Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК БИОМЕХАНИКА каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
529.96 Кб
Скачать

2.4 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары

1-шi тәжірибелік жұмыс

Адамның басына түсетін соққы әсерін есептеу.

Жұмыстың мақсаты:

Адамның басына түсетін екпiндi жүктемелердiң ықпалын зерттеу.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас жарақаты әр түрлі болады: оқ тіген, кесілген, шаншылған, шабылған, тістелген, скальптелген және т.б. Бас жарақаты ашық және жабық болып бөлінеді, терең және онша терең кірмейтін, доғал және тесіп өтетін, жалғыз және көптеген, аралас болуы мүмкін.

Жұмыстың орындалу ретi

Бас сүйектің жабық зақымдануларын негізгі екі топқа бөледі:

1. Сүйектер зақымданбаған – мидың шайқалуы, мидың жаншылуы және бас сүйек ішінде гематомалар қалыптасатын (эпидуральды, субдуральды, ми ішіндегі, қарынша ішіндегі ), субарахнойдальды қан құюлулары жатады.

2. Сүйектердің зақымдануы, соның ішінде тұйық сүйектен басталып, бас сүйектің жан жағына таралатын мидың базальды бөліктерінің, бағанасының, болмаса жаншылған немесе жарықшақтана сынған жердегі, сондай-ақ қашықтағы, соққыға қарсы жер тұсындағы мидың үстіңгі қабатының контузиясы қабаттаса жүретін бас сүйектің көптеген жарықшақтары жатады.

Мидың шайқалуы кезінде мидың қызметі уақытша өзгереді ешқандай органикалық өзгерістер болмайды, аздаған гематомалар, мидың ісуі пайда болады.

Мидың жаншылуы ауыр жарақатқа жатады, мидың бір бөлігі жаншылады, ісіді, қанталайды. Аурудың белгісі – мидың қай бөлігі жаншылуына байланысты. Зардап шегуші ес-тусінен айрылады, ұмытшақтық (амнезия) байқалады, кейде көзі көрмей, құлағы естімей қалады, орталық жүйке тамырлары зақымдалады, сондықтан сырқаттың жарақаттан қарама қарсы жағы тартылып, аяқ-қолы сал тартады.

Мидың қысылуы миға қанның құйылуларына байланысты. Зардап шегушінің жағдайы қанның аққан мөлшеріне, ұзақтығына, мидың қан құйылатын бөлшегіне байланысты. Мидың қысылуы ауыр жарақатқа жатады. Аурудың белгісі ес-түсінен айрылады, қарама қарсы жағында аяқ-қолы тартылады, жансызданады, сал тартады, ауыр жағдайда сырқат мүгедек болып қалады.

Бас сүйек пен мидың ашық зақымданулары – снарядтар мен оқ тию, пышақтар, балталар, қылыштар салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл болған жарақаттар көбіне үлкендігі мен түрі әр түрлі: жыртылған, сұғылған, соғылған болады. Мұндай жағдайда тек жұмсақ ұлпалар ғана емес, сонымен қоса сүйектер, ми қабықтары және ми зақымдалады. Кесілген, сұғылған және скальптелген жарақаттар өте сирек кезігеді. Бас сүйек пен мидың оқ тиюден болатын жарақаттарының сипаттары да әр түрлі: жарықшақтық және оқ тиген (шарикті, жебе тәрізді, жабық, жырып кеткен, тесіп өткен және шоршып тиген тәрізді).

Бұлар өздерінің орналасқан жағынан күмбездің бас сүйек түбінің жарақаттары, оңнан да солдан да пайда болуы, жалғыз-жарым, көптеген, басқа мүшелер мен жүйелерді зақымдаған, аралас, құрама және басқа жарақаттар болуы мүмкін.

Негiзгi әдебиет: 1[11-20]

Қосымша әдебиет:2[6-8]

Бақылау сұрақтары:

  1. Екпiндi жүктемелердiң қауiп-қатерлік деңгейiн бағалау не үшiн қажет?

  2. Бас сүйектерінің қосылу қасиеттері.

  3. Бас сүйектерінің берiктік және серпiмдiлік сипаттамалары.

2-шi тәжірибелік жұмыс

Жасанды жүрек биомеханикасының мәселелері.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Жасанды жүректi (ЖЖ) жасаудың мәселелерімен танысу.

  2. Жасанды жүректi (ЖЖ) жасаудың негізгі жолдарымен танысу.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі —қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Жұмыстың орындалу ретi

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды.

Негiзгi әдебиет: 1[75-85]

Қосымша әдебиет:2 [6-58], 2[65-78]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жасанды жүректi жасаудың қажеттiлiктері.

  2. Жасанды жүректi жасаудағы негiзгi мәселелер.

