
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2012-2013 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс комплексі
- •Медициналық психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері
- •«Норма» түсінгі индивид шекарасымен байланысты.
- •Таным процестерінің бұзылулары: түйсік, қабылдау, зейін, ес.
- •Ойлаудың, сөйлеудің, қиялдың бұзылулары
Таным процестерінің бұзылулары: түйсік, қабылдау, зейін, ес.
Түйсік- танымның бастапқы негізі блоып табылады. Ауытқу немесе талдағыштардың бір бөлігінің зақымдануы сезгіштіктің бұзылуларының әртүрлілігімен көрініс береді. Сезгіштік деп түйсіне алу қабілетін айтамыз. Түйсіктің ауытқулары сандық және сапалық болып бөлінеді.
Түйсіктің сандық өзгерістері:
Гиперестезия (жоғарғы сезгіштік) - түйсіктің табалдырығының төмендеуінің салдарынан сезгіштіктің артуы. Мысалы: электр лампасының жарығы өте айқын, радионың бәсең дыбысы мен басқа бөлмедегі дауыстар қатты болып сезіледі. Көру және есту гиперестезиялары жиі кездеседі.
Гипостезия – түйсіктің табалдырығының жоғарлауының арқасында сезгіштіктің төмендеуі. Мысалы: науқас жарыққа, ылғал төсекке, ыстыққа, суыққа жауап бермейді. Жүйке жүйесінің , оның перифериялық бөлігі және өткізуші жолдарының аурулары кезінде жиі кездеседі.
Анестезия – сезгіштіктің жоғалуы. Ол сезгіштіктің барлық түрін (жалпы анестезия) немесе жеке бөліктерін (парциалды анестезия) қамтуы мүмкін.
Түйсіктің сапалық өзгерістері:
Парестезиялар – дененің әр бөлігіндегі ұю, шаншу, күю сияқты өздігінен немесе сыртқы әсерден кейін пайда болған түйсіктер.
Сенестопатиялар – жинақталуы жағынан нақты анатомиялық және топографиялық иннервацияға сәйкес келмейтін, аяқ астынан пайда болатын ауыр түйсіктер. Мысалы: «денеде тоқ немесе толқын жүргендей» болады, дене тырысады, жарылады, қайнайды, құбылады т.б.
Сенестезиялар – дененің сезгіштігінің жалпы бұзылуы. Мысалы: аяқ астынан дененің әлсіреуі, ауырлауы немесе жеңілдеуі, жүйесіз бас айналулар, жүріс кезіндегі теңселулер мен өз -өзіне сенбеуліктер.
Дәм сезу түйсігінің өзгерісін дисгвезия деп аталыныды.
Қабылдау бұзылуларына агнозия, парэйдолия, акоазма, галлюцинацияны жатқызуға болады.Қабылдаудың келесі паталогиялық ауытқуларын атап өтуге болады: психосенсорлық бұзылулар, иллюзиялар.Психосенсорлық ауытқулар кезінде шындықтағы заттардың пішіні, көлемі ара қашықтығы бұрмалап қабылданады, бірақ тану мен сыншылдық қатынас сақталады. Мысалы: диплопия – заттардың екеу болып көрінуі, микропсия – заттың кішірейюі, макропсия – заттың ұлғаюы, дисморфопсия – шындықтағы заттардың деформациялануы, порропсия – заттарды алыстатып немесе жақындатып қабылдау.
Иллюзиялар – шындықтағы заттар мен құбылыстарды мазмұны жағынан теріс қабылдау.
Иллюзиялар функциялық, физиологиялық негізінде немесе психикалық ауытқулардың көрінісі болуы мүмкін.
Психикасы сау және психикасында ауытқуы бар адамдарда кездесетін күшті эмоциялардың салдарынан болатын аффективтік иллюзиялар белгілі иллюзиялардың пайда болуына анық қабылдауға бөгет жасайтын шарттар себеп болады: көмескі жарық, шулы бөлме, таныс емес жағдай.
Галлюционациялар – шындықта жоқ заттар мен құбылыстарды қабылдау. Бұл субъект қабылдаудан ажырата алмай, қабылдау сияқты басынан кешетін елестер. Сондықтан, пайда болу механизмі жағынан галлюционациялар қабылдаудың ауытқуларынан гөрі, елестердің ауытқуларына жатады. Шындықтағы жоқ заттарды объективті бар деп қабылдау нағыз галлюцинациямен ауыратын науқастарда ғана кездеседі. Жалған галлюционациямен ауырған кезде қабылданатын заттар мен құбылыстардың бейнелері күнделікті өмірдегі заттардан өзгеше болады және сыртқы ортамен байланысы жоқ.
Агнозия - бас мидың локальды қызметінің бұзылуымен байланысты, қабылдаудың көру, есту, сипап сезу бұзылуларымен көрінеді.Агнозия кезінде таныс обьектіні танымау байқалады.Аурулар таныстарын, әңгімелесіп отырған адамының мимикасына нашар көңіл аударады.Кейбір ауруларда агнозиякеңістіктегі бағдардың бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Парейдолия- бейнелерді қорқынышты қабылдаумен байланысты, мысалы кілем өрнегін қарағанда. Мұндай жағдай шаршаған кезде және невротикалық бұзылыс кезінде болуы мүмкін.
Акоазма- құлақта шумның иллюзиясының немесе дәл осы сәтте жоқ басқа дыбыстың бар болуы.
Зейін ауытқулары.
Зейіннің шаршағыштығы – патологиялық шаршаудың салдарынан психикалық қысым түскен кездегі зейіннің негізгі көрсеткіштерінің бұзылуы.
Зейіннің алаңдағыштығы – ұзақ уақыт бір объектіге сананы бағыттай алмау, бөгде тітіркендіргіштер мен ұсақ бөлшектерге зейіннің алаңдай беруі.
Зейін тым алаңдағыштығы – сыртқы ортадағы болмашы өзгерістерге зейіннің ауыса беруі немесе ешқандай өзгеріс болмаған соң зейіннің өзінен -өзі ауысуы.
Зейіннің инерттілігі – зейінді бір объектіден екінші объектіге ауыстыра алмау. Өз уақытында зейіннің тез ауыса алмауы немесе зейіннің патологиялық фиксациясы.
Жоғарғы алаңдаушылық — бір іс әрекеттің түрінен келесі объектіге үнемі ауысып отыру, зейіннің шектен тыс қозғалғыштығы.
Гипо және апрозекция — қажет уақыт ағымында зейіннің шоғырлана алмауы.
Ес. Естің ауытқулары:
Гипермнезия – естің күшеюі. Есте сақтаудың ерекше пәрменділігімен сипатталады.
Гипомнезия – естің әлсіреуі – тұрақты немесе өтпелі де болады. Ауру өміріндегі өткен оқиғаларды еске түсіре алмау, қолжазабаға жазып жүреді.
Амнезия – нақты уақыт ішінде, нақты жағдайда болған оқиғалардың естен шығып кетуі. Ұмытшақтық, есте сақтаудың болмауы.
Паромнезия — есте сақтаудың тарылуы.
Мнестикалық процестердің бұзылуына парамнезиялар да жатады: конфабуляциялар (естің ақ таңдақтары ойдан шығарған оқиғалармен толықтырылады), жалған реминесценциялар (болған оқиғалардың хронологиясын есте сақтамау, шындықтағы бұрын болған оқиғаларды кейінге тану), криптомнезиялар (басқа адамдардан естіген, түсінде көрген немесе кітаптан оқыған оқиғаларды өзімен болады деп баяндау). Нерв жүйесінің зақымдалуынан есте сақтаудың көптеген бұзылуларын кездестіруге болады.