Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

6. Бақылау сұрақатры (кері байланыс)

1. Ауруханадан тыс пневмония кезінде жиі қандай қоздырғыштар кездеседі?

2. Ауруханадан тыс пневмониялар кезінде қандай антибиотиктер таңдау препараттары болып табылады?

3. Қосымша аурулар фонында пневмониямен ауыратын науқастарда қандай таңдау препараттарын қолдануға болады?

4. Пневмония кезінде фторхинолондар тобының қай препараттары қолданылады?

2 Дәріс

1. Тақырыбы: «Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы синдромында қолданылатын заттарды таңдаудың негізгі прициптері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»

2. Мақсаты: Бронхиалды обструкция синдромында препаратты тиімді таңдауды қамтамассыз ету үшін тыныс алу жүйесі қызметіне әер ететін заттардың әсерлерінің жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру

3. Дәріс тезистері:

Бронхолитикалық заттар медициналық практикада кең қолданылады.

Балаларда дамитын бронхообструктивті синдромның түрлері келесі кестеде көрсетілген

Бронхообструктивті синдромның түрлері

Түрлері

Ерекшелігі

Инфекциялық

Бронхтың және бронхиолдардың вирустық немесе бактериалдық қабыну нәтижесінде дамиды (обструктивті бронхит, бронхиолит)

Аллергиялық

Спазмның немесе бронхиалдық құрылымның аллергиялық қабынуының нәтижесінде спастикалық құбылыстың қабыну үрдісінен айқын болуы нәтижесінде дамиды

Обстуктивті

Бронхтың басылуынан немесе сырттан түскен затпен бронхтың аспирациясы нәтижесінде дамиды. Көбіне аспирация кішкентай балаларда, 1-3 жас аралығынды кездеседі (54%). Аспирациялық генезді бронхообструктивті синдромның негізінде келесі патологиялар жатады: гастроэзофогалды рефлюкс, АІЖ ақаулары, диафрагмалды грыж

Гемодинамикалық

Көбіне жүрек ақауларында гемодинамикалық бұзылыстардың нәтиждесінде дамиды. Гиперволемия мен өкпе гипертензиясымен жүретін асқынуларға респиратрлық инфекциялар, ателектаздар, созылмалы бронхтық-өкпелі патологиялар

1. β-адренергиялық рецепторларды ынталандыратындар:

а) тікелей әсер ететін – адреналин (α –β адреномиметик), изопреналин (β-адреномиметик), тербуталин, салбутамол, фенотерол, сальметерол (негізі β2 адреномиметиктер ) және т.б.

б) тікелей емес әсер ететін (эфедрин - симпатомиметик және құрамында эфедрині бар препараттар: теофедрин, солутан және т.б.).

2. М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты, платифиллин, метацин, ипратропиум бромид.

3. Метилксантиндер – бронхтың тегіс салалы еттеріне әсер ететін препараттар (миолитиктер): теофиллин, эуфиллин, аминофиллин, диафиллин, дипрофиллин және т.б.

Бронхолитикалық заттардың негізгі топтары: β-2 – адренорецепторларды ынталндыратын заттар, М-холиноблокаторлар, миотропты әсерлі спазмолитикалық заттар.

Метилксантиндерге бронходилаторлық қасиет тән және бронхиалды демікпеде кең қолданылады. Олар кешенді әсер етеді: аденозиндік рецепторларды тежейді және пуринергиялық тежегіш жүйеге әсер етеді; бүйрек үсті безінде эндогендік катехоламиндердің синтезін жоғарылатады; диафрагмальды еттің жиырылғыштық қаситетін жақсартады.

Бронх демікпесін емдеуде глюкокортикоидтардың маңызы зор, себебі олар бұл патологияның барлық патогенездік сатыларына әсер етеді. Бронхиалды демікпенің ауыр түрінде глюкокортикоидтар таңдамалы препарат болып табылады. Дегенмен, топ препараттарының әсер механизмі жан-жақты түсіндіріледі. Негізгісіне келесілер жатады: қабыну медиаторларының түзілуін және бөлінуін тежеу, соның ішінде, соның ішінде Pg; цАМФ- тің тиімділігін жоғарылата отырып, катехоламиндердің әсерін күшейту; цАМФ- тің тиімділігін немесе санын төмендете отырып, М-холинергиялық ынталануды тежейді; бронхтың тегіс салалы еттеріне тікелей әсер ету. Бүгінгі таңда преднизолон және триамцинолонды кең қолданады, себебі айқын және тұрақты емдік әсер көрсетеді, кортизонға қарағанда науқастар жақсы көтереді. Олар ағзада суды және натрийді аз ұстайды, дегенмен преднизолонға – ульцерогендік әсер, ал триамцинлонға – арықтау, еттік әлсіздік, атрофия (“триамцинолондық миастения”). Тиімділігі жоғары препаратқа метилпреднизолон (урбазон) жатады, науқастар жақсы көтереді, әсері бойынша преднизолонға жақын, бірақ артықшылығы – ульцерогендік әсері жоқ, сондықтан асқазан-ішек жолдары патологияларында қолданылады. Дексаметазонды ұзақ уақыт қолдануға болмайды, негізіне қысқа курстық ем үшін тағайындайды. Астматикалық статуста бетаметазонның (целестонның) тиімілігі жоғары екендігі анықталды.

Сонымен қатар, қабынуға қарсы әсері бар және бронхолитикалық белсенділігі бар – аллергиялық заттар (кетотифен, недокромил натрий), лейкотриендік жүйеге әсер ететін заттар (зафирлукаст, монтелукаст, зилеутон) қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрада алады)