  3. Жасанды жүректiң негiзгi сипаттамалары.

3-шi тәжірибелік жұмыс

Электр кардиостимуляторларының электродтары.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Жүректiң электростимуляциясын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.

  2. Электр кардиостимуляторларды қолданудың әдiстерiн игеру.

  3. Электр кардиостимуляторларды жасауды зерттеудің әдістерін игеру.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі —қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Жұмыстың орындалу ретi

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Құлақша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады. адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың.

Негiзгi әдебиет: 1[118-119, 131]

Қосымша әдебиет: 2[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

  1. Электростимуляторларды қолданудың қажеттiлiктері.

  2. Стимуляцияның түрлерi.

  3. Электростимуляторларды жасауда қолданылатын материалдар.

4-шi тәжірибелік жұмыс

Жасанды қан айналдыру аппараттары.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Жасанды қан айналдыру аппараттарын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.

  2. Жасанды қан айналдыру аппараттарын қолданудың әдiстерiн игеру.

  3. Жасанды қан айналдыру аппараттарын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Ересек адам организмінде шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі клетка аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

Жұмыстың орындалу ретi

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі организм үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.

Қан келесі қызмет атқарады:

  1. асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

  2. бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдері шығарады;

  3. тыныс алу - өкпе мен ұлпалардыңарасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

  4. регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді)

  5. қорғаыш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады.

  6. терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.

Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі.

Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды.

Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін.

Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.

Негiзгi әдебиет: 1[118-119, 131]

Қосымша әдебиет: 2[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жасанды қан айналдыру аппараттарын қолданудың қажеттiлiктері.

  2. Жасанды қан айналдыру аппараттарына қойылатын негiзгi талаптар.

  3. Жасанды қан айналдыру аппараттарының негізгі сипаттамалары.

5-шi тәжірибелік жұмыс

Буындар және сiңiрлер эндопротездерiндегi

композиттер мен полимерлер.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Буындар және сiңiрлерге эндопротездерді қолданудың негiзгi мәселелерімен танысу.

  2. Буындар және сiңiрлердiң эндопротездерiн жасаудың әдiстерiн игеру.

  3. Буындар және сiңiрлердiң эндопротездерiн жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Ортан жіліктің мойны мен басын металл протезге ауыстыру. Жамбас сүйегіне керамикадан немесе полиэтиленнен жасалған буын беті қойылады, ал ортан жілікке аяқшасы ұзын мойнында шар тәрізді басы бар бөлігі салынады. Шар тәрізді басы да керамикадан жасалады. Протездің басы тегіс болады, сонда ортан жілікке арнайы цементпен бекітіледі, сонымен қатар өздігінен цементсіз бітісіп кету үшін бос қалдырылады. Цементсіз түрі кәрі науқастарға тиімсіз, өйткені негізгі асқынуы – ятрогенді остеомиелит болады.

Жұмыстың орындалу ретi

Операцияға көрсеткіш болғанда таңдау ретінде буындардың эндопротездеуі қолданылады. Қазіргі кезде жамбас және тізе буындарының эндопротездері жасалынып кеңінен қолданылады. Остеопороз кезінде эндопротездеу цементті бекітпелермен жасалынады. Кейінгі консервативті ем операция жасалған науқастардың реабилитация ұзақтығын қысқартуға және емнің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Аяқ – қолдарды протездеу кезінде ең бірінші культия жағдайын, науқастың жалпы жағдайын, оның мамандығын және еңбекке жарамдығын есепке алады.Протездеу мүмкіндігі культияның ауырсынусыз болуымен, пішінімен, жабыспаған тыртықпен, буынның жақсы қозғалысымен анықталады.Протездеу жетістігі негізінен культия жағдайына және протездің дайындалу сапасына байланысты болады. Науқас ағзасының, сонымен қатар кесілген аяқ-қолдардың протезге үйрену мүмкіндігін есепке ала отырырып, алғашқы бірінші,екінші айларда аяққа ампутация жасар алдында протезбен жаттығу жұмыстарын жүргізу қажет. Протездердің қабылдағыш гильзаларын металдан (дюралюминий), ағаштан, теріден, терімен, соңғы жылдары пластикалық материалдардан да жасап жүр.

Ампутация дәрежесіне байланысты табан, балтыр, сан және сан бөлшектенуінен кейінгі протездеу болып бөлінеді. Табанның алдыңғы бөлігінің ампутациясынан кейін (Лисфранк, Шопар бойынша) ортопедиялық аяқ киім тағайындайды.

Өкше сүйегінің және ілгек тәрізді культияның сақталуымен Пирагов бойынша ампутациядан кейінгі культияны протездеу, оның төзімділігіне қарамастан протезді таңдау бірталай қиынға соғады, себебі ілгек тәрізді культя протездеуге қиындықтар туғызады.Жиі мұндай жағдайда протездің қабылдағыш гильзасын полиэфирден жасайды.

