Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

1. Тақырыбы: «Пневмония кезіндегі микробқа қарсы емнің принциптері мен препаратты таңдау. Балаларда әсер етуі мен қолдануының ерекшеліктері»

2.Мақсаты: Пневмонияны емдеуде қолданылатын препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері:

Тыныс алу жүйесінің патологиялары кең тараған аурулардың біріне жатады. Соның ішінде пневмония патологиясы жоғары пайызға ие. Бұл бүгінгі таңдағы халықтың өмір салтының ерекшелігіне, сыртқы ортаның ластануына және зиянды әдет - темекі шегудің кең таралуына байланысты. Соңғы жылдары атипті жүретін пневмонияның саны жоғарылауда. Терең зерттеулер пневмонияның жаңа қоздырғыштары бар екенін тапты. Бүгінгі таңда, жаңа антибактериалды заттар алынуда, сонымен қатар дәрілік терапияның асқынулары жиілеуде. Осы үрдістердің барлығы мәселенің өзектілігін айқындайды. Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғыштарына жатады: пневмококктар, микоплазмалар, гемофилді таяқшалар. Екіншілік иммунотапшылық жағдайындағы және ауыр соматикалық патологияларда гемофилді таяқша және микоплазмамен қатар пневмония қоздырғышы стафилококктар, грам теріс флоралар және микробты ассоциациялар болуы мүмкін.

Аспирациялық пневмонияның қоздырғышы ауыз жұтқыншақ анаэробтары, стафилококктар және микробтық ассоциациялар болып табылады. Пневмонияны емдеудің негізгі бағыттарына инфекциялық агенттің қоздырғыштарына әсер ету жатады. Дегенмен, микробиологиялық сараптаманың нәтижесі 3-5 күннен кейін дайын болады. Сондықтан, эмпириялық антибактериальды емнің негізінде біріншіден препараттарды таңдау жатады.

Бронхтық-өкпелік аппараттың инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің маңызы зор. 60 жасқа дейінгі науқастарда пневмонияны емдеуде негізгі препараттарға амоксициллин немесе макролидтер II ұрпағы жатады, ал альтернативті препарат ретінде доксициклин қолданылуы мүмкін. Қосалқы патологиялармен жүретін жағдайларда таңдамалы препаратқа амоксициллин жатады. Көбіне бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары 500 000 – 1000 000 ӘБ, ет ішіне, тәулігіне 4-6 рет қолданылады. Бұл көбіне пневмококкты (крупозды) пневмонияда тиімді. Соңғы жылдары пневмонияны емдеу үшін әсер ету спектрі кең, негізінен респираторлық инфекцияларда тиімді «респираторлық» фторхинолондар (левофлоксацин) кең қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал: мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

  2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

  4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415б.

Қосымша:

  1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

  2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

  3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

  4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

  5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

  6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

  7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

  8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

  9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.