Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК БИОМЕХАНИКА каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
529.96 Кб
Скачать

2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері

1-шi дәрiстiң тақырыбы. Биологиялық тіндер және сұйықтардың механикалық қасиетi. Биологиялық тіндер және сұйықтардың механикалық қасиеттерiн ерекшелiк. Сүйек тінінің, шемiршектердің, қан тамырының, бұлшық еттер тіндерiнің, тері және жүйке тіндерінің механикалық қасиетi.

Биомеханика (био... және механика) — адам мен жануарлар қозғалысының заңдылықтарын, сондай-ақ, организмге сыртқы ортаның әр түрлі механикалық факторларының (жылдамдық, үдеу, тартылыс күші, т.б.) әсерін зерттейтін биологияның бір саласы. Биомеханика тірі тіндер, органдар және бүкіл организмнің механикалық қасиеттерін, оларда байқалатын механикалық құбылыстарды (адам мен жануарлардың іс-әрекетін, тыныс алуын, қан айналысын, қан тамырлары мен бұлшық еттердің серпімділік қасиеттерін, сүйектердің, буындардың, байламдардың беріктігін, т.б.) зерттейді.

Биомеханика құпияларын зерттеудің тарихы 13 ғасырдан Леонардо да Винчиден басталады. Ол адамның қозғалысын анатомия және механика тұрғысынан зерттеген. Бұл саланың дамуына Ресей ғалымдары И.М. Сеченовтің, П.Ф. Лесгафттың, Н.А. Бернштейннің зерттеулері зор ықпал етті. Қазақстанда биомеханикалық зерттеулер академик Б.А. Домбровский мен академик Ф. Мұхамедғалиевтің жұмыстарынан басталады.

20 ғасырдың ортасында биомеханика тыныс алу, қан айналу, қозғалыс-қимыл биомеханикасы болып 3 салаға бөлінді:

  • тыныс алу биомеханикасы тыныс алу мүшелері (өкпе, көкірек қуысы) қимылының динамикасын зерттейді;

  • қан айналу биомеханикасы жүрек пен қан тамырларының серпімділік қасиетін, қан ағыны заңдылықтарын, жүрек жұмысын зерттейді;

  • қозғалыс-қимыл биомеханикасы анатомия және теориялық механика негізінде қимыл мүшелерінің құрылымдық ерекшеліктерін, дененің қозғалу заңдылықтарын, буын қимылдарын қамтамасыз ететін бұлшық ет күшінің әсерін, дене массасының дене бөліктеріне таралу заңдылықтарын зерттейді.

Биомеханика саласындағы зерттеулердің еңбек пен спорт физиологиясы, ғарыштық биологиялық, ортопедия салаларын дамыту, жасанды тыныс алу, қан айналу аппараттарын жасау, бионика принциптеріне негізделген роботтар мен манипуляторлар құрастыру үшін маңызы зор.

Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.

Сүйектің спонгиоздық тіні омыртқаларды, түтікше сүйектің соңғы бөліктерін, қабырғалар мен жауырындардың ішкі бөліктерін құрай отыра, адам қаңқасының массасының 20%-ын құрайды.

Алғашқы спонгиозды тін минералды ламелден тұрады да, ол сүйектің кемірік бөлігін құрау кезінде түзіледі.

А л екінші спонгиозды тіннің кеңістіктік құрылымы қалыңдығы 0,2-0,6 мм-ден, ұзындығы 1,8 мм-ден тұратын жұқа цилиндр немесе жалпақ формадағы сүйек ламелдерінен түзілетін трабекулалардан (сүйек балкалары) тұрады. Трабекулалардың араларындағы қуыстар қызыл немесе сары түсті сүйек майымен, әр түрлі жасушалармен және жасушааралық сұйықтықтармен толған болады. Бұл тіннің тығыздығы - 0,24 г/см3, ал трабекуланың тығыздығы 1,78 г/см3-ге тең. Спонгиозды тіннің құрылымы біртексіз және анизотропты болып келеді. Оның құрылымынан сүйектегі кернеуліктің траекториясының кескінін көруге болады. Мысалы, 1.9-суретте салмақ әсерінен сүйек балкаларының орналасуларымен сәйкес келетін жамбас сүйегінің басындағы сығылу (тұтас сызықтар) мен созылу (үздік сызықтар) кернеуліктерінің траекториялары көрсетілген.

Негiзгi әдебиет:1[11-20 ]

Қосымша әдебиет:1[11-14 ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Биологиялық тіндер деген не?

  2. Эластин деген не?

  3. Таза коллагеннің механикалық қасиеттерiн айтып беріңіз.

  4. Биологиялығы сұйықтарды нелiктен ньютондық емес деп атайды?

2-шi дәрiстiң тақырыбы. Адам организміне сыртқы әсерлер. Сыртқы әсер классификациясы. Динамикалық қысқа мерзiмдi әсерлер. Тербеліс биомеханикасы. Салмақсыздық. Жылу әсерлері.

Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас жарақаты әр түрлі болады: оқ тіген, кесілген, шаншылған, шабылған, тістелген, скальптелген және т.б. Бас жарақаты ашық және жабық болып бөлінеде, терең және онша терең кірмейтін, доғал және тесіп өтетін, жалғыз және көптеген, аралас болуы мүмкін.

Бас сүйектің жабық зақымдануларын негізгі екі топқа бөледі:

1. Сүйектер зақымданбаған – мидың шайқалуы, мидың жаншылуы және бас сүйек ішінде гематомалар қалыптасатын (эпидуральды, субдуральды, ми ішіндегі, қарынша ішіндегі ), субарахнойдальды қан құюлулары жатады.

2. Сүйектердің зақымдануы, соның ішінде тұйық сүйектен басталып, бас сүйектің жан жағына таралатын мидың базальды бөліктерінің, бағанасының, болмаса жаншылған немесе жарықшақтана сынған жердегі, сондай-ақ қашықтағы, соққыға қарсы жер тұсындағы мидың үстіңгі қабатының контузиясы қабаттаса жүретін бас сүйектің көптеген жарықшақтары жатады.

Мидың шайқалуы кезінде мидың қызметі уақытша өзгереді ешқандай органикалық өзгерістер болмайды, аздаған гематомалар, мидың ісуі пайда болады.

Мидың жаншылуы ауыр жарақатқа жатады, мидың бір бөлігі жаншылады, ісіді, қанталайды. Аурудың белгісі – мидың қай бөлігі жаншылуына байланысты. Зардап шегуші ес-тусінен айрылады, ұмытшақтық (амнезия) байқалады, кейде көзі көрмей, құлағы естімей қалады, орталық жүйке тамырлары зақымдалады, сондықтан сырқаттың жарақаттан қарама қарсы жағы тартылып, аяқ-қолы сал тартады.

Мидың қысылуы миға қанның құйылуларына байланысты. Зардап шегушінің жағдайы қанның аққан мөлшеріне, ұзақтығына, мидың қан құйылатын бөлшегіне байланысты. Мидың қысылуы ауыр жарақатқа жатады. Аурудың белгісі ес-түсінен айрылады, қарама қарсы жағында аяқ-қолы тартылады, жансызданады, сал тартады, ауыр жағдайда сырқат мүгедек болып қалады.

Бас сүйек пен мидың ашық зақымданулары – снарядтар мен оқ тию, пышақтар, балталар, қылыштар салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл болған жарақаттар көбіне үлкендігі мен түрі әр түрлі: жыртылған, сұғылған, соғылған болады. Мұндай жағдайда тек жұмсақ ұлпалар ғана емес, сонымен қоса сүйектер, ми қабықтары және ми зақымдалады. Кесілген, сұғылған және скальптелген жарақаттар өте сирек кезігеді. Бас сүйек пен мидың оқ тиюден болатын жарақаттарының сипаттары да әр түрлі: жарықшақтық және оқ тиген (шарикті, жебе тәрізді, жабық, жырып кеткен, тесіп өткен және шоршып тиген тәрізді).

