Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

3. Дәрістің тезисі.

Эндокринді, қазіргі мәліметтер бойынша нейроэндокринді жүйе барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді, сыртқы және ішкі ортаның тұрақты ауысып тұратын факторларына ағзаның бейімделуін қамтамасыз етіп, ағзаның қалыпты өмір сүруіне қажет гомеостазды сақтап тұрады.

ОЖЖ барлық эндокринді бездердің гормон секрециясын реттеуге қатысады, ал гормонрмондар өз алдына ОЖЖ-нің қызметіне әсер етеді.

Эндокринді жүйенің қызметінің нервтік реттелуі гипоталамус гормондары, сонымен қатар автономдық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.

Гормонды препараттар – әсер етуші заты гормон және гормонға ұқсас биологиялық әсері бар синтетикалық заттар болатын дәрілік заттар.

Химиялық құрамына қарай гормонды препарат келесідей топтастырылады.

  1. Белокты және пептидті құрылысты (гипофиз гормон препараттары, қалқанша маңы және ұйқы бездерінің гормоны және кальцитонин).

  2. Амин қышқылдарының туындылары – қалқанша безінің гормондары және эпифиз безінің гормондық;

  3. Стероидты құрылысты – БҮБ және жыныс бездері гормондарының препараттары.

Шартты түрде гормонмен емдеудің үш түрін ажыратады. Орын басушы, ынталандырушы және тежегіш.

Орын басушы – ағзада жеткіліксіз гормон болса соған сәйкес гормондық препаратты енгізумен толтырылады. Орныбасушы гормондық терапияны тұрақты түрде жүргізу қажет, себебі, оның емдік әсері науқаста гормонды препарат қабылдағанға дейін сақталады.

Ынталандырушы гормонды терапия – кез-келген эндокринді бездің жетіспеген қызметін шоғырландыру үшін қолданылады – тропты гормондармен емдейді. Гипофиздің алдынғы бөлігінің тежелуін ескерту үшін және ынталандырушы бездің қызметі жойылып кетпес үшін емді үзілмелі курстармен жүргізеді.

Тежегіш гормонмен емдеу – эндокринді бездердің гиперфункциясында және сонымен қатар гормонға тәуелді қатерлі ісіктерді кешенді емдеу үшін қолданылады.

Адам үшін эндокринді жүйенің аса маңызды элементі қалқанша безі болып табылады, азт алмаудың барлық түрін және ағзаның өсуін реттеуде ерекше орын алатын трийодтиронин және тироксин гормондарын өндіреді. Олардың синтезі үшін йод қажет. Туған кезеңнен бастап йод ағзаға жеткіліксіз түсетін болса гипотиреоз айқын дәрежеде көрініп, кретинизм дамиды. Физикалық, психикалық дамуы артта қалады, қаңқаның және ОЖЖ қалыптасуы бұзылады. Ересектерде қалқанша безі қызметінің жеткіліксіздігінде зат алмасу үрдістері тежеледі, физикалық және ақыл ой қызметі төмендейді, апатия, тіндердің ісінуі, жүрек қызметінің бұзылуымен көрінеді. Бұл патология «микседема» деген атқа ие.

Қалқанша безі қызметінің бұзылыстарын медикаментозды түзету келесі топтың препартттарынмен жүргізіледі:

  1. Гипотиреозда қолданылатын заттар.

  2. Гипертиреозда қолданылатын заттар

Медициналық практикада қалқанша безі гормондарының L – тироксин, трийодтиронин гидрохлорид,і тиреотом, тиреокомб препараттары қолданылады. Оларды қолдануға көрсетулер: гипотиреоз, микседема, кретинизм, эндемиялық және спородиялық зоб, гипотиреоидты семіздік, қалқанша безінің обыры.

Қалқанша безі гормондары шамадан көп өндірілгенде гипертиреоз дамиды.

Гипертиреозды фармакотерапиялық түзету «антитиреоидты» препараттармен жүргізіледі. Олар келесі топтарға жіктеледі:

1. Қалқанша безі фолликуласының жасушаларын бұзатын препараттар (радиоактивті йод).

  1. Қалқанша безімен йодтың ұсталуын бұзатын препараттар (калий перхлораты).

  2. Тиреоидты гормондардың синтезін тежейтін препараттар (мерказолил).

  3. Аденогипофизде ТТГ өндірілуін тежейтін препараттар (йод, дийодтирозин).