Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Тест №2

Темір тапшылықты анемияда келесі препараттар қолданылады (1):

  1. «ферроплекс», темір фумарат, ферковен, феррум лек

  2. темірдің кешенді препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы

  3. темір хлориді (гемофер), цианокобаламин, фоль қышқылы

  4. эпоэтин альфа, шала тотыққан темір лактаты, варфарин, адроксон

  5. викасол, аминокапрон қышқылы, шала тотыққан темір сульфаты (тардиферрон), ферроградумет

Тест №3

Препаратты анықтау (1). Организмде ДНҚ мен нуклеопротеиндердің, миелиннің синтезі үшін, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге трансформациялануы үшін қажет кобамамид кофакторына айналады.

1. фоль қышқылы 2. цианокобаламин 3. викасол 4. этамзилат 5. феррум лек

Тест №4

Тікелей әсер ететін антикоагулянттар (1):

1. варфарин, фенилин 2. гепарин, фраксипарин 3. викасол, фитоменадион 4. контрикал, гепарин 5. аминокапрон қышқылы, феррум лек

Тест №5

Препараттардың тобын анықтау. (1). Көптеген эндогенді заттарға сутегі атомын алкилді топқа (алкилдеу реакциясы) алмастыра отырып бірігу қабылеті бар. Бұл заттардың негізгі әсер ету механизмі – этиленмониум ионы түзілетін жасушаішілік циклизациялау үрдісі, яғни тікелей немесе карбоний-катионын түзу арқылы алкилді топты жасушаның құрамдас бөліктеріне жеткізу. Нәтижесінде тотығудан фосфорлануға қатысатын ферменттердің белсенділігі бұзылады, синтездік үрдістердің энергиямен қамтамасыз етілуі, жасушаның митоздық бөлінуі және өмір сүру қабілеті тежеледі.

1. цитокиндер 2. ферменттік препараттар 3. антиметаболиттер 4. алкилдеуші қосылыстар 5. эритропоэтин препараттары

Тест№ 6

Метотрексат және меркаптопуриннің жанама әсерлері (4):

  1. диспепсиялық бұзылыстар 2. қан жасаудың тежелуі 3. бүйректің зақымдануы 4.асқазанның шырышты қабығының ойылуы 5. кардиотоксикалық әсер

Тест№ 7

Контрикал (1):

1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт

Тест№ 8

Препаратты анықтау. Тиімділігі жоғары агрегант, простациклиннің әсерлерін тежейді, тіндік тромбопластиннің түзілуін біршама төмендетеді. Капиллярлардың базалді мембранасын қатайтып, қан сарысуының сұйық бөлігінің транссудациясын да, экссудациясын да азайта отырып, қан тамырларының жарылғыштығын және өткізгіштігін төмендетеді.

  1. аминокапрон қышқылы 2. фибриноген 3. аскорбин қышқылы 4. этамзилат 5. викасол

Тест№ 9

Сәйкестендіру: 1-жергілікті әсер ететін коагулянттар, 2-резорбтивті әсер көрсететін коагулянттар, 3- антикоагулянттар (3):

1. кальций хлориді, этамзилат 2. фитоменадион, викасол 3. тромбин, фибриноген

4. тромбин, гемостатикалық жөке 5. гепарин, варфарин

Тест№ 10

Дәрілік заттардың топтарын анықтау (1). Табиғи метаболиттерге құрылымдық ұқсастықтары бар, дегенмен олардан біршама ажыратылады. Дамитын бәсекелестік қарым-қатынас белгілі биохимиялық үрдістердің тежелуіне және жасушалар мен тіндердің өмір сүру қабілетінің бұзылуына әкеледі.

1. цитокиндер 2. алкилдеуші қосылыстар 3. қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер 4. антиметаболиттер

5. моноклоналды антиденелер