Бұлар өздерінің орналасқан жағынан күмбездің бас сүйек түбінің жарақаттары, оңнан да солдан да пайда болуы, жалғыз-жарым, көптеген, басқа мүшелер мен жүйелерді зақымдаған, аралас, құрама және басқа жарақаттар болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек жарақаттанушыға басына асептикалық таңғыш салудан тұрады. Таңғыштың түрі тақия, ауыздық, сақпан тәріздес. Құсатын болса немесе мұрнынан қан кетсе, зардап шегушіні қырынан жатқызу керек. Тыныс алу бұзылған кезде, ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң, жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастауы мүмкін. Омыртқа мен жұлынның ашық зақымдануын терінің жыртылуына, ал оның іштей зақымдануын терінің бүтіндігіне қарай анықтайды. Омыртқа ашық зақымданып, омыртқа түтігінің тұтастығы бұзылса, тесіп өткен жарақат болғаны. Омыртқа түтігінің тұтастығы бұзылмаған ашық зақымдануы, тесіп өтпеген зақымдану деп атайды.

Омыртқа мен жұлынның зақымданулары мынадай топтарға бөлінеді:

а) омыртқа мен жұлынның мойын бөлігінің зақымдануы;

б) омыртқа мен жұлынның кеуде бөлігінің зақымдануы;

в) омыртқаның бел-сегізкөз, жұлын және құйымшақ бөліктерінің зақымдануы.

Әр жағдайда жұлын өткізгіштігінің бүлінуіне қарай зардап шегушілер үш топқа бөлінеді: 1) жұлынның өткізгіштігінің толық бұзылуы; 2) жұлынның өткізгіштігінің ішінара бұзылуы; 3) жұлынның немесе құйымшақ талшықтары түбіршегінің бұзылмауы. Омыртқаның іштей зақымдануы: соғылу, таю, сыну-таю немесе сынып жылжу, созылу және сіңір аппаратының үзілуі, омыртқа аралық тиектердің бұртиып омыртқадан немесе омыртқа жотасы түтігінің ішіне қарай шығуы деп бөлінеді.

Жарақаттың белгісі омыртқасы мен жұлыны зақымданғандардың жалпы жай-күйі жұлынның зақымдануының аурлығы мен орналасқанына, ішкі мүшелер мен мидың қосымша зақымдануына байланысты. Ауыр жарақаттанған кезде зардап шегушілер қимылсыз, әлсіз, боп-боз болады.

Мойын омыртқа жарақаттанғанда естен танады, мең-зең болады, денесі қызады, қақырыну мен жұту қиындайды, тыныс алу бұзылады, аяқ-қолы сал тартады, несеп шығарудың бұзылуы, қуықтың өздігінен зәр шығаруы байқалады. Омыртқаның жоғарғы кеуде бөлімі зақымданған кезде дене қызуының төмендейтіні байқалады. Омыртқа мен жұлын қатты зақымданған жағдайда қозғалыстың бұзылуы жедел дамиды. Зақымданған адамдардың көпшілігінде жарақаттан кейін аяқ-қолдың симметриялы сал ауыруы күшейе түседі. Омыртқа мен жұлын жеңіл зақымдалған жағдайда аяқ-қолдың тонусы төмендейді, сіңірдің, сүйек қабығының және терінің рефлекстері жоғалады, қозғалыстың бұзылуы уақытша болады.

Негiзгi әдебиет: 1[29-49]

Қосымша әдебиет:1[11-14]

Бақылау сұрақтары:

  1. Сыртқы әсер ұғымы?

  2. Бас сүйектiң жеке сүйектерінің қосылуы не бередi?

  3. Тербелістердің адам организміне әсерін сипаттаңыз.

3-шi дәрiстiң тақырыбы. Жүрек биомеханикасы. Жүректiң құрылысы және жұмысы. Жүректiң құрылымдарының механикалық қасиетi. Жүректiң сұлбасы мен үлгiсi және оның құрылымдары.

Адам жүрегі – қуысты бұлшық етті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық.

Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып - жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады.

Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

Негiзгi әдебиет:1[93-110]

Қосымша әдебиет:1[11-14]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүректiң негiзгi функциясын түсiндiрiңiз.

  2. Жүректiң орналастырылуы неге тәуелдi болады?

  3. Жүрек бөлiмдерiндегi қанның айналу бағыты.

4-шi дәрiстiң тақырыбы. Қан тамырлары жүйесінiң биомеханикасы. Тамыр жүйесiнiң құрылысы және жұмысы. Тамырдағы қанның ағымы. Қан тамырларының механикалық қасиетi. Қан тамырларының сұлбасы және үлгiсi.

Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70—80 мл-ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160 мл көлемі келіп түседі.

Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.

Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналымның барлық аппаратының қызметін сипаттайды.

Жүрек қызметінің сыртқы көріністерінің (жоғарғы ұшының соққысы, жүрек тондары) берілген мәліметтері бойынша дәрігер жүрек жұмысы туралы жорамалдай алады.

Осы берілгендерге жеке тоқталайық:

1. Жоғарғы ұшының соққысы.

Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, быртыю). Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен күшін анықтауға болады.

2. Жүрек тондары - жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.

Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І-ші тонның пайда болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон - созыңқы және төмен.

Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары. Жүректің жұмысын онда пайда болатын электрлік құбылыстар бойынша да жорамалдауға болады. Оларды жүректің биопотенциалдары деп атайды және олар электрокардиографтың көмегімен алынады. Алынған биопотенциалдар электрокардиограмма деп аталады.

Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген атқа ие болды.

Миофибрилдары аз, эмбрионды бұлшықетті тінге ұқсас және саркоплазмаға бай айрықша (атипті) бұлшықетті тіннен тұратын миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті.

А йрықша бұлшықет жүректе жүрекшелер қабырғасында қуысты көктамырдың аузының тұсында орналасқан синусты - жүрекшелі (синоатриалды) түйіншектен (жүректің ырғағын басқарушы) және оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан жүрекше - қарыншалар (атриовентрикулярлы) түйіншегінен тұратын өткізгіштік жүйені құрайды. Осы түйіншектен жүрекше - қарынша шоғыры (Гис шоғыры) басталады. Жүрек басының бөлігінде жүрекше - қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары қарай иіліп, қарыншалардың жұмысшы (жиырылғышты) миокардіне батырылған өткізгіш миоциттер тізбегіне (Пуркинье талшықтары) ауысады.

SA- синоатриалды түйіншек, AV- атриовентрикулярлы түйіншек. Сандар синоатриалды түйіншекте серпіністің пайда болу мезетінен бастап секунд бойынша жүрек бөліктерінің қозу аумағын көрсетеді.

Кәдімгі жағдайда миокард жасушалары белсенді ырғақты күйде (қозу) болады, сондықтан олардың тыныштық потенциалы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген жасушаларда оның мәні шамамен

90 мВ-ті құрайды және ол К+иондарының мөлшерлік градиентімен анықталады. Жасушаішілік электродтар көмегімен тіркелген жүректің әр бөлігіндегі әрекет потенциалдарының (ӘП) пішіні, амплитудасы, ұзақтығы жағынан елеулі айырмашылықтары болады.

Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркинье талшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуымен анықталады, яғни жасушалы мембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігімен анықталады. ӘП-ң шыңы кезінде мембраналық потенциалдың таңбасы өзгереді (-90мВ-тан +30 мВ қа дейін).

