Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Гепатопротекторлар

"Гепатоқорғайтын заттар" (ГЕПАТОПРОТЕКТОРЛАР) – гепатоцитті қорғайтын, оның қызметін қалыптастыратын және сақтайтын заттар.

Препараттардың біріне - СИЛИБИНИН (Silibininum) –Silybum marianum (теңбіл расторопша) өсімдігінен алынған флавоноидты зат жатады. Гепатоциттердің мембранасын тұрақтандырады, нәтижесінде зақымдаушы заттарға тұрақтылығы жоғарылайды, гепатоқорғайтын әсер көрсетеді, бауырда зат алмасу үрдісін жақсартады, ас қорытуға қатысады.

Легалон (карсил, силибинин) жедел гепатитте, бауырдың созылмалы ауруларында, бауыр циррозында қолданылады.

Лив-52 (Liv-52) препараты – кешенді препарат, бірқатар өсімдіктердің сөлі мен қайнатпасынан дайындалған. Инфекциялық және токсикалық гепатиттерде бауырдың қызметін жақсарту үшін, созылмалы гепатитте және бауырдың басқа ауруларында қолданылады. Препарат тәбетті жоғарылатады, ас қорытуды жақсартады, ішектен газдардың шығуына ықпал етеді.

ЭССЕНЦИАЛЕ – нағыз, эссенциалді, біріншілік, фосфолипидтерден, соның ішінде полиқаныққан фосфатидихолиннен тұрады. Препараттың әсерінен гепатоциттердің мембранасындағы фосфолипидтер тығыздалады, зақымдалған жасушаларды және бұзылған қызметін қалпына келтіреді, бауыр жасушаларын аутоиммунды агрессиядан сақтайды, бауырдың детоксикациялық қызметін қалпына келтіреді, бауырда дәнекер тінінің өсіп кетуін болдырмайды.

Гепатопротекторлық әсер витамин В15 - кальция пангаматқа (в таб. по 0, 05) да тән. Препарат метил тобының донаторы болып саналады, сондықтан липид алмасу жақсарады, тіндердің оттегін сіңіруін жоғарылатады, бұлшықетпен бауырда креатинфосфаттың және гликогеннің деңгейін жоғарылатады, гипоксия құбылысын жояды.

Холелитикалық заттар

Соңғы жылдары дезоксихол қышқылының, соның ішінде урсодезоксихол қышқылының (урсо - ақ, полярлы аю) өт қапшығында түзілген өт тастарын ерітетін әсері бар екені анықталған. Бұл қышқылдар өтте холестериннің мөлшерін төмендетіп, өт қышқылдарының деңгейін жоғарылатады (дәл осындай әсерді көрсетеді изомерлі хенодезоксихол қышқылы да – ХДХК көрсетеді).

Бұл қышқылдар өтте өт қышқылдарын жоғарылата отырып, холестерин деңгейін төмендетеді. Аталған заттар медицинада холетикалық заттардың қолданылуына жол ашты. Бұл заттарды тек ұсақ өт тасы түзілгенде қолданылатынына және тиімділігі аса жоғары еместігіне қарамастан, бұл препараттар хирургиялық операциялардан немесе серпінді толқындық әдістерден кейін қосымша қолданылатын заттар болып табылады. Жаңа, белсенді литолитикалық заттарды іздестіру әрі қарай жалғасуда.

ХЕНОФАЛЬК. Холестериндік өт тастары холестериннің синтезінің жоғарылауы нәтижесінде түзетілетіндігі белгілі. ХДХК холестериннің ферментативті синтезін тежейді. Өтте холестериннің концентрациясының төмендеуі нәтижесінде холестериндік тастар ақырын ери бастайды.

УРСОФАЛЬК урсодезоксихол қышқылынан тұратын холелитикалық препарат болып табылады.

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық үлгісі (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы 2004, 604 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008, с.750

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 - 735 с.

  4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

  1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

  2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР - МЕД., 2004. – 631 с.

  3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. с.

  4. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002 - 782. с.

  5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

  6. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001.