Аса назар аударуды қажет ететін протездеудің жиі кездесетін түрі.Себебі жұмсақ індердің аз болуы, үлкен жіліншіктің алдыңғы беткейіндегі сүйектік шығынқылар, жиі трофикалық бұзылыстар, протездеуді қиындатып, протездің дәл келуін талап етеді. Балтыр протезінің дәл келуі ушін бірнеше талаптар қойылады:

  • Культяның қабылдағыш гильзаға толық сәйкес келуі;

  • Барлық сүйек шығынқыларын есепке ала отырып, гильза қабырғаларына жүктеменің біркелкі түсуі;

  • Культяның жүктеме сызығының оның осіне сәйкес келуі;

  • Протез шарнирінің тізе буының бұралу орталығымен байланысты;

  • Тізе және балтыр табан буындарының осьтері проекцияларының дұрыстығы.

Балтырдың шина-терілік, ағаштық, металл, пластмас протездері кең тараған. Балтырдың шина-терілік протезі ортан жілікке,балтырға, табанға арналған гильзалардан құралған. Протездің кемшілігі – ауыр болуы және деформацияның пайда болу мүмкіншілігі. Ағаш протездерде балтыр гильзасы культяға арнайы дәлме-дәл етіп жасалынған.Қатты гильзалары бар балтыр протездері балтыр-табан шарнирінен, резеңке немесе полиуретанды табан және ортан жілікке арналған тері гильзадан тұрады. Балтыр культясына арнап жасалған протез дұрыс әрі дәлме-дәл болса протездеудің қолайлы нәтижелерін көруге болады.

Негiзгi әдебиет: 1[349-352], 4[155-172], 5[92-110]

Қосымша әдебиет:2[73-80]

Бақылау сұрақтары:

  1. Буындар және сiңiрлерге эндопротездерді қолданудың қажеттiлiктері.

  2. Буындар және сiңiрлерге эндопротездерді қолдануда қойылатын негiзгi талаптар.

  3. Буындар және сiңiрлерге қолданылатын эндопротездердің негiзгi сипаттамалары.

6-шы тәжірибелік жұмыс

Офтальмологиядағы полимерлер.

  1. Офтальмологияда полимерлердi қолданудың негiзгi мәселелерімен танысу.

  2. Офтальмологияда полимерлердi қолданудың әдiстерiнiң игеруi.

  3. Офтальмологияда полимерлердi қолдануды зерттеу әдістерін игеру.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

1.Көз алмасының жеке бөлімдері мен оның қызметі 

2.Тор қабықтың құрылысы

3.Көз ұясының құрылысы 

4.Қабақтардың, конъюктива мен жас ағзаларының ерекшелігі мен қызметі

5. Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі

Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады.

Жұмыстың орындалу ретi

1.Көз алмасының жеке бөлімдері мен оның қызметі 

2.Тор қабықтың құрылысы

3.Көз ұясының құрылысы 

4. Қабақтардың, конъюктива мен жас ағзаларының ерекшелігі мен қызметі

5. Көз ағзасының қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі

Көз алмасы – бұл жұп мүше, бас сүйектегі көз шарасында орналасады. Көз алмасы сыртқы немесе фиброзды, ортаңғы немесе тамырлы, ішкі немесе торлы деп аталатын үш қабықтан тұрады. Бұл қабықтар көздің ішкі мөлдір құрылыстарын қоршап тұрады.

Көздің сыртқы қабығы фиброздық қабық деп аталады. Екіге бөлінеді: қасаң және ақ қабық. 

Қасаң қабық – мөлдір, тегіс, жылтыр, сфералы, тамырсыз, аса сезгіштік, оптикалық гомогенділігімен ерекшелінеді. Қасаң қабық жарық сәулелерін сындыруға қатысады, көздегі өте күшті оптикалық орта болып саналады. 5 қабатты ажыратамыз: 

1-алдыңғы эпителий; 2-алдыңғы шекаралық пластинка; 3-меншікті зат; 4-артқы шекаралық пластинка; 5-артқы эпителий. Қасаң қабықта қантамырлары мүлдем жоқ, тек қана лимбтің беткейлік қабаттары қасаң қабық маңылық қантамырлар өрімінен және лимфалық тамырлармен жабдықталған. Қасаң қабықтың сезгіштігін үшкіл нерв жүзеге асырады. Үшкіл нерв пен беттік нервтер құрамында қоректендіру талшықтары да бар. Зат алмасу құбылыстарын реттеп тұруға симпатикалық нерв жүйесі де қатысады. Қасаң қабықта 80-ге жуық түрлі нерв талшықтары бар. 

