
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2012-2013 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс комплексі
- •Медициналық психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері
- •«Норма» түсінгі индивид шекарасымен байланысты.
- •Таным процестерінің бұзылулары: түйсік, қабылдау, зейін, ес.
- •Ойлаудың, сөйлеудің, қиялдың бұзылулары
Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға |
Баллдардың сана эквиваленті |
Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша Баға |
А |
4,0 |
95-100 |
өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
қанағатты
|
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60,64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49
|
Қанағаттындырылмаған |
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық қатынаста келесідей анықталады:
Б1 + Б2
Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4
2
Мұнда:
Б1 - 1 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі
Б2 - 2 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі
Е - Емтихандық бағаның пайыздық көрінісі
Пайыздық көріністегі қорытынды баға Қ % 3 қосымшада көрсетілген, кестеге сәйкес ҚБ сандық эквивалентке қорытынды баға ретінде аударылады.
Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
2012-2013 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Автор |
Атауы |
Баспа жылы |
Дана |
|
Оқу құралдары, оқулықтар |
|
|
Игумнов С.А. |
Психотерапия детей и подростков. |
2005 |
5 |
Мягков И.Ф. и др. |
Медицинская психология: пропедевтический курс. Уч. для вузов. |
2002 |
12 |
Шкуренко Д.А. |
Общая и медицинская психология. Уч. пос. |
2002 |
16 |
Карвасарский Б.Д. |
Клиническая психология: учебник |
2010
|
1 |
Дәріс комплексі
1-Дәріс. Қазіргі кезеңдегі медициналық психология методологиялық, теоретикалық мәселелері. 2 сағат
Мақсаты: Медициналық психологияның тарихы мен негізгі ұғымдармен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Медициналық психологияның даму тарихы.
2. Қазіргі медициналық психологияның пәні мен құрылымы.
3. Медициналық психологиядағы психологиялық диагностика.
4.“Норма” және “патология” мәселелері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Каннабих Ю. "История психиатрии". М.,1992.
2. Лурия А.Р. "Основы нейропсихологии", М., 1973
3. Хомская Е.Д. "Нейропсихология", М. 1990
4. Хрестоматия по медицинской психологии. Составитель Сапарова И.А. А., 2004
Дәріс тезистері.
Медициналық психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері
Қазіргі психологияда психологияның медициналық сондай-ақ пациенттердің психологиялық жағдайын коррекциялауға байлансты мәселелерді зерттеуде түрлі методологиялық бағыттар бар. Орыс психологиялық мектебі ХХ ғ. басында қалыптасты. Ресейде оның негізін салушы көрнекті психоневролог В.М.Бехтеров. Ол басқарған психоневрологиялық институтта жүріс-тұрысты объективті зерттеу үшін экспериментальды әдістер анықталды. 1908 жылы В.М.Бехтерев индивидтің туа қалыптасатын нышандарымен сәйкестендіретін еханикалық себептерінің көрінуімен өзара байланысатын генетикалық рефлексологиялық зерттеу әдісін жасап шығарды.
ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механимдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И.П.Павловтың концепциясымен В.М.Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта. Бихивиоризм теориясынан шығатыны, психика организмнің сыртқы және ішкі стимулдарға белгілі жүйелі реакция ретінде қабылданады. Бихевиоризм бірінші деңгейлі ролі оның жүріс-тұрысын көрсететін адам іс қимылы болып табылады.
ХХ ғ. басында Германияда қалыптасқан Гештальт психологияның жетекші бағдары болып қабылданған бейнелердің тұтастығын қалыптастыру, яғни, аяқталу процесін түйсіну жолдарын іздеуді тудырады.
Гештальт методологиясының негізіне тұтастық концепциясы жатады. Гештальт психологиясының тұтастық және жаңа әдістемелік бағыты ретінде негізін салушылар М.Вертгеймер, К.Келлер, К.Коффка, К.Левин.
