Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

7. Бақылау:

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап,

  1. Рецепті талдаумен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу, тобын, фармакологиялық әсерін, қолдануға көрсетпелерін және жанама әсерлерін талдап жазу.

  2. Тест тапсырмаларын орындау.

Өзіндік бақылауға арналған тесттер:

Тест №1

Пропранололдың антигипертензивті әсері байланысты (1):

1. Бета-адреноблокаторлық әсеріне

2. Тыныштандырғыш әсеріне

3. Кардиотоникалық әсеріне

4. Антиангиналды әсеріне

5. Ганглиоблокаторлық әсеріне

Тест №2

Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторлары (2):

1) Гепарин

2) Фозиноприл

3) Каптоприл

4) Дипиридамол

6. Метопролол

Тест №3

Бета адренорецепторлардың тежегіштеріне жататын препараттар (2):

1) Бисопролол

2) Нитроглицерин

3) Валидол

4) Пропранолол

5) Диазоксид

Тест №4

Кальций өзекшелерінің тежегіштерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз (1):

1) Тәждік тамырлардың рефлекторлы кеңеюі

2) Орталық имидазолиндік рецепторлардың тежелуі

3) Азот монооксидінің жеткіліксіздігінің орнын толықтыру, жасуша ішіндегі кальцийдің мөлшерінің азайып, тамырлардың кеңеюіне және жүректің жұмысының төмендеуіне әкеліп соғады.

4) Кальций иондарының баяу кальций өзекшелерімен ағыуының тоқтауы.

5) Пресинапстық мембранадағы норадреналиннің қорының азаюы.

Тест №5

Препаратты қасиеті бойынша анықтау: әсері тез басталатын ілмектік диуретик - ағзадан натрий мен хлордың шығарылуын жылдамдатады. Шеткі қан тамырларды кеңейтуіне және диуретикалық әсеріне байланысты препарат гипотензивті әсер көрсетеді. Көк тамырға енгізгенде әсері 15-20 мин кейін басталып 3 сағатқа созылады, ішке қабылдағанда - 30-50 мин басталып, 4 с. сақталады

1. Гепарин

2. Фуросемид

3. Каптоприл

4. Дипиридамол

5. Пропроналол

Тест №6

Нифедипиннің қолданылуға көрсетілуі (2):

1. Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін

2. Бронхиалды демікпе

3. Артериалды гипертензия

4. Қант диабеті

5. Обструктивті бронхит

Тест №7

Гипертониялық кризде қолданылатын диуретик (1):

1. Лозартан

2. Фуросемид

3. Дипиридамол

4. Фозиноприл

5. Пропранолол

Тест №8

Лозартан (3):

1. ААФ ның ингибиторы

2. ангиотензин ІІ рецепторлардың тежегіші

3. кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетеді

4. кальций өзекшелерінің тежегіші

5. альдостеронның бөлініп шығуын тежейді

Тест №9

Фозиноприлдің әсер ету механизмі (1):

1. ангиотензиндік рецепторлардың тежегіші

2. бета-адренорецепторлардың тежегіші

3. аденозиндік рецепторлардың тежегіші

4. ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы

5. альфа-адреноблокатор

Тест № 10

Кардиоселективті емес β – адреноблокаторлардың жанама әсерлері мен колдануға қарсы көрсетулерінің логикалық байланысын таңдаңыз.

1. Бронхоспазм А.Гипертониялық ауру

2. Брадикардия Б. Брадиаритмия

3. Атриовентрикулярлы блокада В. Обструктивті бронхит

Өзіндік бақылауға арналған тест жауаптар

Тест 1

1

Тест 6

1,3

Тест 2

2,3

Тест 7

2

Тест 3

1,4

Тест 8

2,3,5

Тест 4

4

Тест 9

4

Тест 5

2

Тест 10

1-В, 2-Б, 3-А

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

1 сабақ