Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша соөж арналған әдістемелік нұсқаулықтар

1.Тақырыбы: «Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты: тыныс жетіспеушілігінде, соның ішінде балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс жетіспеушілігі кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолдану ерекшеліктерін және қолдануға қарсы көрсеткіштері бойынша білімді қалыптастыру.

3.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың жанама әсерлерін білу.

4.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың негізгі емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдану бойынша білімді қалыптастыру.

5.Топ препараттарының балалар практикасында қолдану ерекшеліктері. Сурфактант препараттары және сурфактантың синтезін жоғарылататын заттар.

Операционалды компетенция:

1.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдар

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер, бағдарламалық препараттар, рецепт жазуға арналған препараттар

6.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тыныстың жедел жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың жіктелуі.

2.Этил спирті, әсер механизмі, қолдану ерекшеліктері.

3.Наркотикалық анальгетиктер, жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдану ерекшеліктері, препараттардың сипаттамасы.

4.Артериялық қысымды төмендететін заттар (ганглиоблокаторлар, азот тотығының донаторлары, зәр айдайтын заттар және т.б.), жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдану көрсеткіштері.

5.Сурфактант препараттары, қолдану ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

6.Сурфактант синтезін ынталандыратын заттар, әсер механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.