Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

7. Бақылау.

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Негізгі препараттарға рецепт жазу. Талдауда препараттың тобын, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулері мен жанама әсерлерін көрсету.

3. Тесттік тапсырмаларды орындау.

Өзіндік бақылауға арналға тесттік тапсырмалар

Тест №1

Дәрілік заттардың тобын анықтау (1). Нысана-тіндердің (бұлшық ет, май тіні, бауыр) инсулинге сезімталдығын жоғарылатады, май жасушаларында липидтердің синтезін төмендетеді. II типті диабетте пероралді қолданылады, тамақ алдында 30 минут бұрын қабылдайды

1. сульфонилмочевина туындылары 2. бигуанидтер 3. Орын басушы ем үшін қолданылатын заттар

4. тиазолидиндион туындылары 5. альфа-гликозидазаның тежегіштері

Тест №2

Сәйкестендіру: А – инсулиннің қысқа уақыт әсер ететін препараттары, Б - инсулиннің орташа ұзақтықта әсер ететін препараттары, В- инсулиннің ұзақ уақыт әсер ететін препараттары:

1. ультратард ЧИ 2. хумулин-регуляр ЧИ 3. протафан СИ 4.хумалог ЧИ 5. инсулин семиленте СИ

1. А-2, 4 Б- 3,5 В- 1 2. А- 3,5 Б-4 В- 1,2 3. А- 1,5 Б- 2,3 В-4

Тест №3

Қант диабетінде инсулинді қолданғанда дамитын әсерлерге жатады (4):

  1. қанда глюкозаның концентрациясының төмендеуі 2 .гликогеннің тіндерде жиналуы 3.глюкозурия, полидипсия 4. зәрде азотты қосылыстардың концентрациясының төмендеуі 5. май қышқылдарының синтезінің жоғарылауы

Тест №4

Аш ішекте көмірсулардың сіңірілуіне кедергі жасайтын препарат (1):

  1. метформин 2. инсулин 3. глюкагон 4. акарбоза 5. гликлазид

Тест№5

Актрапидтің негізгі қасиеттеріне жатады (4):

  1. гипогликемиялық әсері 15-30 минуттан соң дамиды 2. максималді әсері 1-4 сағаттан соң байқалады

3. әсер ету ұзақтығы 4-8 сағат 4. тері астына, бұлшықетке, көктамырға енгізуге болады 5. тек тері астына енгізіледі

Тест №6

Препаратты анықтау. Пероралді қолданылатын синтетикалық гипогликемиялық зат. Қан сарысуында қанттың деңгейін төмендетеді, липогенезді тежейді, анорексигенді әсері болғандықтан дене салмағын төмендетеді, қант диабеті мен семіздік қосарланған науқастарға тағайындалады. Гипогликемиялық әсерінің механизмі бауырда глюконеогенездің және глюкозаның тіндерге түсуінің тежелуіне байланысты.

  1. метформин 2. глибенкламид 3. акарбоза 4. гликлазид 5. актрапид

Тест №7

Гормондық препараттардың әсер ету механизмдері (4):

  1. аденилатциклазаны белсендіреді, жасуша ішінде цАМФ мөлшерін арттырады

  2. цАМФ-те интрацеллюлярлы үдерістерге қатысатын протеинкиназаларды ынталандырады 3. жасуша мембранасының басқа эндогенді заттарға өткізгіштігін өзгертеді (мысалы, глюкозаның жасуша арқылы енуі) 4. цитоплазмалық рецепторлармен өзара әсерлесіп, ядроға енеді, гендердің транскрипциясын реттейді 5. кальций ионының жасуша ішіне енуін тежейді

Тест№8

Инсулин препараттарына жатады (4):

  1. актрапид НМ 2.хумулин - регуляр ЧИ 3. протафан ЧИ 4. глимепирид 5.ультратард ЧИ

Тест №9

Глюкагонға тән (4):

1. ұйқы безінің альфа-жасушаларымен өндіріледі. 2. қант диабетін емдеу үшін қолданылады 3. көмірсу алмасуына әсер етеді, гипергликемия тудырады 4. бауырда гликогенолиз, гликонеогенезді ынталандырады 5. оң инотропты әсер көрсетеді, атриовентрикулярлы өткізгіштікті жеңілдетеді