Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать
  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрлері.

  2. Аритмияға қарсы заттардың жіктелуі.

  3. Препараттардың жеке топтарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы.

  4. Жүрек ырғағы бұзылыстары фармакотерапиясының негізгі принциптері.

  5. Аритмияға қарсы заттардың әсер ету механизмі.

  6. Жүрек ырғағы бұзылыстарының түрлерінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  7. Аритмияға қарсы заттардың жанама әсерлері, басқа препараттармен өзара әсерлесуі.

  1. Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004-608 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - С 327-331, 418-435, 396-406.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – С 320-327, 399-415, 377-387.

  4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 212-216, 276-287, 231-238 с.

  5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 184-186.

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

  2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

  3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

  4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

  5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

  6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

  7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

  8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

  9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

  10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

Бағдарламалық препараттар: хинидин сульфаты, новокаинамид, лидокаин, амиодарон, флекаинид, этмозин, верапамил, аймалин, дифенин, дилтиазем, фалипамил, пропранолол, атенолол, метапролол, изадрин, адреналин гидрохлориді, эфедрин гидрохлориді, калий және магний препараттары, аденозин, атропин сульфаты, калий хлориді, аспаркам, панангин.

Рецепт жазуға арналған препараттар: хинидин сульфаты, новокаинамид, лидокаин, верапамил, адреналин гидрохлориді, пропранолол, изадрин.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1 (1жауап)

Хинидин сульфаты

  1. I топтың, ІА топшаның мембрана тұрақтандырушы заттар

  2. Ганглиоблокатор

  3. α 1 – адреноблокатор

  4. Кальций өзегінің (каналының) тежегіші

  5. β-адреноблокатор

Тест №2 (1жауап)

Новокаинамид:

  1. Натрий өзекшесінің (каналының) тежегіші

  2. Ганглиоблокатор

  3. α 1 - адреноблокатор

  4. β-адреноблокатор

  5. М – холиноблокатор

Тест №3 (1жауап)

Лидокаин:

  1. Реполяризация ұзақтығын арттыратын зат

  2. β-адреноблокатор

  3. Натрий өзекшесінің (каналының) тежегіші, IВ топшасы

  4. Калий өзекшесінің (каналының) тежегіші

  5. Кальций өзекшесінің (каналының) тежегіші

Тест №4

Верапамил:

  1. Бета - адреноблокатор

  2. Калий өзекшесінің (каналының) тежегіші

  3. Кальций өзекшесінің (каналының) тежегіші

  4. Ганглиоблокатор

  5. α 1 - адреноблокатор

Тест №5 (1жауап)

Дифенин:

  1. Калий өзекшесінің (каналының) тежегіші

  2. Натрий өзекшесінің тежегіші, IВ топшасы

  3. Кальций өзекшесінің (каналының) тежегіші

  4. α 1 - адреноблокатор

  5. Ганглиоблокатор

Тест 6 (2 жауап)

Верапамилдің жанама әсерлері:

  1. Ұйқы безінің дисфункциясы

  2. Артериялық қан қысымының жоғарылауы

  3. Жүрек жетіспеушілігі

  4. Жүрекше-қарыншалық тосқауыл

  5. Ототоксикалық әсер

Тест 7 (3 жауап)

Амиодаронның жанама әсерлері:

  1. Қалқанша безінің дисфункциясы

  2. Шамадан тыс брадикардия

  3. Зәрдің қою сары түске боялуы

  4. Фотодерматиттер

  5. Тахикардия

Тест 8 (1 жауап)

«Аритмияға қарсы әсер» терминіне дұрыс анықтама беріңіз:

  1. Жүрек ырғағының артуы

  2. Жүрек ырғағының баяулауы

  3. ЖИА симптомдарын жою

  4. АҚ төмендеуі

  5. Жүрек ырғағының қалыпқа келуі

Тест №9 (2 жауап)

Аритмияға қарсы әсері бар кальций антагонисті:

  1. Амиодарон

  2. Верампамил

  3. Дилтиазем

  4. Новокаинамид

  5. Хинидин

Тест №10 (1жауап)

Фалипамилдің аритмияға қарсы әсерінің механизмі:

  1. Синустық түйінде натрий мен калийдің ағысын бөгеу

  2. Кальций өзекшесінің тосқауылы

  3. Бета-1-адренорецепторларды бөгеу

  4. Симпатикалық иннервацияны ынталандыру

  5. Циклдық АМФ жинақталуы

Тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тест №1

1

Тест №2

1

Тест №3

3

Тест №4

3

Тест №5

2

Тест №6

3,4

Тест №7

1,2,4

Тест №8

5

Тест №9

2,3

Тест №10

1


3 сабақ

«Жүрек тамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқау

  1. Мақсаты: Жүрек тамыр жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білімдерін қорытындылау.

  2. Оқыту міндеттері:.

Когнитивті компетенция

  1. Жүрек тамыр жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.

  2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.

  3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.

  4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

  2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)