К.Левин көзқарасы бойынша невроздарды емдеу сондай-ақ таным процесстерін түзетуде биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің өзара әрекеті жетекші орынға ие немесе олардың арасында белгілі өзара байланыс және иерархия бар. Адамды қоршаған кез келген объектінің белгілі энергиясы мен заряды бар. нәтижесінде қоршаған әлем объектілері психологиялық кеңістікте қысымның туындауына ықпал етеді. Осыған байланысты жағымсыз эмоциялар қысымды және агрессияны күшейткенімен, жағымды эмоцияларды әлсіретеді.
Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында өткір де, таусылмайтын күрес әртүрлі мектеп өкілдері арасында ғасырлар бойы жүріп жатыр. Енді көбірек таралған тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ортаға тәуелділігін есепке ала отырып, емдеуді ұсынған. Кейін феодализм кезінде де, буржуазиялық қарым-қатынас заманында да, тұлға туралы әртүрлі теориялар пайда бола бастады, олар адамның жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктердің туа пайда болу және өзгермейтіндігін дәлелдеуге тырысты.
Биологиялық фатализм әртүрлі ғылымдарда тұлғаның сапасы туралы, яғни «Физиогномикадан» басталып, И.К.Лафотера (1741-1801), Ф.И.Галлдің (1758-1828) френологиясы және біздің заманымыздағы психоморфологиялық лаколизационизмге көше келе (К.Клайст, Э.Кречмер және т.б.), қазіргі таңдағы кең таралған жеке тұлғатеориясы болып саналады. Сонымен, Э.Кречмер тұлғаның өзіндік ерекшеліктері оның денесінің конституционалдық ерекшеліктерімен байланысты деп көрсетеді. Ол өзінің психиатрлық клиникасында жүргізілген бақылау нәтижесінде, алғашқыда мінездің 2 түрін бөліп шығарды – шизотимикалық(ұстамды, салмақты, қарым – қатынасқа қиын түседі, топас, ашуланғыш) және циклотимикалық (нақты, қарым – қатынасқа оңай түсетін, адам сүйгіш көпбілгіш). Кречмердің пікірі бойынша пикниктік дене құрылымды адамдарға циклотимикалық мінез сәйкес келеді, атлетикалық, астеникалық және диспластикалық дене құрылымға – шизотимикалық. Кейінірек бұл классификация Ф.Минковский (1923) эпилептикалық мінез толықтырады(кекшіл, ашушаң, майда – шүйдеге көңіл бөлетін және т.б.).
Айтарлықтай, өте кең тараған келесі бағыт – психоаналитикалық. Оның негізін салушы З.Фрейд пікірі бойынша, тұлға – бейсаналық (инстинктивті, басты сексуалды талпыныстары мен өлімге деген талпыныс) пен сананың күресі нәтижесінде көрінеді деп түсіндіреді.
З.Фрейд ілімінің идеялық бұлағы Э.Гертманның (1842-1906) «Бейсаналылық философиясы», яғни интуициялық қабілеттілік, басқа авторлармен негіздеген, мысалы А.Бергсон. Фрейдтің алғашқы шәкірттерінің бірі А.Адлер пікірі бойынша тұлғаның қалыптасуындағы негізгі саналар пайда болған толымсыздық сезімі мен әр адамның өзін - өзі жетілдіруге деген талпынысынан бастау алады, сонымен қатар жоғарғы тұлға (сверхличность) идеясын басшылыққа ала отырады. Бірнеше деңгейлерге дейін модификацияланған психоанализ ілімі қазіргі таңда медициналық және психологиялық негізінде психосоматикалық медицинаның негізі болып табылады, психоанализ батыста кеңінен емдеу әдісі ретінде жарнамаланды, панацея секілді тәжірибеде кездесетін барлық ауруларды да.
