Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

1 СӨЖ

1. Тақырыбы «ЖБЖ фармакотерапиясының қазіргі принциптері»

2. Мақсаты: ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын заттардың жіктелуі және номенклатурасын өз бетінше меңгеру; ЖБЖ кезінде препараттарды таңдау және дұрыс қолдану үшін жеке препараттардың фармакодинамикасын, фармакокинетикасын және жанама әсерлерін талдау.

3. Міндеттері:

1. ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлері;

2. ЖБЖ фармакотерапиясында қолданылатын фармакологиялық заттардың әсер ету механизмі туралы түсінік;

3. Медицинада негізгі қолданылуы;

4. Негізгі жанама әсерлері;

5. Басқа препараттармен өзара әсерлесуі.

4. Орындау түрі:

«ЖБЖ фармакотерапиясының қазіргі принциптері» тақырыбына реферат дайындау

5. Орындау критерийлері:

а) соңғы жылдардағы әдебиет көздерін талдау және меңгеру;

б) ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру;

в) жоспарын жасау;

г) библиография құрастыру;

д) реферативті жұмысты рәсімдеу.

6. Реферативті жұмыстың құрылымы:

1. Мұқаба парақ (үлгі бойынша безендіріледі);

2. мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

3. кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

4. негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

5. қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

6. әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефераттың мұқаба парағы

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА______________________________________________________

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: _________________________________________________

_________________________________________________

Студенттың аты жөні__________________________________________

Факультеті _____________________________________________

Курсы ____________________________________________________

Тобы __________________________________________________

Оқытушы ___________________________________________

Алматы, 200_- 200_ оқу жылы

7.Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

8.Тапсыру мерзімі: «Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

9. Бағалау критерийі: 10 баллдық жүйе бойынша.

Дәстүрлі бағасы

Критерийлері

Балл

«5»

СӨЖ түріне сәйкес барлық талаптардың орындалуы

9-10 б.

«4»

Шамалы қателіктер жіберілген, тапсырмалардың толық орындалмауы

7,5-8,9 б.

«3»

Айтарлықтай қателіктер жіберілген, тапсырмалар толық орындалмаған

5-7,4 б.

«2»

Нақты қателіктер жіберілген, тапсырмалар орындалмаған, СӨЖ критерийлерге сәйкес келмейді

0,1-4,9 б.

СӨЖ жоқ

0 б.