Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Өттің түзілуі мен бөлінуін жылдамдататын заттар (холеретиктер, холесекретиктер

  2. Холекинетиктер

  3. Гапатопротекторлар. Әсер ету механизмі, қолданылуы.

  4. Холелитикалық заттар.

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар. Сабақ 1

  1. Тақырыбы: «Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

  2. Мақсаты. дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

  1. Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

  2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

  3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

  4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

  5. Дисфагия, асқазан диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

3. Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

  • Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

  • Студенттің өзіндік жұмысы – 30 мин.

  • Студенттің оқытушынмен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

  • Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

  • Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

  • Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дисфагия, асқазан диспепсия синдромдары жайлы түсінікті қалыптастыру.

  2. Қышқыл-пептидтік факторлардың белсенділігін төмендететін заттар (антацидтер, антисекреторлы препараттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  3. Асқазанның және онекі елі ішектің шырышты қабатының қарсы тұру қабілетін жоғарылататын, сонымен қатар простагландин Е2 синтезін ынталандыратын заттардың қолдануға көрсетлер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  4. Helicobacter pylori эрадикациясына әсер ететін заттар, әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  5. Асқазанның моторлы-эвакуаторлы бұзылыстарын реттейтін заттар (прокинетиктер, құсу шақыратын және құсуға қарсы заттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

  6. Асқазан бездерінің гипофункциясында қолданылатын заттар (орын басушы ем үшін қолданылатын заттар)

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді және нұсқаулық бойынша тапсырмаларды қорытындылап шешу, талдап жазылған рецепті тексеру шағын топтармен жұмыс жасау, көрнекті материалдармен жұмыс жасау.