Соңғы кезде психосоматикалық бағыт медицинада кеңінен таралған. Ол патологиялық процесстің (вирховская, целлюмерная патология) нақты бір органның немесе жүйесінің төңірегімен шектеліп қалатын өткеннің механикалық көзқарастарына қарсы шыққан. Бірақ осы кезге дейін клиникалық жағдайдағы патология психосоматикалық қарым – қатынас туралы нақты бір көзқарас қалыптаспаған, әртүрлі бағыт өкілдері психосоматика туралы өз ұстанымдарында қалып отыр.
Психосоматикалық қарым- қатынасқа арналған зерттеу жұмыстары көп жүргізілген.
Олардың ішінде объективті методтарды зерттеулерде қолдану, клиникалық патология көзқараста, айтарлықтай деңгейде құнды болып саналады. Бірақ айтылған алынған нәтижелер әрқашан ғылыми көзқарастарға сүйене бермейді, сәйкес келген жағдайлар көменгімен ақыл ойға сүйене отырып жазады.
Соңғы 10 жыл ішінде психология мен психиатрияға біраз елдерде экзистенционализмнің әсері біршама сезіледі, оның негізін салушы неміс оқымыстысы – философы М.Хайдегер (1927) деп айтуға болады. Сәйкесінше оның көзқарастарын толықтырып дамытқан А.Маньковский, Э.Гитраус, Л.Бинсвангер, адам өзінің психикасымен жасалған белгілі «эскизді» әлемде өмір сүреді, оның өзінің «концепциясы» болады, адам өзі үшін дәл сол шетті, сол «терезені» ашады, ол оның тұлғалық табиғатына сәйкестендірілген болу керек. Жеке адамдар әлемге санадағы тесік арқылы қарайтындай, әркім өзінің санасы арқылы. Сондықтан да кез келген индивидуум өзінің қоршаған ортасын өзінше қабылдайды. Әсіресе әйгілі сусуретшілер мен музыканттар, ақындар мен өнертапқыштардың «санасыздағыны тесіп», терезелері ерекше болып келеді. Өзіндік тұлғаның «эскизі» шеті оның өзіндік санасын анықтайды. Экзистенциалистердің көзқарасына сәйкес өзіндік сана үздіксіз даму – көріну және пайда болу үстінде болады. Тұлғаның ішкі әлемін түсіну, ал керек жағдайда қайта қалыптастыру және реконструкция оның экзистенциалистік анализдің негізгі міндеті болып табылады.
Сонымен қатар бұл бағыттың өкілдері реалды шындықтың психикадағы объективті бейнесін талдамайды, олар тұлғаның кенеттен пайда болып индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін таңдайды.
Рух және тұлға бірлігі концепциясы, оның тамыры Платоннан алынған, персонализмнің философиясы мен психологиясы негізінде жатады. Персоналистер, оның негізін салушы – американдық философ Б.Бауэнадан (1847-1910) бастап, тұлғаны «надындивидуалды» субстанция деп есептейді, адамның тек қана физикалық дүниесіне емес, психикалық дүниесіне де нейтралды қарым – қатынаста. Танымайтын «тұлға ядросы» (бұл психиатрлардың қолданылатын термин персоналстерде де қабылданған) темперамент, мінез, қабілет «сфераларымен» қоршаған. Аурудың тұлғалық ерекшеліктерін күйзелісінің методологиялық негізгі іздеу барысында көптеген батыс еуропалық және америкалық дәрігерлер қазіргі таңда психоанализге, экзистенциализмге, персонализмге жүгінеді.
Психодинамикалық бағыттың өкілдері тұлғаны нақты өмір мен бейсананың күресі нәтижесінде анықтайды(З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг); гуманистік бағыт әр адам өз мүмкіндіктерін, өзін - өзі жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған деп сендіреді(К.Роджерс, А.Маслоу). психосоциалды даму теориясы(Э.Эриксон) тұлғаның ерекшеліктерін оның жас кризистерінен (жағымды немесе жағымсыз) басынан өткізуіне байланысты деп түсіндіріледі; сонымен адамның биологиялық және әлеуметтік дамуы түсіндіріледі.
