Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ Медицинская_психология_сессия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Ілешева Р.Г. Медициналық психология. Алматы, 1994.

2. ІлешеваР.Г. Психиатрия. Алматы,1995.

3. Құдиярова Г.А. Психиатрия. Алматы, 1994

4. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998

5.Братусь Б.С. "Аномалии личности", М., 1990

6. Зейгарник Б.В. "Патопсихология",М., 1987

7. Каннабих Ю. "История психиатрии". М.,1992.

8. Лебединский М.С. "Нарушения психического развития у детей", М. 1985

9. Лурия А.Р. "Основы нейропсихологии", М., 1973

10. Личко А. Е. "Психопатии и акцентуации характера у подростков", М. 1986

11.Николаева В.В. "Влияние хронической болезни на психику". М., 1987.

12.Сапарова И.А. "Психология переживания болезни". А., 1997.

13.Рубинштейн С..Я. "Экспериментальные методики патопсихологии" М., 1970

14. Фуко М. "История безумия в классическую эпоху". М.,1997.

15. Хомская Е.Д. "Нейропсихология", М. 1990

16. Хрестоматия по медицинской психологии. Составитель Сапарова И.А. А., 2004

Қосымша:

1. Захаров А.И. "Неврозы у детей и подростков". Л.,1989.

2. Лэнг Р. "Расколотое Я", М. 1996

3. Мясищев В.Н. "Личность и неврозы". Л.,1960.

4.Пезешкиан Н. "Психосоматика и позитивная психотерапия".М.,1996.

5. Поляков Ю.Ф. "Патология познавательной деятельности при шизофрении" М. 1986

6.Рубинштейн С.Я. "Психология умственно отсталого школьника", М. 1985

7. Спиваковская А.С. "Нарушения игровой деятельности и ее коррекция". М 1990

8. Тополянский В.Д., Струковская М.В. "Психосоматические расстройства." М.,1986.

9. Цветкова Л.С. "Восстановительное обучение при локальных поражениях мозга". М.,1982.

Глоссарий.

АБСАНС – қысқа мерзімге санадан айырылу (бір немесе бірнеше секундт).

АБУЛИЯ – (грек сөзінен ауд. “абулия ”— батылсыздық, ерік жігердің болмауы) патологиялық әлсіздік, ниеттің жоғалуы, айналада болып жатқан өзгерістерге қатыспай, қарым-қатынастардан бас тарту.

АГГРАВАЦИЯ — (латын сөзінен ауд. “аггравария” — қиын жасау) науқастар өздерінің ауру жағдайларын саналы түрде қиындатуы.

АГНОЗИЯ — (грек сөзінен ауд.“гнозис” — “тану”) қабылдаудың бұзылуы.

Агорафобия — үлкен алаңда ашық кеңістіктен қорқу.

АГРАФИЯ — (грек. сөзінен ауд. “графо” — “жазу”) жазу қабілетінің бұзылуы.

АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ — (грек. сөзінен ауд. “агрессио” — “бас салу”) адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субьектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесекүш қолдануға тырысуымен сипатталады.

АДАПТАЦИЯ — қоршаған ортаның жаңа шарттарына бейімделу.

АДЕКВАТТЫЛЫҚ — (латын сөзінен ауд. “адекватус” — “теңесу”) — тітіркендіргіштерге реакцияның сәйкес келуі.

АЖИТАЦИЯ — қатты қобалжу және қозу.

АКАЛЬКУЛИЯ — (латын сөзінен ауд. “калькуло” — “санау”) — санау операциясын орындау мүмкін еместігі.

АКИНЕЗИЯ — (грек. сөзінен ауд. “қимылсыздық”) қимыл-қозғалыс қызметінің жеткіліксіздігі немесе бұзылуы.

АКОАЗМА — есту иллюзиясы шум, ұру, дүрс ету, ысылдау түрінде.

АЛЕКСИЯ — бас ми зақымдануы салдарынан оқу қабілетін жоғалту.

АМИМИЯ — жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан мимикалық реакциялардың болмауы немесе төмендеуі.

АМНЕЗИЯ — естің жоғалуы.

АНАМНЕЗ — қандайда бір патологиялық жағдайлардың немесе аурудың пайда болуына ықпал етуші факторлар туралы әңгімелесу процесінде мәліметтерді жинау.

АНЕРГИЯ — белсенділіктің болмауы (психикалық, қимыл-қозғалысты, сөйлеу)

АНЕСТЕЗИЯ — сезгіштіктің жоғалуы.

