Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

2. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Бета-адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар, фосфодиэстераза ингибиторлары тобына жататын бронхолитикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Бронхолитикалық заттарды таңдау принциптері (ентікпе ұсатамасын тоқтату және алдын алу үшін) бойынша білімді қалыптастыру.

3.Бронхолитиктердің жанама әсерлерін білу.

4.Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктерін және бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында таңдау принциптері бойынша білімді қалыптастыру.

5.Бронхолитиктердің, қабынуға және аллергияға қарсы заттардың балалар практикасында қолдану ерекшеліктері бойынша білімді қалыптастыру.

6.Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттардың негізгі емдік

әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында

жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1. Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жаза білу және талдау.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдарды білу

3. Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  • Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 7 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы -45 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -25 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру – 15 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттардың жіктелуі.

2.Бронх өткізгіштіктігі бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын қабынуға қарсы препараттардың (глюкокортикостероидтардың) салыстырмалы сипаттамасы.

3.Бронх өткізгіштіктігі бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын мембрана тұрақтырушы заттардың қолдану ерекшеліктері.

4.Бронх өткізгіштіктігі бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын β-адреномиметик тобының бронхолитиктердің қолдану ерекшеліктері.

5.М-холиноблокаторлар, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері.

6.Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын фосфодиэстараза ингибиторының салыстырмалы сипаттамасы.

7.Лейкотриен жүйесіне әсер ететін заттар, қолданылуы, жанама әсерлері.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, «ми шабуылы», «мозаика» тәсілдері, кроссвордтар, сканвордтар, жетекші құралдар бойынша тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, талдау, бір реттік мөлшерін анықтау.