Қазіргі медициналық психология өзінің қызу дамуында. Қызығушылық тек науқас адамның жүріс тұрысы мен дәрәгермен қармы қатынасын байланысты емес, әр түрлі ауруларды алдын алу, психологиялық профилактикасы, психигигиенаға байланысты сұрақтар қатысты.
Медициналық психологияның дамуына келесі пәндер үлкен әсер еткен – это психиатрия, неврология, нейрохирургия, психотерапия, эксперименталдық психология, тифлопсихология, сурдопсихология және т.б.
Медициналық психологияның мақсаты мен міндеттер психиатриялық, неврологиялық, соматикалық клиниканың қажеттіліктерімен анықталады.
Медициналық психологияның ортасында (пәні) – денсаулығына байланысты бейімделуі мен өзіндік жүзеге асыруында қиындықтарды бастан кешіретін адам. Бұл байланыстар екі жақты сипатта болады:
1) психиканың еркшеліктері адамның бейімделуіне әсер етіп, ауырсыну қалыптардың пайда болуына әкелетін қиыншылықтарды негіздейді (психосоматика, психикалық бұзылыста);
2) аурулар мен олардың салдары адамның психикалық бітіміне әсер етіп, дезадаптацияға әкеледі.
Клиникалық психологияда психодиагностика мен психологиялық көмек көрсету тек дифицитарлық емес, адамның сақтаулы аспектілеріне бағытталып, рухани дамуға деген қабілеттің, ауырсыну қалыптары мен дағдарыстық өмірлік жағдайларды женуге мүмкіндік беретін жаңа шығармашылық тәсілдерді тұдыруға жағдай жасайды.
Клиническкалық бағыт ересек адамдардың диагностикасы мен психологиялық көмек көрсету мәселелерін, балалардың тәрбиелеу мен білім беру саласындағы мәселелерін, қарт адамдардың еңбектік және әлеуметтік реабилитациясына байланысты және т.б мәселелерді шешуге көмектеседі.
Медициналық психологияның даму тарихы . Медико-психологиялық көзқарастардың пайда болу ғылымға дейінгі дәүірге байланысты. Гиппократ, ежелгі Элладаның ұлы дәрігір мен ойшылы, темпераменттің ерекшеліктері негізінде адамдардың жекедаралықтары алғаш сипаттаған. Гиппократтың аңтыа шынайы медико-психологиялық бағыттың этико-деонтологиялық негәзә болып табылады. Онтоғызыншы ғасырда организмге психикалық әсерледі зерттеуде француз ғалымдары өз үлесін қосқан, олар Бернгейм и Шарко, орыс дәрәгерлері - хурург Н.И. Пирогов, терапевт М.Я. Мудров, Г.А. Захарьин, В.А. Манассеин, С.П. Боткин және психиатрлар И.М. Балинский, С.С. Корсаков және т.б.
Медико-психологиялық білімдердің дамуына атақты орыс физилогтар И.М. Сеченов и И.П. Павлов үлкен үлес қосты. Атақты орыс психиатры В.М. Бехтерев Ресейде 1885 жылы алғашқы эксперименталдық-психологиялық лабораторины ашқан. Оның шәкірттері мен із басарлары (В.Н. Мясищев, М.М. Кабанов, А.Е. Личко, В.К. Мягер, Б.Д. Карвасарский және т.б. медициналық психологияның дамуында жаңа кезеңнің қалаушылары болып табылады.
Медициналық психологияның пәні мен құрылымы
Медициналық психология – психология мен медицина арасында пайда болған қазіргі кезде дамып келетін психологияның саласы. Оның мәліметтерінің психология мен медицина үшін теориялық және қолданбалы маңызы бар. Сондықтан оны қолданбалы салаларға жатқызуға болады.
Медициналық психология психологиялық білім болап қалып, оның перспективаларын мен жетістіктерін жалпы психологияның дамуы мен қалпынан айырып қарауға болмайды.