АНОРЕКСИЯ — аштық (тағамнан негізсіз бас тарту) арықтауға алып келетін психикалық бұзылу.

АПАТИЯ — белсенсіздік және қоршаған ортаға немқұрайлы қараумен сипатталатын, шаршау, стресс, фрустрация сезімдерін тудыратын психикалық күй.

АПРАКСИЯ — (грек. сөзінен ауд. “апараксия”— “әрекетсіздік”) мақсатты әрекет жасауға деген қабілеттің бұзылуы.

АУТИЗМ — (грек. сөзінен ауд. “ауто”— “өз-өзіне кету”) бұл тұйықтық, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуге ниеттің болмауы, өзінің күйзелістеріне беріліп ькету, психологиялық шеттелу формасы.

АУТОТРЕНИНГ — стресті жағдайларды шығару үшін, жүйке жүйесін нығайтуға апаратын физикалық және психологиялық жаттығулар негізінде жасалатын өзіе-өзі сендіру әдісі.

АСТЕНИЯ — (грек. Аstheneia — дәрменсіздік, әлсіздік) — өте қатты шаршап шалдығу. Жадап-жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезіндегі байқалатын жүйкелік-психологиялық әлсіздік.

АУТОГИПНОЗ (грек. Autos — өзім, hupnos — түс) — өзге адмның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға қарама – қарсы — адамның өзін-өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. А. қазіргі уақытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады.

АМНЕСТИКАЛЫҚ АФАЗИЯ — қайта жаңғырту және сөздерді тану қабілетінің бұзылуы.

АФФЕКТ — (лат.— affectus жан толқынысы, құмарлық) — адмның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі(долдану,үрейі ұшу, торығу,т.б.) сананың тарылу немесе өшуімен байланысты күшті қысқа мерзімді эмоциональды күйзеліс.

АУЫРСЫНУ — адекватты емес тітіркендіргіштерге организмнің қорғаныс реакциясы.

БАҒДАРЛАУ (ОРИЕНТАЦИЯ) — алдағы әрекеттің бағытын , мөлшерін сезім және ой жүгірту арқылы анықтау.

САНДЫРАҚ — бас мидың зақымдануы салдарынан немесе ауруға байланысты санасыз, ойланбай сөйлеу.

Валидтілік — диагностиканың нәтижелілігі, дәлдігі.

ИЛАНУШЫЛЫҚ — кімнің болса да нұсқауларын қабылдау және соған тәуелді болу. Өзін-өзі төмен бағалайды, өзіне сенімсіз және мынадай мінез сапалар сенгіштік, ұялашақтық , именшектік, иланушылықтың одан әрі өршуіне ықпал етеді.

ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ — (лат. hallucinatio — сандырақ, көріну) организмнің ауру жағдайы нәтижесінде шындықтың бұрмаланып қабылдануы.

ГЕРОНТОЛОГИЯ (грек. geren(gerontos — қарт және ... логия) — қартаю рпоцесін және қарт адамдарды зерттеу. Бұл салада өмірдің физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық, экономикалық және т.б. жақтары қарастырылады.

ГИПОБУЛИЯ — ерік белсенділігінің төмендеуі.

ГИПОЕСТЕЗИИ — сезгіштіетің төмендеуі.

ГИПОМНЕЗИЯ — есте сақтаудың төмендеуі.

ГИПНОЛЕПСИЯ — әлсін-әлсін болатын ұйқы ұстамасы.

ГИПОТИМИЯ — көңіл-күйдің төмен болуы, бақытсыз, физикалық ауыр, жабырқау сезіну.

ГИПСОФОБИЯ — биіктіктен қорқу.

ГЕНОТИП — (грек. сөзінен ауд. “геннус” — “жан” және “типос”—“пішін,үлгі”) — гендердің жиынтығы.

ГИПНОЗ — (грек.hupnos — ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырлануымен сипатталады. Адам психикасына, оның санасын өшіру негізінде мақсатты түрде әсер ету және психикалық жағдайлары мен процесстерін басқару.

ГИПНАБЕЛЬДІЛІК — гипноз әсеріне тез берілетін жүйке жүйесі қасиеті.

ГИПЕРБУЛИЯ — жоғарғы ерік белсенділігі.

ГИПЕРЕСТЕЗИЯ — жоғары сезгіштік.

ГИПЕРКИНЕЗИЯ — жоғарғы моторлы қозу.

