Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша соөж арналған әдістемелік нұсқаулықтар

3 курс

«Жалпы медицина» факультеті

«Қан жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқау

1.Мақсаты: Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:.

Когнитивті компетенция

  1. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.

  2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.

  3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.

  4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.

  5. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

  2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

  1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

  2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

3. Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

  • Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

  • Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

  • Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

  • Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

  • Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Анемиялық синдромда қолданылатын препараттар. Эритропоэзге әсер ететін заттардың жіктелуі.

  2. Темір препараттары железа. Жіктелуі. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  3. В12 витаминінің, фоль қышқылы препараттары. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  4. Эпоэтин-альфа. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. эффекты.

  5. Геморрагиялық синдромда қолданылатын препараттар. Гемостатикалық. Жіктелуі.

  6. Жергілікті және резорбтивті әсер ететін гемостатикалық заттар. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

  7. ҚТІШҰ синдромында қолданылатын заттар, негізгі фармакологиялық әсерлері, жанама әсерлері.

  8. Миело- және лимфопролиферативті синдромдарда қолданылатын бластомаға қарсы заттар. Бластомаға қарсы заттардың фармакологиялық сипаттамасы, қолдануға қарсы көрстеулер. Негізгі жанама әсерлері және оларды алдын алу, түзету шаралары.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, препараттың бір реттік дозасын есептеу.