Негiзгi әдебиет:1[75-85, 111-114]

Қосымша әдебиет:1[11-14]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүрек-қан тамыр жүйесiн не құрайды?

  2. Қан тамырлар жүйесі өз алдында нені көрсетеді?

  3. Күре тамырлар өз алдында нені көрсетеді?

  4. Тамыр қабырғасының өзгерiстерiнiң бiр түрi.

5-шi дәрiстiң тақырыбы. Тыныс жолдарының биомеханикасы. Құрылымдар және органдардың тыныс жолдарының құрылысы. Тыныс жолдары органдардың құрылымдары мен механикалық қасиетi. Тыныс жолдары құрылымдары мен органдардың есептiк сұлбасы және үлгiсi.

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы  энергияны биологиялық құнды тұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасындағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, көмір қышқыл газдың денеден бөлінуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергаяның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда олсыртқы тыныс мүшелершен, газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін тетіктерден, ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органеллалардан, осы жүйе жұмысын  реттейтін және  ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен құралады. Тыныс аппараты деп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады.

Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мұрын қуысы, аңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамырлар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алынған кезде ауа жоғарғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жылынады, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

Дем алынған кезде жұтылған ауаның 30 пайызы тыныс жолдарында қалады да, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті мұрын  қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альевеолаларға) дейінгі жолды "пайдасыз кеңістік "деп атайды. Бұл тек шартты атау, шын мәнінде тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жоғарыда баяндап өттік. Сонымен қатар мұрын  қусының кілегейлі қабығында тыныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары орын тебеді. Тыныс жолдарында түрлі  қорғаныс рефлекстерін (жөтелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв ұштары да орналасады.

Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы - шеміршекті және  сыртқы-сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабат тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналарынан түзіледі, соңдықтан кеңірдек қуысы әрдайым ашылып тұрады. Кеңірдек сақиналарының саны мойынының ұзындығьша байланысты. Жүректің жоғарғы тұсыңда кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі - өкпе, құрылысы  жағынан түтікшелі - көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс жолдарын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылынып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының тұйықталған сонғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға бекіген жұқа бір қабат жалпақ эпителий торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең тұзақ  капиллярларынан қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп мөлшерін қамтиды. Бұл  капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл  жерде газдардың алмасуына айтарлықтай кедергі болмайды.

Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардың жалпы беткейі 100-120 м2 құрайды, демек дене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады.

Негiзгi әдебиет:1[86-88, 118-119]

Қосымша әдебиет:1[11-14, 54-56]

Бақылау сұрақтары:

  1. Кеңiрдек және қолқалар қандай қызмет атқарады?

  2. Өкпенің қызметі не?

  3. Көкiрек пердесі неден тұрады?

6-шы дәрiстiң тақырыбы. Тірек–қимыл аппаратының биомеханикасы. Тірек–қимыл аппараттың құрылысы. Тірек–қимыл аппараттың кинематикасы. Тірек–қимыл аппаратының динамикасы. Қозғалысты басқару.

Тiрек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттерi жатады. Қаңқа eкi жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негiзгi қатты тұлғасы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ, қол сүйектерінен тұрады. Балалар мен жасөспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектер тез бұзылып денсаулыққа зиян келеді. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекiтiлген. Олардың көбi eкi сүйекке бекiгеңдiктен олардың қозғалысын iскe асырады. Бұлшық еттің негiзгi қызметi – сүйектердi қозғау. Сол арқылы адамның еңбек eтyiн, күрделi жұмыстарды орыңдауын қамтамасыз етедi. Жаңа тyғaн нәpecтeнiң денесiнiң, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бiрақ олар дұрыс үйлеспеген, ерiксiз шым-шытырық қимылдар түрiнде орындалады. Алғашқы дұрыс бағытталған қимылдары баланың 2-3 айлық өмiрiңде көpiнe бастайды: ең алдымен жарық көзiне немесе дыбыс шыққан жақа басын бұрады. 3 айда шалқасынан жатқан бала аунап түсе алады, 7 айда отырады. Кейiннен заттарды ұстап үйренуге және еңбектеуге байланысты қолдарының epiктi қимылдары пайда болады. Соның нәтижесiңде нәресте көзiне түскен затты ұстай алады.

Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды. 

Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс).  Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.  Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды. 

Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан, сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы, оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын, бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса, олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.  Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады. 

Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.

Негiзгi әдебиет:1[47-66, 118-119, 130]

Қосымша әдебиет:1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұлшық еттердiң қосымша бөлігіне не жатады?

  2. Буынның негiзгi бөлшегі не болып табылады?

  3. Адам денесіндегі сүйектің нешеуі қозғалыста болады?

7-шi дәрiстiң тақырыбы. Көз биомеханикасы. Көздiң құрылысы. Көздің және оның құрылымының механикалық қасиеті. Көздің және оның құрылымдарының нормадағы және патологиядағы үлгiсi.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор.

Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.

Қосымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Ол көз алмасын суландыру арқылы, көз алмасының қозғалысына байланысты туатын үйкелістен көзді тозудан сақтайды. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран. дез- - құрту, жою + инфекция — лат. жүқтыру) қызмет атқарады. Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады. Тік және қиғаш орналасқан көз еттері көзалмасын қозғауға қатысады, солар арқылы көз бірнеше бағытта қозғала алады: жоғарыдан төмен және төменнен жоғары, жоғарыдан төмен ішіне қарай, жоғарыдан төмен сыртына қарай, алдынан артына қарай (өте аз шамада).

Көздің сыртын тығыз аққабық қоршаған. Ол көз алмасының алдыңғы жағында мөлдір, дөңестеу қасаң қабыққа айналады. Ақ қабықтан соң көз алмасын қанмен қамтамасыз етіп тұратын тамырлы қабат бар. Ол қан тамырларының торынан тұрады десек те болады. Тамырлы қабаттың ішкі бетінде жұқа бояу зат — пигмент болады. Көз алмасының алдыңғы жағында тамырлы қабат нұрлы қабыққа айналады. Нұрлы қабықтың алдыңғы дәл ортасында тесік болады. Оны көздің қарашығы деп атайды. Қасаң қабықтың артқы жағында көздің сұйық екі камерасы және көз бұршағы орналасқан. Көз алмасының ішіндегі қалған кеңістік қоймалжың, іркілдеген мөлдір шыны тәрізді денеге толы болады. Көздің ақ қабығының артқы жағынан көзге көру нерві кіреді. Көздің нұрлы қабығының түсі ондағы бояуға байланысты болады. Оның түсі көгілдір түстен қою қара түске дейін болуы мүмкін. Соған байланысты қара, көк, қоңыр т.б. көздерді кездестіруге болады. Кей адамдардың пигменті мүлде болмайды. Ондай адамның (альбиностың) көзі қызыл болады.

Көздің сұйық камералары мөлдір сұйыққа толы болады. Бұл арнайы сұйық көз бұршағын қоректендіруге (көз бұршағының қан тамырлары болмайды), шыны тәрізді денені толықтыруға пайдаланылады. Көз бұршағы екі жақты дөңес келген мөлдір қапшықтың ішіндегі өте мөлдір қоймалжың зат. Көз бұршағының орта тұсы шетіне қарағанда тығыздау. Оның қапшығы тарамыс арқылы жоғары және төменгі жағынан бекітілген. Ол тарамыстарды Цинн тарамыстары дейді. Цинн тарамыстары көз бұршағының дөңестелуін реттейді.

Ішкі торлы қабығының құрылысы өте күрделі. Негізінен алғанда, ол жарық сәулелеріне сезімтал фоторецептор деп аталатын таяқша және сауытша тәрізді клеткалардан тұрады. Фоторецепторлар торлы қабықтың бойында орналасқан. Саны 137 миллион, оның 130 миллионы таяқша, ал 7 миллионы — сауытша клеткалар. Торлы қабықтың дәл ортасында сары дақ бар. Онда тек сауытша тәрізді фоторецепторлар болады. Сары дақ пен оның дәл ортасында терең орналасқан сауытша клеткалары түсті жарық сәулелеріне сезімтал келеді. Торлы қабықтың шетінде таяқша тәрізді рецепторлар көп болады. Сауытша клеткалар күндіз мол жарықта түсті сәулелерді сезеді де, таяқша клеткалар ымыртта жарық аз кезінде түссіз жарық толқындарын қабылдайды. Осыған байланысты сауытша тәрізді клеткаларды күндіз көру, таяқша тәрізді клеткаларды түнгі көру рецепторлары деп санайды. Жарық сәулелерінің әсерінен фоторецепторларда түрлі физикалық және химиялық өзгерістер туады.

Көзді қорғаушы құрылымдары мен оптикалық жүйе. Қабақ пен кірпіктер қорғаныс қызметін атқарады. Көзге қауіп төнгенде рефлекторлы түрде көз жұмылып, қабақ пен кірпік нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды. Көз жұмылғанда көз жасы көз алмасын суландырады да оны құрғап, кеуіп қалудан сақтайды. Көз жасы өте мөлдір арнайы сұйық. Ол көз жасы безінде түзіледі. Оның 97,8 % су, 4,4% органикалық заттар, 0,8% түрлі түздар. Бұл сұйық көздің қасаң қабығын ылғалдандырып, оның мөлдірлігін сақтайды, зақымдайтын заттарды шайып тастап отырады. Бұған қоса, оның құрамындағы дезинфекциялық заттар микробтарды өлтіріп, оларды жояды.

Көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді денесі-негізгі жарық сындырушы оптикалық жүйе. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең. Жарық сындыру күші артқан сайын фокустық қашықтық азаяды.

Әрбір жарық сындырғыш аппараттың қабілеті, құрылысы әртүрлі екенін ескерсек, бұл жүйенің күрделілігін түсінуге болады. Көздің қарашығы арқылы жарық сәулелері көздің қасаң қабығы, бұршағы, шыны тәрізді денесі арқылы өтіп фокустық нүктеде жинақталып заттың нақтылы, бірақ кішірейген бейнесін торлы қабыққа түсіреді.

Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациял ы қ қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады. Алыста немесе жақында орналасқан заттарды қарағанда көз бұршағының әлпеті өзгеріп, жарық сәулелерін торлы қабыққа фокустық нүктеде жинап, заттың бейнесін дұрыс корсетеді. Жақындағы затты қарағанда көз бұршағы дөңестеледі, ал алыста орналасқан затты қарағанда-жақындатады. Бұл көз бұршағының Цинн тарамыстарының аккомодациялық еттерін босатып немесе тартуы арқылы жүзеге асады.

Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа - одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді дене кебе бастаса да, көру қабілеті төмендейді. Оның 1/3 бөлігі жойылса, көздің көру қабілеті жойылады, ал одан аз мөлшері кемісе, көздің камераларының сұйығы арқылы толтырылады. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттың бейнесі аударылып көрінеді. Сондықтан да кішкентай бөбектер май шамның отына қызығып, қолын созып ұстағанда ол отты емес, май шамның өзін ұстайды.

Көздің торлы қабығындағы таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі ерекше арнайы заттар фотохимиялық реакцияларға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша клеткаларда родопсин, сауытша клеткаларда иодопсин деп аталатын заттар болады.

Негiзгi әдебиет:1[308-309, 352-359]

Қосымша әдебиет:1[73-80]

Бақылау сұрақтары:

  1. Көздің құрылымы.

  2. Көздiң iшiнде қысым қалай бейнеленедi?

  3. Көздiң жiтiлiгi деген не?

8-шi дәрiстiң тақырыбы. Есту биомеханикасы. Есту аппаратының құрылысы мен жұмысы. Құлақ пен оның құрылымдарының механикалық қасиетi. Құлақ құрылымдары мен естудің үлгiсi.

Дыбыс нервтері сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақ тан келген дыбыс жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақ тан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Дыбыс анализаторының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады.

Құлақ күрделі құрылысты мүше. Сыртқы құлақ құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады . Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлақ қа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орынын анықтайды.

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақ тан бөліп тұрады . Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан.

Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады . Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақ тың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз-мұрын қуысынан келген ауаны ортаңгы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша тосшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақ тың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.

Ішкі құлақта екі анализатортың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі — есту мүшесі. Ұлу сүйегі тәрізді қүрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады . Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақ тың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады. Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол - дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.

Корти мүшесі түкті клеткалардан тұрады. Әрбір түкті клетканың жоғарғы жағында ұзындығы 4 микрон 60-70 түктері болады. Негізгі мембрана шайқалғанда оның түктері жабық мембранаға тиіп, тітіркенеді. Рецепторлық клеткалармен жалғасқан дыбыс нерві арқылы қозу қыртыс бөліміндегі дыбыс орталығына барады.

Дыбыс анализаторының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағы мен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағы мен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарыны нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту анализаторының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса мүзыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс анализаторының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс анализаторындай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады. Ми қыртысының талдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.

Негiзгi әдебиет:1[349-352], 4[155-172], 5[92-110]

Қосымша әдебиет:1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

  1. Дыбыстың тембрi, дауыстың қаттылығы және тон деген не?

  2. Құлақ сүйегі қайда болады?

  3. Ішкі құлақ қуыстары неден тұрады?

9-шы дәрістің тақырыбы. Сезiм мүшелерi аппаратының биомеханикасы. Сезiм мүшелерi аппаратының құрылысы мен жұмысы. Сезiм мүшелерi аппаратының құрылымдарының математикалық үлгiлерi.

Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.

Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.

Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).

Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.

Анализаторлардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрайды. Анализаторлардың рецепторлық бөлімінде ең алғашқы талдау — алғашқы саны мен сапалық қарапайым талдау жүргізіледі.

Тітіркендіргіштің әсерінен рецепторларда қозу толқындары (қозу импульстері) пайда болады. Олардың жиілігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты келеді.

Өткізгіш бөлімде шетте пайда болған қозуды өткізіп қана қоймай, аралық нервтерде алғашқы қарапайым талқылау жасалады. Айталық, көру төмпешігінің ассоциативтік ядроларында талқылағаннан кейін рецепторлардан келген біраз қозу импульстері қосылады.

Анализаторлардың орталық немесе қыртыс бөлімінде тітіркендіргіштердің саны мен сапасына ғана қарап талдау жасалып қоймай, жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады. Бұл үшін жеке басының өмірден алған тәжірибесі қажет. Былайша айтқанда, шартты рефлекторлы талдау мен талқылауды қажет етеді.

Анализаторлардың ортақ қасиеттері. Анализаторлардың әрқайсысының жеке-жеке қасиеттері мен қызметтері болады. Сонымен қатар, олардың ортақ, бәріне бірдей қасиеттері де бар:

1. Анализаторлардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты (лат. адекватус - теңгерілген, лайықты, сай келетін) тітіркендіргіш деп атайды. Анализаторлардың рецепторлары адекватты тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады.

2. Анализаторлардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштің жаңа күшіне тез бейімделеді.

3. Анализаторлар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және, керісінше, біреуінің қызметі нашарлаған кезде екіншісінің қызметі күшейеді.

4. Бір анализатортың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін жартылай болса да өзіне алады. Мұндай жағдайда ауру анализатор пен сау анализаторлардың ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында тұрақты нервтік байланыстар (шартты рефлекстердің байланысы іспетті) пайда болады.

5. Анализаторлардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады.

Анализаторлар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты (лат. дистанция - қашықтық), яғни сезім мүшесінсн белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың өсерін сезу және контакты (лат. Контактус- түйіскен, жанасқан), яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін анализаторлар.

Тітіркенудің алғашқы коды әуелі қабылдағыш деңгейінде жүзеге асырылады. Оларға тән физикалық және химиялық энергиялар түрлі жүйке серпінісіне айналады. Түрлендірілген хабарлар анализаторлар жүйесінің келесі деңгейіне жетіп, коды одан әрі өзгереді. Бұл бір ерекшелік, ал екінші ерекшелік - ол код түрлерінің жапсарластығы. Тағы бір ерекшелік - ол көптеген сезгіштік жүйелердің ақпаратына шудың көп араласуы, яғни мәлімет тасушы серпіністерге бедерсіз серпіністердің қосылуы.

Әр анализаторға тән ұқсас сезімділіктің жиынтығын модальды жиынтық дейміз. Біррайлықтың өзінің ішінде бірнеше сапалық қасиеттер болады. Бұл қасиетті сапалар мыналар: арнайылық, ықпалдылық, мерзімділік және ұзақ тылық. Мысалы, дыбыс ақырын, қатты, сарт етіп, у-шу, жағымды, жағымсыз, алыс-жақын т. б. болады.

Негiзгi әдебиет:1[349-352], 4[155-172], 5[92-110]

Қосымша әдебиет: 1[95-99]

Бақылау сұрақтары:

  1. Сезiм мүшелерi аппаратты деген не?

  2. Эндолимфа мен перилимфа айырмашылығы?

  3. In vivo-ның ирек қаналдарындағы купулдарының және эндолимфаның динамикасын зерттеудің күрделiлiгi неде?

10-шi дәрiстiң тақырыбы. Сөз пайда болу биомеханикасы. Сөйлеу органдарының құрылысы мен жұмысы. Сөйлеу органдарының механикалық қасиетi. Сөйлеу органдарының үлгiсi.

Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.

Дауыстың естілуі — тию — физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Адам сейлеуге ыңғай алғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады, Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамаңтағы дауыс шымылдығы-ның азкем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады. Ал дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуынан шыққан үн таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне, түседі. Онда мұрын қуысымен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне (резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың тағы басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер етеді. Мысалы кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы, ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін «маңқа», «мыңқылдап сөй-лейді», «даусы қарлығып қалыпты» т. б. деген сөздер осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мең дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған жағдайда болады. Кейде дауыс кеңістігінің ауруға ұшырауына байланысты дауыста сырыл пайда болады. Сондыңтан әркім өзінің дыбыстау мүшелерінің атқаратын қызметін жете түсініп, оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен қарауы керек.

Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қо-сымша дауыс сарыны немесе обертондар болады. Соп обертондар арқылы адамның жеке-дара өз даусы жасалынып, үні таза шығады.

Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу үенін түзейді.

Дауыстың өзіндік сапалары — дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.

Негiзгi әдебиет:1[336-339], 5[43-54]

Қосымша әдебиет: 1[87-95]

Бақылау сұрақтары:

11-шi дәрiстiң тақырыбы. Ас қорыту жүйесінiң биомеханикасы. Ас қорыту жүйесiнiң құрылысы мен жұмысы. Ас қорытудың механикалық қасиетi. Ас қорыту мүшелерi мен процестерінің үлгiсi.

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады.

Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Бұл химиялық "конвейерде" асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы  бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші "кеуіп" мазасы кетеді.

Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу - өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы - қоректік заттар - организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.

Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.

Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар - глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.

Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа шығатын сілекейдің құрамында су көп болады. Құрғақ және қою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің және үрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. (Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі реакция болғаңдықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы муциннің маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.

Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы лизоцим ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды..

Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздарының тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздар дың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.

Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөлінің құрамында 0,35-0,5 %-дық тұз қышқылы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы - қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.

Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.

Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казеинін ұйытатын х и мозин (мәйек), майды қорытатын липаза ферменттері болады.

Түз қышқылы ас түйіршіктерін ұсақ тап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен липазаның әсер етуіне дайындайды.

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Пепсиннің әсерінен ірі молекулалы белок ыдырап, ұсақ молекулалы пептон мен альбумозаларға айналады. Қарында барлық белоктар қорытылады, соның ішінде тамақпен бірге енген бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. Қарын сөлі ұзақ тұрғанда бүлінбейді, шірімей, ашық тұра береді. Химозин сүтті ұйытады, сондықтан жаңа туған балалардың асты қорытуында оның маңызы үлкен.

Қарын сөлінің құрамындағы липаза ферменті ұсақ молекулалы, айталық жұмыртқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

Бұл ферменттің әсер етуі үшін түз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына айналдырады.

Қарын сөлінде амилаза ферменті болмаса да, ауыз қуысында қорытыла бастаған көмірсу сілекей амилазасының әсерінен ас қоймалжыңының ортасында әрі қарай қорытылады.

Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені өсімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.

Негiзгi әдебиет:1[349-352 ], 4[155-172 ], 5[26-30 ]

Қосымша әдебиет:1[164-207 ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ас қорыту жүйесi неден тұрады?

  2. Асқазанның құрылымы?

  3. Сфинктердiң функциясын түсiндiрiңiз.

  4. Ең үлкен ас қорытатын ағза қалай аталады ?

12-шi дәрiстiң тақырыбы. Сыртқа шығару ағзасының биомеханикасы. Терінің құрылысы мен жұмысы. Терінің механикалық және жылу шығарғыштық қасиеттерi. Адамның организміндегі жылу алмасудың есептiк сұлбасы мен үлгiсi. Несеп ағзаларының құрылысы мен жұмысы. Несеп ағзалары элементтерінің құрылымдарының физикалық-механикалық қасиеттері мен үлгiлерi.

Зат алмасуының қалдықтарын денеден шығарудың маңызы. Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болган қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдық күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы бөлшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Су мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.

Бүйректің құрылысы және қызметі. Сыртқа шығару мүшелерінің ішінде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегі жұп мүше. Ол бел омыртқаларының екі бүйірінде, қабырғалардан төмен орналасқан. Оң бүйректің орналасуы сол жақ бүйректен сәл жоғарырақ. Екеуінің құрылысы бірдей. Бір бүйректің массасы 120-150 г. Сырты дәнекер ұлпасы мен қоршалған. Бүйректі қалың бүйрек майы қаптап тұрады.

Бүйректің қыртыс қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен қүралған. Бір бүйректегі нефрондар саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары деп аталатын түйнектеліп шоғырланған қан тамырлары бар. Капсуланың өзі екі қуыс қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер а алғашқы иірім каналдарына айналады. Олар бүйректің ішкі ми қабатына еніп, иірімдері жазылып, Генле иініне лйналады да қайтадан қыртыс қабатына оралып, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Жинағыш түтіктің ұзындығы 22 мм. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.

Натрий, калий, кальций иондары сияқты тіршілікке қажетті заттар көп мөлшерде болса, гомеостаз қалыпты деңгейінен өзгере бастайды. Сондықтан олардың концентрациясын бір қалыпта ұстап тұру үшін де бүйректің маңызы зор.

Демек бүйрек электролиттік және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Оның Бұл қызметі нефрон мембранасының заттарды сұрыптап өткізу қасиетімен байланысты орындалады.

Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қысымын және қан тамырларындағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроциттердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің түзілуі және құрамы. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алгашқы несеп, ал екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында белок пен қан клеткалары болмайды.

Екінші кезеңде алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий иондары т. б. организмге қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңеді, ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды және тіршілікке қажетсіз заттар Генле иінінен кейінгі екінші деңгейлі иірім каналдарда қалып, нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 1.Нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 2.Иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция). 3.Екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т. б. заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залал-сыздандырылады.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айдалады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің молшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына байланысты. Олардың жалпы ұзындығы 120 км, ал сүзілуге қатысатын бетінің ауданы 40-50 м2.

Қуыққа айдалатын соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сол қышқыл. Құрамының негізі - су (98-99 %), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) химиялық заттар, олардың көбі мочевина, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның несебінің құрамында белок пен глюкоза қанты болмауы тиіс. Несептің тәуліктік мөлшері 1300-1500 мл.

Бүйрек қызметінің реттелуі. Бүйрек ұлпаларының рецепторларынан афференттік жүйке импульстері мен ондағы қан құрамындағы өзгерістер орталық жүйке жүйесіне, гипоталамус және ми қыртысы орталықтарына беріледі. Ал эфференттік нерв импульстері нейрогипофизге беріліп, ондағы несептің түзілуін реттейтін вазопрессин гормонын қанға шығарады. Бұл гормон қан айналыс жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдостерон гормонының өнімін арттырады.

Альдостерон адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді. Вазопрессин гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады. Мұның нәтижесінде жинағыш түтікшелердің қабырғасы суды жақсы өткізеді.

Адреналин артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.

Бүйрек ұлпаларының өсу қарқыны алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілу кезеңінде және 20-30 жас аралығында жоғары болып, өсіп жетіледі.

Терінің құрылыс ы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы дерма және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.

Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв үштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.

Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, мандай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады.

Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, қүрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.

Негiзгi әдебиет: 1[312-320], 5[31-41]

Қосымша әдебиет:1[164-207]

Бақылау сұрақтары:

  1. Терінің негiзгi қызметі.

  2. Эпидермис неше қабатты болады?

  3. Терінің механикалық қасиетiн түсiндiрiңiз.

  4. Бүйректер қандай функцияны орындайды?

13-шi дәрiстiң тақырыбы. Биологиялық тіндерді ауыстырғыштардың механикасы. Негiзгi қондырғыш заттардың қасиеттерiнiң интегралдық сипаттамалары мен талаптары. Эндопротез жасауға арналған полимерлiк заттар. Жүрек қолқасы хирургиясының полимерлері мен композиттерiнiң қолданылуы. Буындар мен сiңiрлердiң эндопротездерiндегi композиттер мен полимерлер. Оксигенация және диализге арналған мембраналар. Офтальмологияда қолданылатын полимерлер. Эндопротез жасаудағы жадтық эффектiсі бар материалдар.

Өткен ғасырдың 60 жылдары мүгедектердің жұмысқа жарамсыздығына қарамастан реабилитациялау маңызын түсіне бастады. Әлемдік медициналық ұйымның отырысында реабилитация бұл комбинирленген және координируемденген мүгедектердің функционалді жоғарғы дәрежеге жету үшін қолданады.

Протездеу – қайтымсыз зақымға ұшыраған сегментті немесе арнайы құралдардың көмегімен аяқ-қолдардың формасы мен қызметін біртіндеп қалпына келтіру.Осы мақсатпен протездер, ортопедиялық аппараттар, корсеттер және ортопедиялық аяқ киімдер қолданылады.

Протездік ортопедиялық құралдар тіректік және қимылдық қызметтердің орнын басады, ауру ағымына қолайлы жағдайлар туғызады және тірек-қимыл аппаратының екіншілік деформациясының алдын алады.

Протездеу туралы алғашқы ұғым грек Фемистокоптың тұтқыннан қашуы кезінен белгілі. Ол шындырға байланған аяғын кесіп кашып шығып, ұста оған протез жасап берген. Содан бері қарақшылар ілмегі, ағаш аяқтар пайда бола бастаған.

  • Механиканың дамуына байланысты протездердің жаңа түрлері пайда бола бастады, олар тұрақты аяқ – қолға ұқсас болды.

  • Аяқ – қолдың протездерінен басқа қазіргі медицинада буындардың, тістердің протездеуі, сонымен қатар көз бен дененің басқа да мүшелерінің косметикалық протездері пайда болды.

Протездеуден басқа хирургияда ақаулы аяқ – қолдың жартылай функционалдық қасиеттерін қалпына келтіру мақсатында неміс дәрігері Герман Крукенберг Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін «Крукенберг қолын» ойлап тапты. Ол «қысқыштарға» ұқсас болды, жараланғандардың травмалық ампутацияланған қолының кәрі жілігі мен шынтақ сүйектерінен жасалды. Жіктелуі:

Қол протездері:

1. 1. Активті: Механикалық, Комбинирленген

1. 2. Жұмысқа арналған

1. 3. Косметикалық

Аяқ протездері

  • Косметикалық

  • Аяқ-қолдардың қызметің қалпына келтіретін белсенді косметикалық

  • Жұмысшы (кейбір арнайы тұрмыстық және өндірістік қызметтерді атқару үшін).

Протездер бірнеше топқа бөлінеді: Қол мен аяққа арналған ортездер: шарнирсіз, шарнирлі; Омыртқаға арналған ортопедиялық корсеттер: фиксирлеуші (қатты, жартылай қатты, жұмсақ) және корригерлеуші (сколиоз, кифосколиоз кезінде); Бандаждар (омыртқаны, аяқ-қолдарды бекітуге арналған эластикалық тіннен жасалған зат.

Протездеудің түрлері: Кесіп алынып тасталған аяқ – қолдың орнын басу және аяқ – қолдың функциясын және қозғалысын аппаратпен қайта қалпына келтіру арқылы емдеу. Протездеуге қарсы көрсеткіштер: культяда ауырсыну, жазылмайтын жаралар мен жыланкөздер, қатаймаған тыртықтар, культядан сүйектің шығыңқы тұруы. Науқасты протездеуге дайындық кешенді қалпына келтіру мен мүгедектерді реабилитацияға көңіл бөлінеді. Жасанды аяқ – қолды культяға немесе кеудеге бекіту белбеумен иыққа іліп жасалады. Жасанды аяқ – қолды қатты тыртық қалыптаспай тұрып пайдалануға болмайды, яғни операциядан кейін 6 – 10 айдан кейін ғана қолданады.

Эндопротездеу

Ортан жіліктің мойны мен басын металл протезге ауыстыру. Жамбас сүйегіне керамикадан немесе полиэтиленнен жасалған буын беті қойылады, ал ортан жілікке аяқшасы ұзын мойнында шар тәрізді басы бар бөлігі салынады. Шар тәрізді басы да керамикадан жасалады. Протездің басы тегіс болады, сонда ортан жілікке арнайы цементпен бекітіледі, сонымен қатар өздігінен цементсіз бітісіп кету үшін бос қалдырылады. Цементсіз түрі кәрі науқастарға тиімсіз, өйткені негізгі асқынуы – ятрогенді остеомиелит болады.

Операцияға көрсеткіш болғанда таңдау ретінде буындардың эндопротездеуі қолданылады. Қазіргі кезде жамбас және тізе буындарының эндопротездері жасалынып кеңінен қолданылады. Остеопороз кезінде эндопротездеу цементті бекітпелермен жасалынады. Кейінгі консервативті ем операция жасалған науқастардың реабилитация ұзақтығын қысқартуға және емнің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

Аяқ – қолдарды протездеу кезінде ең бірінші культия жағдайын, науқастың жалпы жағдайын, оның мамандығын және еңбекке жарамдығын есепке алады.Протездеу мүмкіндігі культияның ауырсынусыз болуымен, пішінімен, жабыспаған тыртықпен, буынның жақсы қозғалысымен анықталады.Протездеу жетістігі негізінен культия жағдайына және протездің дайындалу сапасына байланысты болады.

Науқас ағзасының, сонымен қатар кесілген аяқ-қолдардың протезге үйрену мүмкіндігін есепке ала отырырып, алғашқы бірінші,екінші айларда аяққа ампутация жасар алдында протезбен жаттығу жұмыстарын жүргізу қажет. Протездердің қабылдағыш гильзаларын металдан (дюралюминий), ағаштан, теріден, терімен, соңғы жылдары пластикалық материалдардан да жасап жүр.

Ампутация дәрежесіне байланысты табан, балтыр, сан және сан бөлшектенуінен кейінгі протездеу болып бөлінеді. Табанның алдыңғы бөлігінің ампутациясынан кейін (Лисфранк, Шопар бойынша) ортопедиялық аяқ киім тағайындайды.

Өкше сүйегінің және ілгек тәрізді культияның сақталуымен Пирагов бойынша ампутациядан кейінгі культияны протездеу, оның төзімділігіне қарамастан протезді таңдау бірталай қиынға соғады, себебі ілгек тәрізді культя протездеуге қиындықтар туғызады.Жиі мұндай жағдайда протездің қабылдағыш гильзасын полиэфирден жасайды.

Аса назар аударуды қажет ететін протездеудің жиі кездесетін түрі.Себебі жұмсақ індердің аз болуы, үлкен жіліншіктің алдыңғы беткейіндегі сүйектік шығынқылар, жиі трофикалық бұзылыстар, протездеуді қиындатып, протездің дәл келуін талап етеді. Балтыр протезінің дәл келуі ушін бірнеше талаптар қойылады: Культяның қабылдағыш гильзаға толық сәйкес келуі; Барлық сүйек шығынқыларын есепке ала отырып, гильза қабырғаларына жүктеменің біркелкі түсуі; Культяның жүктеме сызығының оның осіне сәйкес келуі; Протез шарнирінің тізе буының бұралу орталығымен байланысты; Тізе және балтыр табан буындарының осьтері проекцияларының дұрыстығы.

Балтырдың шина-терілік, ағаштық, металл, пластмас протездері кең тараған. Балтырдың шина-терілік протезі ортан жілікке,балтырға, табанға арналған гильзалардан құралған. Протездің кемшілігі – ауыр болуы және деформацияның пайда болу мүмкіншілігі. Ағаш протездерде балтыр гильзасы культяға арнайы дәлме-дәл етіп жасалынған.Қатты гильзалары бар балтыр протездері балтыр-табан шарнирінен, резеңке немесе полиуретанды табан және ортан жілікке арналған тері гильзадан тұрады. Балтыр культясына арнап жасалған протез дұрыс әрі дәлме-дәл болса протездеудің қолайлы нәтижелерін көруге болады.

Ортан жілік культясын протездеу. Ортан жілік протездерінде қабылдағыш гильзалары әрқашан қатты болуы керек. Протез денеге жиі былғары белбеумен, банбажбен немесе вакумдық бекітілуі мүмкін.

Ортан жілік культясы қысқа болған жағдайда культя үшін қосымша қозғалғыш былғары қаптаманы қолданады. Сүйек пластикалық ампутацядан кейін (Гритти-Шимановский, Календер бойынша) отырықшы төмпегіне күш түсірусіз, культя ұшына жүктеме беруші протезді қолдануға болады.

Ортан жілік бөлшектерінен кейінгі немесе өте қысқа культя кезіндегі протездеу: бұл жағдайда протезбен жүру жамбас, омыртқаның бел бөліміндегі қозғалыс, сау аяқтың жамбас сан буынын жазу арқылы жүзеге асырылады. Санның бөлшектенуінен жасалатын протездердің бірнеше түрі болғанымен, өзінің ауырлығына байланысты науқастарды сапасы жағынан қанағаттандыра алмайды. Мұндай протездер былғарыдан немесе пластмассадан жасалған жамбасқа арналған қабылдағыштан тұрады. Жамбас сан буыны деңгейінде орнатады, қалған бөліктері ортан жілік протезіне ұқсас.

Қол ампутациясынан кейін протездеу. Қол протездері үшін қызметтік мақсатпен қатар косметикалық түрі де маңызды орын алады, яғни өзінің бастапқы табиғи қалпына ұқсастығы. Ампутация деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қол өзінің қызметін жоғалтады және сәйкесінше протез дайындау қиынға соғады. Белсенді протездер үшін күш көзі қолкультясының бұлшықеттері болып табылады.Қазіргі уақытта сыртқы энергия көздері бар протездер жасалған.

Білек ампутациясынан кейінгі потездеу. Білек деңгейінде жасалған ампутациядан кейін ұстау қызметінен басқа, ротациялық қызметтер де жойылады.Шынтақ-білезік буыны деңгейінде жасалған операциядан кейін протездісау қолдан ұзынырақ етіп жасауға тура келеді, басқару қызметтерін атқару үшін. Білезіктің қысқа культясына протез жасау шынтақ буынында қозғалысты сақтап қалуға байланысты қиынға соғады, ал ол өз кезегінде протездің арнайы конструкциясын қамтамассыз етеді.Протездің белсенділігі қарсы жақтың иығының көмегімен жүзеге асады, осыған байланысты қозғалыс протез мехнизміне берілеалады.Соңғы кездері биоэлектрлік басқарумен және электормеханикалық протездер жиі қолданылады.Саусақтрдың бүгілуі мен жазылуы белсенді және мөлшерлі түрде болады.Қызмет ету принципі бұлшықет жиырылуы кезінде пайда болған электропотенциялдар электрондық күшейткіш көмегімен мың есеге дейін ұлғаяды.

Тоқпан жілікті ампутациясынан кейін протездеу.

Бұл жағдайда тек қана белсенді протездер ғана қолданылады. Мұндай протездерге қол қызметін қалпына келтіретін серіппенің созылу күшімен байланысты. Алақан ротациясы серіппе көмегімен белсенді немесе белсенсіз атқарылады.

Негiзгi әдебиет: 1[349-352], 4[155-172], 5[92-110]

Қосымша әдебиет:1[125-146]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауыстырғыштарды жасаудағы биомеханиканың мәселесін түсiндiрiңiз.

  2. Қондырымдарға қойылатын негiзгi талаптар.

  3. Полимерлер деген не және олар үшiн не қолданылады?

  4. Полимерлердiң түрлерi.

14-шi дәрiстiң тақырыбы. Жасанды органдардың биомеханикасы. Жүректiң жасанды клапандарының биомеханикасы. Қосалқы қан айналудың биомеханикасы.

Біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың істен шығуы өлімге алып келеді, егер оған алмастырушы табылмаса. Алмастырушы ретінде басқа адамның алынған трансплантант немесе адамның өзі жасаған жасанды ағзаларды қолданады. Трансплантантты қолдануда мынандай жетіспеушілікпен байланыстырамыз, трансплантанттың шектеуші қоры және иммунды тебілу проблемасы. Осыларға қарсы әсер ету үшін ағзаға иммунитетті бәсеңдететін препараттарды егеміз, бірақ олардың өмір бойы қолдану керек, олар қымбат және кері әсері болып келеді. Қолдануға дайын, алмастырылатын ағзалардың оң жағы көп, мысалы хирургиялық әдісте аз уақыт алады, операцияға кезекшілік қысқарады, ал денсаулық сақтау мекемелері қаражатын үнемдейді. Алайда біздің өмірге маңызды ағзаларымыздың қызметі күрделі, сондықтан оларды жасанды материалдардан жасау қиын.

Барлық жасанды ағзалар тек органикалық қызметті ғана қамтамасыз етеді. Басқа маңыздырақ ағзалар, соның ішінде сезім мүшелері жиі қалпына келтіруді қажет етеді. Соңғы 30 жыл ішінде биоинертті материалдар қарапайым тәжірибеде 40-тан аса адам ағзасының бөліктерін алмастыруда қолдана бастады.

Англиялық Мэтью Грин есімді азамат өз жүрегін жасанды жүрекке ауыстырды. Дәрігерлердің айтуынша операция сәтті өткен. Отаны Кэмбридж қаласының маңындағы Папуорс ауруханасында жасаған. Ең бірінші рет жасанды жүрек салу операциясы 1969 жылы болған екен. Өкінішке орай Хаскел Карп есімді азамат үш күннен кейін жарық дүниемен қош айтысқан. Ал, бұған дейін ең ұзақ жасанды жүрекпен өмір сүрген адам Уильям Шредер екен. Ол операция арқылы өмірін 620 күнге ұзартыпты.

Негiзгi әдебиет:1[345-346], 4[242-247], 5[111-118]

Қосымша әдебиет:1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүректiң жасанды клапандарына қойылатын негiзгi талаптар.

  2. Биопротездердің механикалық протездердiң алдында қандай артықшылықтары бар?

  3. Жүрек қалташаларын шунттау не үшiн қолданылады?

15-шi дәрiстiң тақырыбы. Жасанды органдардың биомеханикасы. Кардиостимуляторлардың биомеханикасы. Жасанды жүректiң биомеханикасы. Жасанды өкпе, бүйрек және бауырдың биомеханикасы.

Соңғы уақытта қазақ ғылымының жетістігі — «жасанды тері» әдісі іске асырылып, оның Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес қауіпсіздігі дәлелденгені көпшіліктің назарын аударып жүр. Әлем ғалымдары мойындаған бұл жаңалық талайлардың дертіне шипа болып, салауатты өмір сүрулеріне жол ашары хақ.

Жасанды теріні пайдалану жобасы бойынша зерттеулер 3 жыл өткізілді. Бүгінгі күні қолданылып жүрген консервативті және хирургиялық емдеу әдістері ІІІ-IV дәрежелі терең күйіктерді емдеу кезінде жеткілікті нәтиже бермейді. Сондықтан хирургтер бұл нәтижелі тәсілді қолдануға дайын. Күйікті жаралардың қайта қалпына келуі екі есе жылдамдады. Жасушалар сау адамның терісінен алынады. Қазіргі уақытта біздің Орталық алған жасушалар өте төмен температурада сұйық азотта (-196­0С) сақталуда. Тері – ең үлкен және ең тез жаңаратын ұлпа. Терінің терең қабатында фибробласттар деп аталатын жасушалар орналасқан. Олардың арқасында тері өсіп, жаңарады. Жеңіл жарақаттанған тері аймақтары тез жазылады. Бірақ терең және кең күйіктерді қалпына келтіру үшін арнайы ем керек. Сондықтан медициналық биотехнология әдістерінің дамуымен, кең ауқымды күйіктерді емдеу мәселесін шешуге жаңа тәсілдер табылды, яғни жараларды жазуға қабілеті бар тері жасушаларын асептикалық зертханалық жағдайда алу мүмкіндігіне қол жеткізілді. Жасушалар арнайы қоректік орталарда өсіріледі. Жасушалық терапия тек хирургиялық бөлімшелерде өткізіледі. Әлемдік тәжірибеде тері қабатын қалпына келтіруге арналған био-препараттардың екі түрі: өсірілетін тері жасушалары мен ұлпаинженерлік құрылымдар кеңінен қолданылады. Терінің тірі эквиваленттері деп аталатын әзірлемелерді жасап шығару мен оны қолданысқа енгізу жағынан АҚШ пен Еуропа елдерінің «Genzyme Biosurgery», «Organogenesis Inc.», «Advanced BioHealing» секілді компаниялары алдыңғы қатарда. АҚШ емханалары мен ауруханаларында екі биопрепарат — «Dermagraft» және «Apligraf» — кеңінен қолданылады, олардың құрамында адамның тері жасушалары кератиноциттер мен фибробласттар бар. Бұл жасушалар коллаген (дәнекер ұлпаның ақуызы) төсемінде орналасып, терінің екі қабатты алмастырушысы болып табылады. Аталмыш биожабындарды ауыстырып салу әдісі АҚШ-та 120 000-нан астам пациенттерді емдеуде қолданылды. Соңғы кезде емханаларда өсірілетін кератиноциттердің суспензиясынан жасалған препарат қолданылады. Бұл препараттың көмегімен ұзақ уақыт жазылмайтын жаралары бар 1500-ден астам науқас адамдар дертінен айықты. Біздің алғашқы отандық жасу-шалық препарат адам терісінің фибробласттарының негізінде әзірленіп шығарылды. Ұлттық биотехнология орталығы жасушалар суспензиясының аэрозоль түрiнде пайдалануға ұсыныс жасады. Қазіргі кезде ол аэрозоль түрінде қолданылып, ашық жараға уақытша жабын болып табылады. Оның қолданылуы ыңғайлы әрі қарапайым. Күйікпен жарақаттанған аймаққа түскен жасушалар биологиялық белсенді заттар, гормондар және өсу факторларын бөліп, осының арқасында адам ағзасының өз бойының жасушалары тезірек өсе бас- тайды. Бұл әдіс аутодермапластикамен бірге және III-IV дәрежелі терең әрі кең ауқымды жарақаттарға қолданғанда өте тиімді. Бұл әдісті күйік шалған, үсіген, трофикалық және ұзақ уақыт жазылмайтын созылмалы жараларды емдеуде қолдануға болады. Адамның меншікті жасушаларын пайдалану қолайлырақ болғанымен, оларды өсіру көп уақыт қажет етеді (3-4 апта). Сондықтан науқастың өзінің жасушаларының орнына біздің Орталықта алынған донорлық жа-сушалардың қолдануы қажет. Біздің жасушалар Орталықтың қоймасында сұйық азотта сақталуда. Сұйық азотта жасушалардың сақталу мерзімі бірнеше жылға жетеді. Шетелде операция жасау шамамен 1000 АҚШ долларының көлемінде болады. Қазір бұл тәсілдің өзіндік құны бізде есептелуде. Дегенмен, бұл әдістің біздің елде бағасы шетелдік бағадан арзан болады. Прогерия – өте сирек кездесетін генетикалық ауру. Аурудың себебі – жасушалық ядрода ламин атты ақуыздың генетикалық өзгеріске ұшырауы. Бұл дертті емдеу үшін тек қана гендік терапия өткізу қажет. Дүниежүзінде бұл дертке шалдыққан барлығы 80-нен астам жағдай ғана белгілі. Жасушалық терапия бұл дертке тиімді болмайды, сондықтан қолданылмайды. Бүгінгі күні біз тек ересек адамдарға тәжірибе жүргіздік. Бірақ басқа мемлекеттерде жасушалық терапия балаларға да қолданылады. Балалар мен ересектерге арналған тері жасушаларының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 


Негiзгi әдебиет:1[362-363], 4[304-326], 5[119-130]

Қосымша әдебиет: 1[56-61]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай мақсаттарда кардиостимуляциялар қолданылады?

  2. Диализаторлар не үшiн қолданылады?

  3. Бауырдың өткiр жеткiлiксiздiгiн емдеудің қандай жолдары бар?

  4. Мембраналарға қойылатын негiзгi талаптар.