Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

6. Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Генле ілмегінің барлық деңгейлерінде әсер ететін күшті зәр айдайтын затты атаңыз.

  2. Калий сақтаушы зәр айдайтын заттарды атаңыз.

  3. Қандай зәр айдайтын заттар осмостық диуретиктерге жатады.

  4. Зәр айдайтын заттармен емдеудегі негізгі қағидаларды атаңыз.

  5. Ми ісінуі кезінде қолданылатын препараттарды атаңыз.

  6. Бір препаратпен емдеудің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда не істеу керек?

«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша практиклық сабаққа арналан әістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: «Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы»

  1. Мақсаты: несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын препараттар тобының фармакокинетика және фармакодинамика ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.

  1. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

  1. Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, ФК, ФД , негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу.

  2. Емдеудің тиімділігін арттыру мақсатында несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының микробқа қарсы терапиясы үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдауды үйрену.

  3. Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларында дәрілік қалыптарды таңдауды, оларды қолдану тәсілдерін, қолдануға қарсы көрсеткіштерін, жағымсыз әсерлерді анықтауды және оларды дер кезінде түзету жүргізуді үйрену.

  4. Дәрілік қалыптарға рецепті жазу ережелерін білу.

Операциональды компетенция:

1. Рецепт жазу және талдау.

2. Препараттың бір реттік және тәуліктік дозасыны анықтау.

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

3. Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -2 мин

  • Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 10 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы - 43 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы - 25 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру –20 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау -1- 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын микробқа қарсы заттардың негізгі топтары.

  2. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибиотиктердің жіктелуі.

  3. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибиотиктердің салыстырмалы сипаттамасы.

  4. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын синтетикалық микробқа қарсы заттар.

  5. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын микробқа қарсы синтетикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  6. Зәр шығару жүйесінің қабыну ауруларында қолданылатын антибактериялық емнің балаларда қолдану ерекшеліктері.

5. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, нұсқаулық бойынша тест сұрақтарын және жағдайлық есептерді қорытындылай отырып шешу, рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу, дискуссиялар, кіші топтарда жұмыс істеу, иллюстрациялық материалмен жұмыс істеу.