ГИПЕСТЕЗИЯ — тері сезгіштігінің төмендеуі.

ДЕБИЛЬДІЛІК — ақыл –ой дамуы артта қалуының жеңіл түрі.

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ — (латын сөзінен ауд. “девиацио” — “ауытқу”) қоғамның қабылданған адамгершілік нормаларымен келіспейтін адамның жүріс-тұрысындағы қылықтар мен іс-әрекеттері.

ДЕГРАДАЦИЯ — тұлғаның кері регрессивті дамуы.

ДЕМЕФОБИЯ — толпадан қорқу.

ДЕЛИРИЯ — сананың көмескіленуі, әдетте кешке қарай бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін.

СЕНДІРУ, ҰЙЫТУ(ВНУШЕНИЕ) — адамның психикалық сферасына, оның санасына қажетті психологиялық бағдарды қалыптастыру мақсатында әсер ету процессі.

ҚОЗУ (ВОЗБУЖДЕНИЕ) — әдеттегі тіркендіргішке қарағанда организмге белсенді әрі өте күшті реакция қайтару.

ДЕМЕНЦИЯ — жүре пайда болатын тұлға деградация салдарынан болған ақылдың азаюы.

ДЕОНТОЛОГИЯ — медицина қызметкерлерінің парызы туралы ғылым., аурудың құпиясын сақтайды, “зиян келтірмеу” принципін ұстанады.

ДЕПРЕССИЯ — қоршаған ортаға деген қызығушылықтың төмендеуі және қимыл-қозғалыстың әлсізденуі арқылы көрінетін басылып қалған эмоционалды қалып.

ДЕРЕАЛИЗАЦИЯ — аурулар барлығын бұрмалап қабылдайды, қоршаған орта жағдайындағы нақты өзгерістерді олар анықтай алмайды.

ДЕСТРУКТИВИЗМ — дағдылы стереотиптердің бұзылуында бірінші болуға агрессивтілікпен ұмтылудан көрінетін мінез-құлық.

ДИДАКТОГЕНИЯ — комплекстер мен невроздық бұзылыстардың пайда болуына мүмкіндік туғызатын тәрбиелеудің бара-бар емес әдістері.

ДИСГВЕЗИЯ — бара-бар емес дәм түйсігі.

ДИСКОМФОРТ — жағымсыз эмоцияларды сезінумен байланысты болатын мазасыздық пен қанағаттанбаушылық күйі.

ДИСМНЕЗИЯ — есте сақтау қабілетінің төмендеуі, естің нашарлауы.

ДИССИМУЛЯЦИЯ — аурудың жекелеген симптомдарының жасырынуы.

ДИССОМАТОНОЗОГНОЗИЯ — аурудың бар екені мен аурудың патологиялық симптомдарының көріну мәнділігі жайлы ойлардың санадан ығыстырылуы.

ДИСТИМИЯ — көңіл-күй мен құмарлықтың төмендеуі, жағымсыз эмоциялардың пайда болуы.

ДИСФОНИЯ — дауыстың қарлығып және дірілдеп әлсіз шығуынан байқалатын сөйлеудің бұзылуы.

ДИСФОРИЯ — (грек.dysphorreo- ашыулымын) – көңіл-күйдің бұзылуы. Әдетте, мазасыздыққа, алаңдаушылыққа, күйзеліске байланысты қолданылады.

ДИСФУНКЦИЯ — мүшенің немесе жүйенің қандай да бір қызметінің бұзылуы.

ДОМИНАНТА — бас миы қабығында үстемдік ететін қозу ошағы.

ТЕЖЕЛУ — стресс, қайғы, апатиялар немесе денсаулықтың бұзылу нәтижесінде психикалық процесстер мен реакциялардың өту жылдамдығының бәсеңдеуі.

ҚОРҒАНЫС МЕХАНИЗМІ — өзін-өзі сақтауға бағытталған санасыз әрекеттер.

ЗООФИЛИЯ — жануарларға деген жыныстық құмарлық.

ИДИОТИЯ — олигофренияның біршама ауыр формасы, танымдық іс-әрекетке (когнитивті) және тіпті қарапайым дағдыларды дамытуға қабілеттіліктің жоқтығымен сипатталатын туа біткен психикалық жетіспеушілік.

НЕГАТИВИЗМ — (БОЙКҮЙЕЗДІК лат. negativusжоққа шығарамын) — айтқан ақыл-кеңеске құлақ аспай, өз бетінше жүріп-тұрудан көрінетін мінездің жағымсыз жағы.