Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Тест №9

Налидикс қышқылына тән барлық тұжырымдар дұрыс, біреуінен БАСҚА:

  1. Налидикс қышқылы тек зәр шығару жолдарының инфекцияларында тиімді.

  2. Балалар ересектерге қарағанда.налидикс қышқылының нейротоксикалық әсеріне сезімтал

  3. Налидикс қышқылы бактериялардың өсу және көбеюі кезінде ДНҚ-гиразамен (топоизомераза II) байланысу арқылы ДНҚ репликациясын бұзады.

  4. Налидикс қышқылы ципрофлоксацинге қарағанда белсенді.

  5. Налидикс қышқылы бүйрек аурулары бар науқастарда қолданылмайды.

Тест №10

27 жасар науқаста простатит анықталды. Сонымен қатар ол ІІ типті қант диабетімен ауырады, оны диетамен, дене массасын қадағалаумен және пероралды гипогликемиялық заттармен емдейді. Дәрігер оған ко-тримоксазол тағайындады. Барлық тұжырымдар дұрыс, біреуінен БАСҚА:

  1. Ко-тримоксазол бактериялық простатиттің емінде тиімді.

  2. Пероралды гипогликемилық заттардың дозасы көбейтілуі керек, себебі науқаста инфекциялық үрдіс бар.

  3. Бұл дәрінің жедел гемолиз шақыру мүмкіндігі туралы науқасқа айту қажет.

  4. Фоль қышқылы бар тағамдық қосылыстарды тағайындау керек.

  5. Науқасқа көп сұйықтық қабылдау керек.

Тест № 11

Препараты анықтау. Грамтеріс бактериялармен шақырылған инфекцияларда тиімді, бірақ емдеу кезінде резистенттілік дамуы мүмкін. Ол хиноксалинге қиылысқан резистенттілік шақырады, ешқандай жүйелік антибактериялық әсері жоқ.

  1. Триметоприм.

  2. Налидикс қышқылы.

  3. Нитрофурантоин.

  4. Ципрофлоксацин.

  5. Метронидазол.

Тест №12

Препаратты анықтау. Егер бұл уроантисептикті бүйрек аурулары бар науқастарда қолданса, нейропатиялар дамуы мүмкін. Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназасы жоқ адамдарда жедел гемолиз шақырады.

  1. Триметоприм

  2. Нитрофурантоин (фурагин)

  3. Ципрофлоксацин

  4. Метронидазол

  5. Сульфадиазин

Тест №13

Препаратты анықтау. Фторхинолон туындысы, кең спектрлі, бүйрек инфекцияларында таңдамалы препарат ретінде қолданылады.

  1. Фурагин

  2. Нитроксолин

  3. Ципрофлоксацин

  4. Налидикс қышқылы

  5. Палин (пипемидий қышқылы)

Тест №14

Пенициллиндер мен цефалоспориндер биотаралуының жөніндегі тұжырымдар дұрыс, біреуінен БАСҚА:

  1. Дәрілік заттардың пероралды биожеткіліктігі асқазанның қышқыл ортасының тұрақтылығына байланысты.

  2. Цефалоспориндер пенициллиндерге қарағанда ГЭТ-дан жақсы өтеді.

  3. Егер прокаин тұзы ретінде енгізсе, пенициллиндердің жартылай элиминация уақыты ұзарады.

  4. Пенициллиндер полярлы молекулалар болып табылады, осыған байланысты бауырда метаболизмге ұшырамайды.

  5. Ампициллин және цефтазидим билиарлы секреция жолы арқылы элиминацияланады.

Тест №15

2 Жасар балаға зәр шығару жолдарының инфекциясында тағайындауға болатын препарат

  1. нитроксолин

  2. налидикс қышқылы

  3. ципрофлоксацин

  4. сульфален

  5. фуразолидон

Ескерту: Тестік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

2 Сабақ