Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

3. Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

  • Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

  • Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

  • Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

  • Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

  • Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дисфагия, асқазан диспепсия синдромдары жайлы түсінікті қалыптастыру.

  2. Қышқыл-пептидтік факторлардың белсенділігін төмендететін заттар (антацидтер, антисекреторлы препараттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  3. Асқазанның және онекі елі ішектің шырышты қабатының қарсы тұру қабілетін жоғарылататын, сонымен қатар простагландин Е2 синтезін ынталандыратын заттардың қолдануға көрсетлер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  4. Helicobacter pylori эрадикациясына әсер ететін заттар, әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  5. Асқазанның моторлы-эвакуаторлы бұзылыстарын реттейтін заттар (прокинетиктер, құсу шақыратын және құсуға қарсы заттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  6. Асқазан бездерінің гипофункциясында қолданылатын заттар (орын басушы ем үшін қолданылатын заттар)

  7. Ішек диспепсиясы синдромы жөнінде түсінік.

  8. Ішектің моторлық-эвакуаторлық бұзылыстарын түзету үшін қолданылатын заттар (іш айдайтын заттар, диареяға қарсы препараттар, іштің кебуін азайтатын заттар) әсерлерінің ерекшеліктері, жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  9. Ішек дисбиозын емдеу үшін қолданылатын заттар (ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар – пробиотиктер, пребиотиктер), жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  10. Арнайы емес ойық жаралы колитте және Крон ауруында қолданылатын препараттар.

  11. Бауыр жетіспеушілігі мен сарғыштану синдромының фармакотерапиясының негізгі принциптері.

  12. Өт айдайтын заттар. Жіктелуі. Өт айдайтын заттардың әсер ету механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері. Жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.

  13. Холелитолитикалық заттар. Әсер ету механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері.

  14. Гепатопротекторлар. Жіктелуі. Гепатопротекторлардың әсер ету механизмі. Қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Жанама әсерлер. Балаларда қолдану ерекшеліктері.

  15. Ұйқы безі ферменттерінің туа пайда болған жетіспеушілігі (біріншілік ферментопатия) және жүре пайда болған функционалды жетіспеушілігі (екіншілік ферментопатия) жөнінде түсінік болу.

  16. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

  17. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын негізгі препараттардың әсер ету механизміне және фармакокинетикасына байланысты салыстырмалы сипаттамасы.

  18. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттарды жұптастырып қолдану. Қолдануға қарсы көрсетулер.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, препараттың бір реттік дозасын есептеу.