Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша жағдайлық есептер. Сабақ 1

Тақырыбы: «Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

  1. Асқазанның ойық жарасымен сырқаттанатын науқас ұзақ бойы антацидті зат қабылдады. Осыған байланысты лоқсу, іште ауыру сезімдеріне шағымданды. Науқасты тексеру барысында а) Науқас қандай препарат қабылдаған?

б) Препараттың әсер ету механизмі

в) Осы топқа жататын басқа препараттарды атау.

  1. Асқазанның ойық жарасымен сырқаттанатын науқасқа дәрілік препарат тағайындалды. Ауыру сезімі басылды, бірақ ауызының құрғауы, жүрек соғуының жиілеуі байқалды.

а) Науқас қандай препарат қабылдаған?

б) Препараттың әсер ету механизмі

в) Осы топқа жататын басқа препараттарды атау.

Жағдайлық есептің жауаптары:

  1. Натрий гидрокарбонаты.

  2. Пирензепин - М-холиноблокатор.

2 Сабақ

  1. Тақырыбы. Гепатобилиарлы патологияда қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолданудың ерекшеліктері.

  2. Мақсаты: патологиялық процесстерді коррекциялауға бағытталған бауыр мен өт шығарушы жолдардың ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттар тобының фармакокинетика және фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

  3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

  1. Бауыр мен өт шығарушы жолдардың ауруларында қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

  2. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

  3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

  4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптсатыру.

  5. Түрлі патологиялық жағдайларда дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

3. Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин