
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Биомеханика
- •Алматы 2012
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы –sillabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •Тапсырмалар тізімі мен түрлері, олардың орындалу графигі
- •Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдардың мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Тәжірибелік сабақтардың жоспарлары
- •2.4 Оқытушымен бірге өткізілетін студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары(соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары (сөж)
- •2.6 Өзіндік бақылауға арналған тестілік сұрақтар
- •Емтихан сұрақтарының тізімі
- •Глоссарий
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универсиеті
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасы
Қ.Ә.Ожикенов
Биомеханика
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
(5В071600 - Аспап жасау мамандығы бойынша)
Алматы 2012
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Қ.Ә.Ожикенов. Биомеханика. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (050716 - Аспап жасау мамандығы бойынша). – Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. Б. 1-72.
Аңдатпа: Пәннің оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасын (Syllabus), курстың тақырыптық жоспарын, зертханалық және өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар жүйесін, пән бойынша есептік жұмыстың орындалу графигін, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды, жазбаша жұмыстар тақырыптарын, емтихан сұрақтарының тізбегін қамтиды.
Биологиялық тіндер мен жүйелерді алмастыратын жасанды материалдарды жасап шығарудың негізгі жолдарын қарастырады. Адам ағзасы мен оны алмастырушылардың және биологиялық тіндердің механикалық қасиеттерін экспериментті түрде зерттеудің қорытындылары келтіріледі. Қалыпты және патология жағдайындағы адам ағзасының кернеулі-деформациялы жағдайын сараптау үшін есептеу сызбалары мен математикалық модельдері келтіріледі. Биологиялық жүйенің құрылымы мен жұмысы және оның қоршаған ортамен ара-қатынасының механикалық аспектілерінің жалпы принциптері, сонымен қатар медицинаның әр түрлі мәселелерін шешудегі инженерлік зерттеу тәсілдері қарастырылады.
Қорытынды жол (сурет – 2, кесте - 9)
Сын-пікір беруші:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
«Қолданбалы механика және
машиналарды құраудың негіздері»
кафедрасының меңгерушісі,
т.ғ.д., профессор С.Б. Қосболов
© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012 ж.
1 Пәннің оқу бағдарламасы –sillabus
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізуші оқытушы: РТжАТҚ кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Ожикенов Қасымбек Әділбекұлы.
Байланыс көздері: 7(727)- 292-70-45
Кафедрада болу уақыты: 418ӘҒ, 9.00-18.00
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Аталуы - «Биомеханика»
Кредит саны: - 3
Сабақ өткізу орны: Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасының компьютерлік кластары
1-кесте.Оқу жоспарынан көшірме
Курс |
Семестр |
Кредит Тер |
Аптадағы академиялық сағаттар |
Бақылау форма сы |
|||||
Дә ріс |
Зертхана лық сабақ |
Тәжірибелік сабақ |
СӨЖ |
СОӨЖ |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
3 |
5 |
3 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
9 |
Емтихан |
1.3 Пререквизиттер: Осы пәнді оқуға негіз болатын пәндер (мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасы бойынша пәндер тізімі): «Биология», «Адам анатомиясы», «Математика», «Информатика», «Механика» пәндерін оқу барысында алынған білімдерге негізделеді.
1.4 Постреквизиттер: Осы пәнмен байланысты болатын алдағы уақытта оқылатын пәндер тізімі: «Диагностиканың биотехникалық және медициналық аппараттары», «Жасанды өмірді қамтамасыз ету аппаратурасы», «Арнайы және мобильді роботтар».