Медициналық психологияның бірнеше анықтамалары бар. Ғалымдардың көпшілігі оны психология ғылымының бөлігі деп қарастырады, бірақ оны медицинанын бір бөлігі екенін естен шығаруға болмайды. Медициналық психологияның пәні науқастың психиккалық іс әрекетінің ерекшеліктері және олардың ауруды патогенетикалық пен дифференциалдық диагностикалауда, емдік шараларды тиімдету мен алдын алудағы мәні болып табылады.
Медициналық психологияны екіге бөліп қарауға болады: жалпы және нақты (арнайы).
Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері:
Медициналық психологияның бөлімдері: патопсихология, нейропсихология, психосоматика, психотерапия және психокоррекция.
Патопсихология – психологии, психопатологии және психиатрия арасында пайда болған бағыт. оның негізін салған Б.В.Зейгарник.
Нейропсихология психологии, неврологии және нейрохирургия арасында пайда болған бағыт, негізін салған – атақты невролог және психолог А.Р.Лурия.
Психосоматика – соматикалық аурулардың пайда болуы мен динамикасына психологиялық факторлардың әсерін зерттейтін медициналық психологияның бағыты.
Психотерапия адамның психикасына емдеу мен денсаулығын сақтау мақсатымен тиімді әсер етуді қарастыратын бағыт.
Медициналық психологтардың іс әрекетінің негізгі аспектілері
Медициналық психологтардың жұмысы адамдардың өмірлік және кәсіби мәселелерін шешуде психологиялық көмек көрсетудің әдістерін іздеу жолдары мен өндеуге бағытталады. Медициналық психологияның негізгі әдістеріне психодиагностиканы, психотерапияны, психокоррекцияны, психологиялық кенес беру мен дамытушы психологиялық жұмысты жатқызуға болады.
Таяудан ғана медициналық мекемелерде психологтар жұмыс істей бастады. Олардың іс-әрекетінің негізгі аспектілеріне диагностикалық процесіне қатысып, психологиялық зерттеулердің нәтижелерін әртүрлі аурулардың механизмдерінде, даму барысында, компенсациясы мен декомпенсациясында психологиялық фактордың ролін анықтау үшін қолдану жатады.
Медициналық психологтың іс-әрекетіне соттық-психологиялық сараптауға эксперт ретінде қатысуы өте маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, денсаулық саласында еңбек ететін психолгтар психотерапиялық жоспардың міндеттерін шешуде. Бұған әртүрлі терапияларды өткізу, суицидтік әрекеттер жасаған адамдар мен тренинигтер өткізу,шекаралық қалыптармен жұмыстың әртүрлі варианттары
Қазіргі кезде медициналық психология психокоррекциға бағытталған. Писхокоррекцияны өткізу үшін психологиялық нұсқауларды негіздеу жасалады (мысалы, невроздарды, маскүнемдікті емдеу барысында). Бірақ, психокоррекциялық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ол науқастың психикалық қалпын терең зерттеу мен квалификациясына негізделу керек..
Медициналық психологияда психологиялық диагностика
Психологиялық зерттеудің әдістерін келесі топтарға бөледі:
Түйсуінуді зерттеу әдістері
Қабылдаужы зерттеу әдістері
Психикалық процестердің уақытын өлшеуге арналған әдістер
Қайта құруды талдау әдістері
Қарапайым қайта құрулар
Күрделі қайта құрулар
Күрделі психикалық актілерді талдау әдістері
Психологиялық эксперимент алдында дефектінің құрылымын, науқастын психикалық бұзылыстарының деңгейін, оның интеллектуалдық төмендеуін және т.б. талдау міндеттері қойылады
“Норма” және “патология” мәселелері
Медицинадағы норма және патология ұғымдары.
