Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

6. Тексеруге арналған сұрақтар (кері байланыс)

2 дәріс

1. Тақырыбы: «Зәр айдайтын заттар».

2. Мақсаты: студенттерді зәр айдайтын заттардың жіктелуі, әсер ету механизмі және сипаттамасымен, рационалды емдеу мен таңдау қағидаларымен таныстыру».

3.Дәрістердің тезистері

Зәр айдайтын заттар (диуретиктер) – зәрмен су мен тұздардың шығарылуын күшейтетін және организмнің тіндері мен қуыстарында сұйықтықты азайтатын дәрілік заттар. Диуретиктердің әсер ету механизмі әртүрлі және нефронның әртүрлі бөлімдеріндегі үрдістерге ісер етеді. Жіктелуі: әсер ету механизмі және химиялық құрылымы, әсерінің орналасуы, К+ шығарылуына әсері, әсер ету күші, жылдамдығы мен ұзақтығына байланысты. Сонымен қатар, бұйрек қанайналымына және аздап– түтікшелерге әсері бар факультативті диретиктерді: Са++антагонистері; ангиотензинге айналдырушы ферменттің (ААФ) ингибиторлары; допаминнің агонистерін бөліп қарастырады.

Зәр айдайтын заттармен емдеудегі қағидалар:

  • Берілген науқасқа тиімді ең әлсіз диуретиктердітағайындау;

  • Зәр айдайтын заттарды тиімді диурезді (белсенді диурез тәулігіне 800-1000 мл қосылуы, сүйемелдеуші ем кезінде тәулігіне 200 мл қосылуы) қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде тағайындау;

  • Тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда әсер ету механизмі әртүрлі диуретиктерді қосып тағайындау.

Зәр айдайтын затты таңдау аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда, мысалы өкпе ісінуі кезінде, әсері күшті және тез әсер ететін ілмектік диуретиктерді тамыр ішіне енгізеді. Сонымен қатарғ айқын ісінулік синдром кезінде (мысалы, созылмалы жүрек жетіспеушілігінің декомпенсация сатысындағы науқастарда) емді ілмектік диуретиктерді тамырға енгізуді тағайындаудан бастап, ары қарай науқасты фуросемидті ішке қабылдауға көшіреді.

Бәр препаратпен емдеудің тиімділігі жеткіліксіз болғанда әсер ету механизмі әртүрлі диуретиктерді біріктіріп тағайындайды: фуросемид + гидрохлортиазид, фуросемид + спиронолактон; калий ионының тепе-теңдігінің бұзылуының алдын алу үшін – фуросемид пен калий сақтаушы диуретиктерді бірге тағайындайды.

Ұзақ уақыт бойы емдеу үшін (мысалы, артериалды гипертензия кезінде) тиазидтер мен калий сақтаушы препараттар қолданылады.

Осмостық диуретиктер сулық диурезді арттыру және анурияның алдын алу үшін (мысалы, гемолиз кезінде), сондай-ақ басішілік және көзішілік қысымды төмендету үшін көрсетілген.

Карбоангидраза ингибиторларын глаукома (көзішілік сұйықтықтың түзілуін азайтады), талма ауруы (эпилепсия), биіктік ауруының жедел кезеңінде, ауыр гиперфосфатемия кезінде зәрмен фосфаттардың шығарылуын арттыру үшін қолданады.

4. Көрнекілік материалдар: мультимедиялық дәрістердің электрондық нұсқалары (студент кафедрадан алуы тиіс)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы, 2004, 604 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 с.

  3. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

  2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

  3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

  5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

  6. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

  7. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

  8. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

  9. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 с.

  10. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

  11. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

  12. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.