
- •Ыбырайым айжан:
- •Үйде қамуда ұстау,кепіл: негіздері мен қолдану тәртібі
- •Бас бостандығын шектеумен байланысты емес өзге де қылмыстық процессуалдық бұлтартпау шаралары
- •Қылмыстық істі қозғаудың себептері, негіздері мен процессуалдық тәртібі
- •Алдын алудың нысандары
- •Алдын-ала тергеудің жалпы ережелері
Қылмыстық процестің мақсаттары мен міндеттері
Қылмыстық процестегі сатылардың жүйесі мен өндіріс жүйелері
Қылмыстық процессуалдық функциялар
Қылмыстық іс жұргізу заңының кеңістікте , уақыттыа және тұлғаларға қатысты әрекет етуі
Кінәсіздік презумпциясы
Қылмыстық процестегі сайысушылық пен тараптардың теңқұқықтылығы
Қылмыстық іс материалдардан жан-жақты, толық және обьективті зерттеу
Куәлік иммунитет
Сезікті, айыпталушы, сотталушыны қорғану, білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету.
Қылмыстық ізге түсу: нысандары мен жүзеге асыру тәртібі
Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлар және жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар. Зиянды өтеу. Тәртібі мен түрлері
Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері мен оларды есептеу тәртібі ,ұзарту мен қалпына келтіру
Процессуалдық шығындар; түсініг мен құрылымы ,өтеу тәртібі мен көлемі
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеудің негіздері мен тәртібі
Қылмыстық процестегі сот билігі функциясы. Сотқа дейінгі сатыларда соттық бақылау.
Қылмыстық сот өндірісіндегі прокурордың өкілеттілігі
Тергеушінің процессуалдық мәртбесі
Анықату органының бастығымен анықтаушының өкілеттіктері
Сезікті; түсініг мен процессуалдық мәртебесі
Қылмыстық процестегі қорғаушының өкілеттіктері: Қылмыстық істер бойынша қорғаушының міндетті түрде қатысуы
Жәбірленушің процессуалдық мәртебесі
Куәнің процессуалдық мәртебесі
Қылмыстық процестегі сарапшы
Қылмыстық процестегі маман
Қылмыстық процестегі куәгерлер институты
Қылмыстық процестегі аудармашының қатысуы
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру
Қылмыстық процесске қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану.
Қылмыстыұ процесттегі дәлелдемелер ұғымы
Дәлелдемелердің жіктелуі
Дәлелдің пәні мен шегі
Дәлелдеу процессі; оның кезеңдері
Дәлелдемелерді бағалау ережелері:. Дәлелдемелердің қатычтылығы, жіберіліуі, растылығы мен жеткіліктілгі
Дәлелдеме ретінде жол берілмейтін фактілік мәліметтер. Дәлелсіз анықталатын мән-жайлар
Куә мен жәбірленушінің айғақтары: түсінігі, пәні мен маңызы. Айғақтарды бағалау
Сарапшының қорытындысы: түсінігі, пәні,мазмұны мен маңызы. Сарапшының обьектілері. Сарапшының қорытындысының түрлері. Сарапшының қорытындысын бағалау
Маманның қорытындысы дәлелдемелердің қайнар көзі ретінде
Айыпталушының айғақтарын бағалау. Айыпталушының өз кінәсін мойындауының дәлелдемелік маңызы. Өзіне жала жабу және оның дәлелдемелік маңызы.
Заттай дәлелдемелер: түсінігі, түрлері мен оларды бағалау. Олардың түпнұсқалығының процессуалдық кепілдіктері. Қылмыстық істі шешуші барысында олардың тағдыры
Тергеу әрекеттерінің хаттамалары дәлелдеме ретінде. Құжаттардың заттай дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттарды бағалау
Құжаттар дәлелдеме ретінде. Құжаттардың заттай дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттырды бағалау.
Қылмыстық процессуалдық ұстау, кепіл: негіздері , себептері мен шарттары. Сезіктіні ұстаудың іс жүргізушілік тәртібі мен мерзімдері. Ұсталған сезіктіні босатудың негіздері мен қолдану тәртібі.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі . Қамаудың мерзімі мен ұзарту тәртібі
Ыбырайым айжан:
Үйде қамуда ұстау,кепіл: негіздері мен қолдану тәртібі
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 140 бабына сәйкес. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулердің бірі болып үйде қамауда ұстау болып табылады.149-бап.Үйде қамап ұстау сезiктiге, айыпталушыға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкiндiк беретiн шарттар болған, бiрақ адамды толықтай оқшаулау қажет бола қоймайтын немесе жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы және басқа да мән-жайлар ескерiле отырып, дұрыс емес деп ұйғарылған кезде соттың санкциясымен қолданылады. Бұлтартпаудың аталған шарасын таңдау туралы қаулыда қамауға алынған адамға қолданылатын бостандығын нақты шектеу және белгiленген шектеулердiң сақталуына қадағалауды жүзеге асыру жүктелген орган немесе лауазымды адам көрсетiледi. Қамап ұсталатын адамға белгiлi бiр адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез келген байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салынуы, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеу белгiленуi мүмкiн. Қамап ұсталатын адамның тұрғылықты жерi күзетiлуi мүмкiн. Қажет болған кезде оның мiнез-құлқын қадағалау белгiленедi.Қамауға алынған адамның тұрғын үйден шығуына белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық процесті жүргізуші орган тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғылықты жерінде болуын тексеруге құқылы.Тексеру күндізгі уақытта екі реттен артық және түнгі уақытта бір реттен артық жүргізілмейді. Лауазымды адамның қамауда отырған адамның тұрғын үйінде болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс. Үйде қамауда ұстаудың мерзiмi, оны ұзартудың және оған шағымданудың тәртiбi осы Кодекстiң 110, 153 және 496-499-баптарында белгiленген ережелермен айқындалады.