Норма - медицина және биология саласындағы қиын ұғымдардың бірі. Бұл ұғымға барлық ғылымда қабылданған ортақ түсініктеме берілмеген. Шартты түрдеғ медицинада норма деп алынған көрсеткіштерді және оның санын атауға болады. Норма сөзін сипаттау үшін қазіргі таңда көбіне математикалық статистика мен одан шыққан көрсеткіштерді атайды. Дегенмен, статистикалық әдістер тек ортақ мәнді ғана көрсете алады. «Дені сау» деп есептелетін адамдар тобын зерттеуде кеңінен қолдануға болады. Мысалы, «норма» бойдың ұзындығы мен дене массасын өлшеу жағдайында және т.б. Норма жайында түсініктер медицина саласында философиялық ойлардан бастау алады. Мұны алғаш В.Гегель ұсынған болатын. Медицина және биологиядағы норма философиялық түсінікке жақын деуге болады. Медицина саласында норма тарихи өзгермелі болып келеді. Әртүрлі уақыттарда әртүрлі параметрлерге ие болды. Мысалы, антикалық дәуірдегі адамдардың дене бітімі идеалды болған. Орта ғасырларда олар толық дене бітімінде болған. Мұның себебі әр дәуірдегі тамақтану әртүрлі болған. Ал қазіргі таңда, норма деп патологияның болмауын айтады. Дегенмен, адам денсаулығында норма белгілері аз. Яғни, әрбір ауру үшін бірнеше белгілер бар, ал олар норма болып есептелмейді. Олар сапасы мен саны жағынан жақсы зерттелген. Бұл ережеден тыс тек психикалық аурулар болуы мүмкін.
Патология – бұл әртүрлі ауру процестеріне тән ортақ белгілерді зерттейтін медицина саласының бір бөлігі. Мысалы, қабыну, дистрофия, регенерация және басқа да аурулар. Сондай-ақ, нормадан бөлек кез-келген ауытқу патология деп аталады. Сонымен қатар, жасырын патология да болады. Мысалы, анық емес асқазан рагының бастапқы стадиясы. Яғни, норманың белгілерін анықтау үшін оның сандық және сапалық сипаттамаларын зерттеу маңызды болып табылады. Норма және патология диагностикасы жалпы медицинада анатомо-физиологиялық ағзалардың жағдайының сәйкестілігімен анықталады.
Психологиядағы норма және патология ұғымдары.
Қазіргі таңда норма ұғымының ортақ анықтамасы мен түсінігі қалыптаспаған.
Алғаш норма ұғымы психология саласында психопатологияда бастау алады. Норма және патология мәселесін ең алғаш З.Фрейдтің психоанализінде қарала бастады. «Норма» және «патология» ұғымдарының дамуына әлеуметтік-психологиялық әдістер көп әсер етті. Нәтижесінде «норма» және «патология» түсініктері мәдениетпен тығыз байланыста екендігі анықталды. Яғни, бұл түсініктер адам өмір сүретін жағдайға тікелей байланысты.
1908 жылы Ганнушкиннің «Постановка вопроса о границах душевного здоровья» деп аталатын статьясы шықты. Бұл статьяда Ганнушкин норма және патология ұғымдарының арасына қандайда бір айырмашылық пен сызықтар қоюға болмайды, себебі сау болу мен науқастанудың арасында өте көп сатылар бар деді.
Қазіргі таңда Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы «норма» ұғымының келесі анықтамасын ұсынуда: «Норма» - бұл этикалық стандарт, мінез-құлық моделі.
Қазіргі ғылымда «норма» ұғымын түсінудің бірнеше подходтары бар:
Статистикалық подход. Мысалы:
МКБ10 – ақыл-ой кемістігін білдіретін баға, IQ;
20-дан төмен – терең ақыл-ой кемістігі;
20-34 – байқалатын ақыл-ой кемістігі;
35-49 – бірқалыпты ақыл-ой кемістігі;
50-70 – жеңіл ақыл-ой кемістігі;
71-84 – нормаға жақын ақыл-ой кемістігі;
85-114 – норма;
115-124 – нормадан жоғары интеллект;
125-134 – жоғары интеллект;
135 және жоғары – данышпан;