Ақ қабық (sclera) – көз алмасының коллагендік және созылғыш талшықтарынан тұрады. Ақ қабық өзінің басты массасын құрайтын меншікті заттан, оның үстіңгі беткейлік жұқа пластинкасы мен ішкі қоңыр түсті пластинкаларынан тұрады. Талшықтар ретсіз, батысып, шырмалып жатқандықтан ақ қабық мөлдір болмайды. Жаңа туған балаларда ересектерге қарағанда ақ қабық созылғыштау және жұқарақ болғандықтан ішкі пигментті қабықтың түсі оны көгілдірлеу етіп көрсетеді. Шынында ақ қабықтың өзінің қан тамырлары аз, бірақ та тамырлы қабық қантамырлары осы склера арқылы өтеді. Ақ қабықтың алдыңғы бөлігін тесіп өтетін қантамырлар тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігіне бағыт алады. Ақ қабықтың артқы бөлігі қантамырларға байырақ. Ақ қабықтың барлық үш қабатында да оның қантамырлары өзара жалғасып байланысқан. Үшкіл нервтің көздік тармағының кірпіктік талшықтары ақ қабықтың сезгіштігін қамтамасыз етеді. Симпатикалық талшықтарды ол мойынның жоғарғы симпатикалық түйінінен алады. Көз алмасының жан-жаққа қозғалуын қамтамасыз ететін сыртқы 4 тік және 2 қисық бұлшықеттердің тарамыстары ақ қабыққа жабысып бірігеді. 

Көздің ортаңғы қабығы тамырлы қабық деп аталады. Ол шатыраш қабық, цилиарлы дене, меншікті тамырлар қабығы – хориоидея болып үш бөлімге бөлінеді.

Негiзгi әдебиет: 1[345-346], 4[242-247], 5[111-118]

Қосымша әдебиет: 2[56-61]

Бақылау сұрақтары:

  1. Офтальмологияда полимерлердi қолданудың қажеттiлiктері.

  2. Офтальмологияда полимерлердi қолданудағы негiзгi талаптар.

  3. Офтальмологияда қолданыстағы полимерлердiң негiзгi сипаттамалары.

7-шi тәжірибелік жұмыс

Қосалқы бауыр және диализаторлардың биомеханикасы.

Жұмыстың мақсаты:

  1. Қосалқы бауыр аппаратын және диализаторды қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.

  2. Қосалқы бауыр аппаратын және диализаторды қолданудың негiзгi әдiстерiн игеру.

  3. Қосалқы бауыр аппаратын және диализаторды жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.

Қысқаша теориялық мәлiметтер мен әдістемелік ұсыныстар

Адам, жан-жануарлар ағзасындағы бауыр (hepar) – ең үлкен ас қорыту безі болып саналады. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту, қоректі сіңіру, өзіне май, көмірсу жинау қызметін атқарады.Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр – ұйқы безі деп те атай береді. Негізінен, омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр – күрделі орган.

Жұмыстың орындалу ретi

Бауыр адам ағзасында зат алмасу үдерісіне қатысады, онда ас қорыту сөлдерінің бірі — өт түзіледі. Ересек адамдардағы бауырдың орташа салмағы 1,5-2 килограмм болады. Бауыр іш қуысының оң жағында. Бауырдың көк етке жанасып жатқан жоғары дөңес, төменгі ішкі беттері бар. Олар бауырды үлкен оң, кіші сол бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасындағы көлденең ойық-бауыр қақпасы деп аталады. Сол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтіп тұр.

Ал одан лимфа тамырлары мен өт түтігінің шығатыны белгілі. Адам ағзасындағы бауырдың қорғаныш қызметі де өте жоғары. Тамақтың құрамында болған зиянды заттар ішекте сіңіріліп, белоктың алмасуы нәтиже-сінде қанның құрамында улы өнімдер түзілсе, бұлар бауырда залалсыздандырылады. Лимфа түзілуінде, қан ұюын реттеуде де бауырдың атқаратын қызметі зор. Бауыр қанның тұрақты құрамының сақталуына да қатысады. Қанмен келген амин қышқылдарынан бауырда белоктар, глюкоза, фруктоза, глицирин, май қышқылы түзіліп, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады.

Негiзгi әдебиет: 1[336-339], 5[43-54]

Қосымша әдебиет:2[78-98]

Бақылау сұрақтары:

1.Қосалқы бауыр аппаратын қолданудың қажеттiлiктері.

2. Қосалқы бауыр аппаратын қолдануда қойылатын негiзгi талаптар.

3. Қосалқы бауыр аппараттарының негiзгi сипаттамалары.

4. Диализаторларды қолданудың қажеттiлiктері.

5. Диализаторларға қойылатын негiзгi талаптар.

6. Диализаторлардың негiзгi сипаттамалары.