Бас бостандығын шектеумен байланысты емес өзге де қылмыстық процессуалдық бұлтартпау шаралары
145-бап. Жеке кепiлдiк.Жеке кепiлдiк сенiмге ие болған адамдардың олар сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi туралы жазбаша мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.Бұлтартпау шаралары ретiндегi жеке кепiлдiктi таңдауға тек кепiлдiк берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған қатысты кепiлдiк берiлетiн адамның келiсiмi бойынша ғана жол берiледi.Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк беретiн адамның айыбының мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн осы шара қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын жауаптылығы түсiндiрiлгендiгiн растайтын жеке кепiлдiгi туралы қолхат бередi.Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн жеке кепiлдiк қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде ақшалай айып салуы мүмкiн.
146-бап. Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқау.Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын сезiктiлердi, айыпталушыларды байқауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен Iшкi әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол адамдардың тиiстi мiнез-құлқы мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады. Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы таңдалған iстiң мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмнiң командованиесi: байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша хабарлайды.Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн аталған бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттi жасаған жағдайда әскери бөлiмнiң командованиесi ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.Өздерiне жүктелген байқау жөнiндегi мiндеттi орындамағанына кiнәлi адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.
147-бап. Кәмелетке толмағанды қарауына беру.Кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенiмге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы мекеме әкiмшiлiгiнiң қарауына беру аталған адамдардың бiреуiнiң кәмелетке толмағанның тиiстi мiнез-құлқы мен оның қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз етуді, соның ішінде оның үйден тыс жерде болуын шектеуді, қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз басқа жерге кетуіне жол бермеуді мойнына алып, жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтiнiшi бойынша ғана мүмкiн болады.Қарауына қабылдау туралы қолхат алынып қойылған кезде ата-аналарға, қамқоршыларға, қорғаншыларға, арнаулы мекемелер әкiмшiлiгi өкiлдерiне кәмелетке толмаған сезiк келтiрiлген немесе ол айыпталған қылмыстың сипаты туралы және қарауына алу жөнiндегi өздерiне қабылданған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етiледi.Қарауына кәмелетке толмаған берiлген адамдарға олар қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда осы Кодекстiң 145-бабының бесiншi бөлiгiнде және 160-бабында көзделген жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн. 148-бап. Кепіл.Кепiл сезiктiнiң, айыпталушының өзi не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитiне сезiктi, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етуге енгiзетiн ақшадан тұрады. Кепiл ретiнде прокурордың немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлiк қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң бағалылығын дәлелдеу кепiл берушiге жүктеледi. Кепiлдiң сомасын айыптаудың ауырлығын, сезiктiнiң, айыпталушының жеке басын, кепiл берушiнiң мүлiктiк жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам белгiлейдi. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепiл қабылданбайды. Кепiл прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана қабылданады.Кепiлдiң мөлшерi: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң жүз еселенген мөлшерiнен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз еселенген мөлшерiнен; орташа ауырлықтағы, қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүз еселенген мөлшерiнен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезiнде - айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болмайды.Кепiл берушiге, егер оның өзi сезiктi немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәнi түсiндiрiледi. Кепiлдiң қабылданғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерi түсiндiрiлгендiгi, ал кепiл берушiге сезiктi, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналатындығы туралы ескертiлгендiгi атап өтiлген хаттама жасалады. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдап алған лауазымды адам, сезiктi, айыпталушы, сондай-ақ ол басқа адам болса кепiл берушi қол қояды. Соттың депозитiне кепiл енгiзiлгендiгi туралы хаттама мен құжат iстiң материалдарына қосылады, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi тапсырылады.Сезiктi, айыпталушы қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етiп өзгертiледi. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайда прокурор сотқа кепiлдi мемлекеттiң кiрiсiне айналдыру туралы ұсыныс жолдайды. Сот кепiл берушi жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн болатын тиiстi шешiм қабылдайды.Қалған жағдайларда сот iстi тоқтату туралы үкiм немесе қаулы шығарған кезде кепiлдi кепiл берушiге қайтару туралы мәселенi шешедi.Қылмыстық iс алдын ала тергеуде тоқтатылған кезде кепiл анықтау немесе алдын ала тергеу органының қаулысы бойынша кепiл берушiге қайтарылады.