product), gain, minmax сияқты блоктар бар.
11 блокта тек кіріс қана болады, ал шығысы болмайды, мысалы Sinks блогына кірген кезде келесі терезе (12.3 сурет) шығады:
12.3 Сурет. Sinks блогының терезесі
Көріп тұрғанымыздай барлық блоктарда тек кіріс қана бар. Соның ішінде Scope (Индикатор) блогына тоқталатын болсақ, ол моделдеу үрдісін қадағалауға мүмкіндік береді. Оны көру үшін блоктарды жинап болған соң Start батырмасын басқаннан кейін Scope блогына барып, тышқанды екі рет басу керек, сол кезде 12.4 сурет шығады: