Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Ішектің моторикасын жоғарылататын заттар

1. Холинергиялық нервтердің тонусын жоғарылататын заттар:

- М-холиномиметиктер (ацеклидин) және антихолинэстеразалық заттар (прозерин).

Аталған препараттар ішектің гипотониясы немесе атониясы кезінде қолданылады.

2.Ішектің жиырылу қабілетін күшеітетін заттар - іш айдағыш заттар.

Іш жүргізетін заттар – бұл ішектің перисталтикасын және су мен нәжістің шығарылуын жоғарылату арқылы ішектің босатылуын жылдамдататын заттар.

Қазіргі кезде көптеген іш жүргізетін заттар табылған, осыған байланысты сан алуан жіктелуілері бар.

I. Ішектің өне бойына әсер ететін іш айдағыш заттар.

Тұзды іш айдағыштар: МАГНИЙ (ағылшын тұзы) және НАТРИЙ (глаубер тұзы) СУЛЬФАТЫ.

Тұзды іш айдағыштарды жедел улануларда, жедел іш қатуларда, операция алдында ішекті тазалау үшін, проктологиялық зерттеулер жүргізер алдында, құрт ауруында құртқа қарсы заттармен қосып тағайындайды.

Бұл ең жақсы іш айдағыштар болып саналады, әсерлері тез басталады, улы заттардың ішек арқылы сіңуін тоқтатады.

II. Негізінен аш ішекке әсер ететін іш айдағыш заттар

КАСТОР МАЙЫ он екі елі ішекте панкреатикалық липазаның әсерінен гидролизденеді де глицерин мен рицинол қышқылын босатады, ол өз кезегінде ішектің шырышты қаббатын тітіркендіреді, судың және электролиттердің белсенді сіңуін тежейді, нәтижесінде іщшектің моторикасы күшейіп, ішектің босатылуы жоғарылайды.

Қолдануға көрсетілулері тұзды іш айдағыштардағы секілді. Аталған топ препараттарын майда еритін улармен жедел уланғанда қолдану қарсы көрсетілген (керосинмен, бензинмен).

III. Негізінен тоқ ішекке әсер ететін іш айдағыш заттар

1. Антрагликозиді бар өсімдік тектес заттар (қанттардан және антрацен туындыларынан тұратын заттар, мысалы, эмодиннен және хризофан қышқылынан), рауғаш өсімдігінің тамырынан, сенна жапырағынан және тамырынан, сыңғақ итшомырт тамырынан, солодканың тамырынан, инжирден, өріктен алынған препараттарды қолданады.

2. Синтетикалық заттарға ФЕНОЛФТАЛЕИН таблетка түрінде, ИЗАФЕНИН, БИСАКОДИЛ, ПИКОСУЛЬФАТ (ГУТТАЛАКС) жатады.

3. Әр түрлі дәрілік заттар.

Кейбір ішекте сіңбейтін, химиялық инертті заттар, шырышты қабатты қаптайтын сұйық майлардың да іш жүргізетін қасиеттері бар, мысалы вазелин майы.

Осы мақсатта теңіз капустасын қолданады, ол ішекте ісінеді, кереді, перисталтиканы жоғарылатады. 1-2 шәй қасықтан түнде тағайындайды. Препараттың құрамында йодтың мөлшері жоғары болғандықтан йодизм құбылысы байқалуы мүмкін (мұрыны ағу, конъюнктивит, жөтел).

Іш айдағыш заттарды кез келген жолмен әсер ететіндігіне қарамастан ұзақ тағайындауға болмайды, себебі фекалиямен катиондардың жылдам шығуы, әсіресе калий иондарының болады. Гипокалиемия, гипокалигистия даму нәтижесінде ацетилхолиннің жалпы (соның ішінде ішекте) синтезінің бұзылуы дамиды. Бұл өз кезегінде іш қатуға, анорексияға, бұлшықеттің әлсіздігіне, рефлекстердің тежелуіне, қуықтың парезіне әкеледі.

4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық үлгісі (студент кафедрадан алады)

5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы 2004, 604 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008, с.750

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 - 735 с.

  4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

  1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

  2. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР - МЕД., 2004. – 631 с.

  3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. с.

  4. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002 - 782. с.

  5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.