Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать
  1. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Фармакология. Харкевич Д.А.Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 – 604 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750с.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724с.

  4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415 с.

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

  2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

  3. Клиническая фармакология. /под ред. Зупанца И.А., Налетова С.В., Викторова А.П./ изд. НФаУ «Золотые страницы», 2005г. т 1-2. 844с.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

  5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 с.

  6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

  7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

  8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

  9. В.Н. Преображенский. Практическая гастроэнтерология, Алматы, «Медицина баспасы», 1999г. 430 с.

  10. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

  11. Кафедрада оқылатын дәрістер.

  1. Бағдарламалық препараттар: «Аллохол» таблеткалары, холензим, өлмес гүлдің гүлдері, жүгерінің шашағы.

  1. Бақылау:

  1. Қандай өсімдік тектес препараттар өт айдайтын әсер көрсетеді?

  2. Қандай өсімдік тектес өт айдайтын заттар микробқа қарсы әсер көрсетеді?

  3. Қандай өсімдік тектес өт айдайтын заттар қабынуға қарсы әсер көрсетеді?

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі «Жүрек-қантамырлар жүйесі» бойынша дәрістер кешені

1 Дәріс

  1. Тақырыбы: «Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік препараттардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы және қолданылуының негізгі бағыттары»

2. Мақсаты: Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын топ препараттарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшелігі туралы білімді қалыптастыру

3. Дәріс тезистері

Қан айналымды қалыптастыруға әсер ететін заттар практикалық медицинада жүрек қызметінің бұзылыстарында және қан тамыры тонусының патологиялық бұзылыстарында кең қолданылады. Клиникалық қолдану ерекшелігіне байланысты препараттар келесі топтарға бөлінеді:

І. Жүрек қызметінің бұзылыстарында қолданылатын заттар:

а) жүрек жетіспеушілігінде;

б) жүрек ритмінің бұзылыстарында;

в) миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігінде.

ІІ. Артериялық қысымның өзгеруімен жүретін патологиялық жағдайларда қолданылатын заттар:

а) артериялық гипертензия;

б) гипертензивтік жағдайлар.

Жүрек жетіспеушілігі кең тараған патологиялар қатарына жататындықтан, аурушылдық көрсеткішінің өсуіне байланысты қазіргі кезде кардиологияда негізгі мәселелелердің біріне жатады.

Жүрек жетіспеушілігі миокард қақпақшасы мен қан тамырларының органикалық бұзылыстары немесе олардың реттеуші механизмдерінің дисбалансы нәтижесінде дамиды. Осыған байланысты, созылмалы жүрек жетіспеушілігінің тиімді фармакотерапиясы әртүрлі бағытта әсер ететін препараттардың кешенінен тұрады. Қазіргі кездегі көзқарастарға сәйкес жүрек жетіспеушілігі фармакотерапиясының бірінші орындағы препараттарына ААФТ, екінші – диуретиктер, үшінші – жүрек гликозидтері жатады.

Жүрек аритмиясы – бұл жүрек ритмінің бұзылыстары. Аримияның себептері әртүрлі. Аритмияға қарсы заттар жүрек ритмін қалпына келтіру үшін кең қолданылады. Олар тікелей немесе тікелей емес миокардтың келесі қызметтеріне, атап айтқанда, қозғыштығына, өткізгіштігіне және автоматизміне әсер етеді. Аритмияға қарсы заттардың әртүрлі жіктелулері бар. Негізгі механизміне және әсер бағыттарына сәйкес келесі топтарға бөлуге болады:

І топ. Мембранатұрақтандырғыш заттар (ІА, ІВ, ІС класстар).

ІІ топ. β – адреноблокаторлық заттар

ІІІ топ. Әрекет потенциалының ұзақтығын азайтатын заттар

ІV топ. Кальций тежегіштері

Жүрек ритмі бұзылыстарында қолданылатын басқа топ препараттары.

Миокардың өткізгіштігінің бұзылыстарында қолданылатын дәрілік заттар.

І. М – холинорецепторлардың тежегіштері

ІІ. β1 және β2 – адреномиметиктер

Тәждік жетіспеушілікке байланысты дамитын патологиялық жағдайды «жүректің ишемиялық ауруы» терминімен белгілейді.

Жүректің ишемиялық ауруының негізінде миокардқа оттегінің келуі мен миокардтың оттегіне қажеттілігі арасындағы дисбаланс жатады. Антиангинальды препараттардың негізгі 3 тобын анықтайды: органикалық нитраттар, β– адреноблокаторлар және кальций антагонисттері.

Артериялық гипертензия дамыған елдер халқы арасында 30-40% тараған. Артериялық қысымның деңгейі әртүрлі факторларға тәуелді: жүрек жұмысы, шеткі қан тамырларының тонусы, электролиттік құрамы, айналымдағы қанның тұтқырлығы. Гипотензивті заттардың әсері артериялық қысымды реттеуге қатынасатын физилогиялық жүйенің әртүрлі тармақтарына бағытталған. Артериялық гипертензияны емдеуде негізгі таңдамалы препараттарға диуретиктер, β–адреноблокаторлар, ААФТ, кальций антогонистері және β1 – адреноблокаторлар жатады.

Артериялық қысымды жоғарылататын заттар артериялық гипотензияны емдеу үшін қолданылады. Гипотензия созылмалы және жедел болуы мүмкін.

Жедел артериялық гипотензия жүректің жедел жетіспеушілігіне немесе тамырлық коллапсқа байлансты болуы мүмкін. Қан тамырлары тонусының жоғарылауы әртүрлі дәрілік заттарды қолданғанда дамиды. Негізінен артериялық қысымның төмендеуі жүректің шығарылымының азаюымен немесе шеткі қан тамырларының қарсыластығының төмендеуімен түсіндіріледі.

Гипотензияда қолданылатын дәрілік заттарды келесі топтарға бөлуге болады:

Жүректің шығарылымын және қан тамырларының тонусын жоғарылататын заттар

а) А д р е н о м и м е т и к т е р

Адреналин гидрохлориді

Негізінен қан тамырларының тонусын жоғарылататын заттар

а) А д р е н о м и м е т и к т е р

Норадреналин гидротартраты

Мезатон

б) Ангиотензинамид