Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

8.Бақылау

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар:

Тест 1. Қақырық түсіретін заттар:

1. Амикацин, бензогексоний

2. Меропенем, амброксол

3. Левофлоксацин, бактрим

4. Экзосурф, бромгексин гидрохлориді

5. Термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді

Тест 2. Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіретін зат:

1. Термопсис шөбінің тұндырмасы

2. Калий йодиді

3. Бромгексин гидрохлориді

4. Амброксол

5. Кристаллды трипсин

Тест 3. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін зат:

1. Меропенем

2. Левофлоксацин

3. Фуросемид

4. Термопсис шөбінің тұндырмасы

5. Калий йодиді

Тест 4. Термопсис шөбі тұндырмасының негізгі жанама әсері:

1. Аллергияға қарсы

2. Құсу шақыратын әсер

3. Қабынуға қарсы әсер

4. Құсуға қарсы әсер

5. Қан тамырларын кеңейтетін әсер

Тест 5. Муколитикалық заттар:

1. Сальбутамол, бромгексин

2. Изадрин, калий йодиді

3. Бромгексин гидрохлориді, амброксол

4. Беродуал, левофлоксацин

5. Зафирлукаст, меропенем

Тест 6. Сурфактанттың синтезін жоғарылататын муколитикалық зат:

1. Сальбутамол

2. Термопсис шөбінің тұндырмасы

3. Бромгексин

4. Беродуал

5. Зафирлукаст

Тест 7. Ацетилцистеиннің муколитикалық әсер механизмі:

1. Бронхиалды бездердің секрециясын рефлекторлы ынталандырады

2. Дисульфидті байланысты бұза отырып қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді

3. Бронхтың кірпекшелі эпителиінің белсенділігін рефлекторлы ынталандырады

4. Бронхтың жиырылғыштық белсенділігін рефлекторлы жоғарылатады

5. Бронхтық бездерге тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді

Тесттік тапсырмалар жауабы

Тесттер

Жауабы

Тесттер

Жауабы

Тест 1

5

Тест 5

3

Тест 2

1

Тест 6

3

Тест 3

5

Тест 7

2

Тест 4

2

3 сабақ

1. Тақырыбы: «Жөтелге қарсы заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2. Мақсаты: жөтелге қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс алу жүйесі патологияларының тиімді фармакотерапиясын қамтамасыз ету мақсатында жөтелге қарсы заттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Жөтелге қарсы заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Жөтелге қарсы заттардың қолдану ерекшеліктері және қолдануға қарсы көрсеткіштері бойынша білімді қалыптастыру.

3.Жөтелге қарсы заттардың жанама әсерлерін білу.

4.Жөтелге қарсы заттардың балалар практикасында қолдану бойынша білімді қалыптастыру.

Операционалды компетенция:

1.Жөтелге қарсы заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдар

4. Өткізу түрі: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер, бағдарламалық препараттар, рецепт жазуға арналған препараттар