Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан тесттері МПД қаз 2013-14ж .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
787.34 Кб
Скачать

2.Амин қышқылдары

3. нуклеин қышқылдары

4.оксоқышқылдар

5. май қышқылдары

111. Екікомпонентті фермент молекуласы қалай аталады ?

1. изофермент

2. апофермент

3. кофермент

4.холофермент

5. профермент

112. Төмендегі факторлардың қайсысы ферментативті реакцияның жылдамдығына әсер етеді?

  1. ферменттің молекулалық массасы

  2. активті орталықтың орны

  3. алмастырылмайтын амин қышқылдарының болуы

4.ферменттің мөлшері

5. алмастырылмайтын амин қышқылдарының болуы

113. Бір ғана субстратқа әсер етіп, бір ғана реакцияны катализдейтін, бірақ физика-химиялық қасиеттері әр түрлі болатын ферменттер қалай аталады?

1.проферменттер

2.изоферменттер

3.апоферменттер

4.холоферменттер

5.преферменттер

114. « Катал» дегеніміз не?

1. ферменттің қуаттылығын анықтайтын бірлік

2. Михаэлис-Ментеннің константасы

3. ферменттің концентрациясын анықтайтын бірлік

4. ингибитордың концентрациясын анықтайтын бірлік

5. молярлық экстинкция коэффициенті

115. Профермент дегеніміз не?

1. IV құрылымы бар ферменттер

2. аллостериялық орталығы жоқ ферменттер

3. ферменттің активті алғызаты

4. ферменттің активсіз түрі

5.ферменттердің молекулалық формасының бірі

116.Фермент әсерінен не байқалады?

1. фермент концентрациясының азаюы

2.реакция өнімдері концентрациясының азаюы

3.ингибитор концентрациясының азаюы

4. активатор концентрациясының азаюы

5.субстрат концентрациясының азаюы

117. Ферменттің абсолютты субстраттық арнайылығы дегеніміз не ?

1.ферменттің тек бір субстратқа ғана әсер етуі

2. ферменттің екі немесе одан да көп субстратқа әсер етуі

3. ферменттің әр түрлі байланыстары бар субстраттар тобына әсер етуі

4. ферменттің байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етуі

5. ферменттің кеңістік құрылысы әр түрлі субстраттар тобына әсер етуі

118. Ферменттің салыстырмалы субстраттық арнайылығы дегеніміз не ?

1.ферменттің тек бір субстратқа ғана әсер етуі

2. ферменттің екі немесе одан да көп субстратқа әсер етуі

3. ферменттің әр түрлі байланыстары бар субстраттар тобына әсер етуі

4. ферменттің байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етуі

5. ферменттің кеңістік құрылысы әр түрлі субстраттар тобына әсер етуі

119. Ферменттің активті орталығының катализдік аймағы қандай қызмет атқарады?

1. әсер ету арнайылығын қамтамасыз етеді

2.субстраттық арнайылығын қамтамасыз етеді

3. реакция өнімдерімен әрекеттесуін қамтамасыз етеді

4. аллостерикалық орталығының түзілуін қамтамасыз етеді

5.реакцияның қайтымдылығын қамтамасыз етеді

120. Ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы қандай қызмет атқарады?

1. әсер ету арнайылығын қамтамасыз етеді

2.субстраттық арнайылығын қамтамасыз етеді

3. реакция өнімдерімен әрекеттесуін қамтамасыз етеді

4. аллостериялық орталығының түзілуін қамтамасыз етеді

5.реакцияның қайтымдылығын қамтамасыз етеді

121. Миокард инфарктысын диагностикалауда биохимиктер тек миокардта кездесетін органдық арнайылығы бар изоферменттерді анықтайды. Миокард инфарктысы кезінде қанда лактатдегидрогеназаның қандай изоферменті пайда болады?

1.ЛДГ1

2. ЛДГ2

3.ЛДГ3

4.ЛДГ4

5.ЛДГ5

122. 00 С-дан төмен температурада ферменттің белсенділігі күрт төмендейді. Бұл немен байланысты?

1.фермент гидролизі жүреді

2.ферменттің қайтымды денатурациясы жүреді

3. ферменттің қайтымсыз денатурациясы жүреді

4. фермент молекуласының біріншілік құрылымының өзгеруі

5. субстрат молекусының жылу қозғалысының төмендеуі жүреді

123. Қай температура ферменттің қайтымсыз инактивациясын тудырады?

1. 0°С

2.50°С

3.30°С

4.40°С

5.100°С

124.Температуралық оптимум дегеніміз не ?

