
- •5В050300 –Психология
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік (методикалық) қамтамасыздандыру картасы
- •2013 -2014 Оку жылы
- •Глосарий
- •Мотивациялау- мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес,психлогиялық аспект орын алады.
- •Ұйымдастыру функциясы
- •Ұйымдастыру, негіздері
- •2. Ұйымдық құрылымды құрудағы әр түрлі көзқарастар
- •3. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
- •4. Өндірісті басқару құрылымының түрлері
- •Қорытынды
- •Шиеленісті, стрессті басқару
- •Қарым-қатынастың формалары мен түрлері
- •1.1. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы
- •1.2. Қарым-қатынастың интерактивтік жағы
- •1.3. Қарым-қатынастар перцептивтік жағы
- •1.4. Қарым-қатынастың адам өміріндегі алатын орны
3. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
Ұйымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отындық және шет елдік көп жылғы баскару практикасында оны құрудың ұй-ымдық принциптерін (ережелерін) басшылықка алу қажет.
Басқарудың ұйымдық кұрылымы көптеген сапалық қасиеттермен (жұмыскерлердің өкілеттілігі, олардың жауапкершілігі мен өзара карым-катынасы т. б.) сипатталады, сондықтанда құрылымды қалыптастырған кезде оған ықпал ететін факторларды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісті принциптерді талап ету қажет. Басқару объектісі неғұрлым күрделі болса, қалыптастыруда принциптер (ережелер) соғұрлым зор роль атқарады, ал мұның өзі құрылымды тиімді ұйымдастыруға сай келуі тиіс:
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына төмндегілер қолданылады.
1. Жарлық беру мен дербес жауапкершілік принцинінің тұтастығы. Бұл қосарлы бағыныштылықты және қарама-қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды. Әрбір звенода (орындаушыда) тек бір ғана басшы болуы, әрі тек соған ғана бағынып, тікелей соның өзінен шешім алу қажет. Оның үстіне басқарушы звено екі объектіні бір мезетте ойдағыдай басқара алмайды.
2. Линиялық және функционалдық басшылықтық аралығындағы дәл шекараны анықтау принципі. Линиялық басшылық өндіріс өнімдерін басқаруды жүзеге асыруы, ал функционалдық — линиялык, басшылыкқа жәрдем көрсетуі, оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т. б. жабдықтауы тиіс.
3. Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағынышты адамдар санын, яғни баскара алу нормасын дұрыс анықтау қажет.
4. Функционалдық нақты шектеу принципі. Әрбір өндірістік және функционалдық звеноның айқын белгіленген функциясы болуы, басқа бөлімшелердің функдиясына басшылықтың барлық деңгйнінде араласпауы тиіс. Мұндай жағдайда диалектикалық функция тұтастығы мен басқару құрылымы бөлімдерінің, бюроның және басқа да ұйымдық бөлімшелердің белгілі бір санының калыптасуымен көрсетіледі.
5. Әрбір звено басқарушысы мен лауазымды адамның правосының, міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу принципі. Тек осындай сәйкестік қана колайлы шешімді қабылдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.
6 Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдық кұрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерін ең аз шығынмен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болуы тиіс,
Жоғарыда аталған принциптермен қоса, баскару құрылымын жасауға ішкі және сыртқы факторлар да ықпал етеді.
Сонымен, өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы басқарудың барлық объективті қажетті функцияларын орындауды қамтамасыз етуі; кәсіпорынның немесе бірлестіктің өндірістік кұрылымының талаптарына сай келуі, әрі өндіріс жардайының өзгеруіне сәйкес даму мүмкіндігінің болуы; басқару сатысының ең аз бірақ жеткілікті саны болуы; жеке функциялардың орындалуының белгіленген сатыларға сәйкес келуі; басқару нормасына сай болуы; тиімді ақпарат байланыстарының талаптарына сай келуі; басқару ақпаратының өндірістік ұйым мақсаты құрылымының еңбек бөлінісі мен кооперациясына барынша сәйкес келуін қамтамасыз етуі; талдау, бағалау және болжалдау функцияларының нығаюын қамтамасыз етуі; басқарудың жоғары сенімділігін, оперативтілігін (тез орындаушылығын)сапасын, үнемділігін тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс.