Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

7. Бақылау

Келесі компетенциялар бағаланады: когнитивті компетенция, операционалды компетенция

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

  2. Тыныс алу мүшелері патологияларында қолданылатын негізгі антабактериалды заттарға рецепт жазу, оны талдау және бір реттік дозасын есептеу.

  3. Тесттік тапсырмаларды орындау.

Тесттік тапсырмалар

Тест №1

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде антибактериальды терапия келесі препараттарды қолдануды қарастырады:

1. Ампициллин

2. Эритромицин

3. Ципрофлоксацин

4. Меропенем

5. Бийохинол

Тест №2

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде қолданылатын пенициллин тобының антибиотигі, сонымен қатар балалар тәжірибесінде:

1. Бензилпенициллиннің натрий тұзы, ампициллин, амоксициллин

2. Цефазолин, оксациллин, левофлоксацин, аугментин

3. Моксифлоксацин, бензилпенициллиннің калий тұзы, цефтриаксон

4. Уназин, ципрофлоксацин, ко-тримаксозол (бактрим), цефпиром

5. Аугментин, цефотаксим, цефамандол, эритромицин

Тест №3

Цефалоспориндер бактерицидті әсер көрсетеді, себебі:

1. Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады

2. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

3. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

4. Парааминобензой қышқылының антагонисті болып саналады

5. Сульфгидрильді топтардың синтезін бұзады

Тест №4

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромың емдеуге арналған жұптастырылған антибиотик:

1. Ампициллин

2. Цефтриаксон

3. Эритромицин

4. Аугментин

5. Меропенем

Тест №5

Биосинтетикалық пенициллинге төменде келтірілген микробтар сезімтал:

1. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзуші

2. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзбейтің

3. Газды гангренаның және сіреспенің қоздырушысы

4. Күйдіргінің қоздырғышы

5. Спирохета және бореллалар

Тест №6

Ауруханадан тыс пневмонияда қолданылатын жұптастырылған сульфаниламидті препарат:

1. Уназин

2. Цефазолин

3. Линкомицин

4. Ципрофлоксацин

5. Ко-тримаксозол

Тест №7

Сульфаниламидті препараттың антибактериальды әсер механизмі:

1. Парааминобензой қышқылының антагонисті болып саналады

2. Сульфгидрильді топтың синтезін бұзады

3. Рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзады

4. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

5. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

Тест №8

Сульфаниламидті препараттардың жанама әсерлеріне жатады:

1. Кристаллурия

2. Ототоксикалық әсер

3. Дисбактериоз

4. Гематологиялық бұзылыстар

5. Диспепсиялық бұзылыстар

Тест №9

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде қолданылатын фторхинолон тобының препараты:

1. Ампициллин

2. Сульфодиметоксин

3. Ципрофлоксацин

4. Меропенем

5. Эритромицин

Тест №10

Фторхинолондарға келесі қасиеттер тән:

1. Әсер спектрі кең

2. Негізінен грам оң бактерияларға әсер етеді

3. II және IV топоизомеразаны ингибирлейді

4. Бактериоцидті әсер етеді

5. Бактерияға тұрақтылық баяу дамиды

Тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер

Жауабы

Тесттер

Жауабы

Тест 1

1

Тест 6

5

Тест 2

2

Тест 7

1

Тест 3

1,2,3,4

Тест 8

1,3,4,5

Тест 4

4

Тест 9

3

Тест 5

2,3,4,5

Тест 10

1,3,4,5

2 cабақ

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

1. Мақсаты: бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, бронх өткізгіштігі бұзылыстарында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.