1. қайтымсыз инактивация байқалатын температура

2. фермент минимальды белсенділікке ие болғандағы температура

3. фермент максимальды белсенділікке ие болғандағы температура

4. қайтымды инактивация байқалатын температура

5. фермент белсенді емес жағдайдағы температура

125. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде қандай комплекс түзіледі ?

1.фермент-субстрат

2.фермент-ингибитор

3. фермент-субстрат-ингибитор

4. фермент-реакция өнімі

5. субстрат-ингибитор

126. Ферменттердің класқа жіктелуінің негізінде не жатыр?

1. ферментттің структурасы

2. ферментттің белсенділігі

3.катализдейтін реакция түрі

4. субстраттың структурасы

5. органдық арнайылығы

127. Ас қорытуға қатысатын ферменттер төмендегі ферменттер класының қайсысына жатады ?

1. гидролазалар

2.оксидоредуктазалар

3.трансферазалар

4.лиазалар

5.изомеразалар

128. Қай қосылыс пепсиногеннің пепсинге айналуының активаторы?

1.энтерокиназа

2.өт қышқылдарының тұздары

3.тұз қышқылы

4.трипсин

5.химотрипсин

129. Ферменттің әсерін тежейтін химиялық заттар қалай аталады?

1.активаторлар

2.модификаторлар

3. стабилизаторлар

4. ингибиторлар

5.корепрессорлар

130.Трипсин ұйқы безінде белсенді емес күйінде түзіледі. Төмендегі заттардың қайсысы трипсиногеннің активаторы болып табылады?

1.магний иондары

2.өт қышқылдарының тұздары

3.энтеропептидаза

4.тұз қышқылы

5.химотрипсин

131. Неліктен малон қышқылы сукцинатдегидрогеназаның бәсекелес ингибиторы болып саналады?

1.субстратпен құрылымдық сәйкестігі бірдей

2. ферментпен құрылымдық сәйкестігі бірдей

3.ферменттің активті орталығымен құрылымдық сәйкестігі бірдей

4. коферментпен құрылымдық сәйкестігі бірдей

5. ферменттің аллостерикалық орталығымен құрылымдық сәйкестігі бірдей

132.Күрделі эфирлік байланысы бар қосылыс фермент әсерінен жай заттарға ыдырайды. Ыдырау судың қатысуымен өтеді. Осы фермент төмендегі аталған ферменттердің қай класына жатады?

1.гидролазалар

2.трансферазалар

3.лиазалар

4.лигазалар

5.изомеразалар

133.Науқаста қаны мен зәрінде амилаза ферментінің белсенділігі артқаны анықталды. Қай орган зақымдануы мүмкін ?

1.ұйқы безі

2. тоқ ішек

3. жұлын

4.бүйрек

5.ащы ішек

134. Карбангидраза құрамындағы мырыш қандай роль атқарады?

1.НСО3 - түзілуіне қатысады-

2.кофермент құрамына кіреді

3.судың гидрокситобымен байланысады

4.фермент молекуласының беткейінде орналасады

5.ферменттің активті орталығының компоненті болып табылады

135. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа құрамында НАДФ коферменті бар және ол пентозофосфатты циклдің ферменті болып табылады, осы циклде НАДФ тотықсызданады. НАДФН2 эритроциттердің антитоксикалық жүйесінің компоненті болып табылады. Осы жүйе қызметі жеткіліксіздігі кезінде эритроциттерде не байқалады?

1. гендік мутация

2. хромосомалық мутация

3. эритроциттердің ыдырауы

4. белок синтезінің бұзылуы

5. микрофилдердің жиналуы

136. НSКоА-ның құрамына қандай витамин кіреді?

1.тиамин

2.пантотен қышқылы

3.ретинол

4. викасол

5.аскорбин қышқылы

137.Аминотрансферазалардың коферментінің құрамына қандай витамин кіреді?

1.В1

2.В2

3.Вс

4.В5

5.В6

138.Тетрагидрофоль қышқылының құрамына қандай витамин кіреді?

1.С

2.Д

3.В1

4.В2

5.Вс

139. Ацилтрансферазалар қандай атом топтарын тасымалдайды?

1.фосфор қышқылдарының қалдықтарын

2.карбон қышқылдарының қалдықтарын

3.амин қышқылдарының қалдықтарын

4.гидроксиқышқылдарының қалдықтарын

5.кетоқышқылдарының қалдықтарын

140.Қандай ферменттер біркомпонентті болып саналады?

1.ацилтрансферазалар

2.аминотрансферазалар

3.фосфотрансферазалар

4.метилтрансферазалар

5.алкилтрансферазалар

141.Төмендегі реакциялардың қайсысы аминотрансферазалардың қатысуымен өтеді?

1.карбоксилдену

2.тотығудан фосфорлану

3.трансаминдену

4.дезаминдену