Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

1.8 Байланыс ақпараты:

Алматы қ., Бөгенбай көшесі, 92, ӘШБ ғимараты, 2 қабат.

Жұмыс тел. 292-17-96 (226)

1.9 Пәннің ұстанымы оқу үрдісін үздіксіз және мақсатты бағыталған түрде іске асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылған талаптары медициналық ЖОО-ғы оқытудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделген:

  1. Дәрістерге, практикалық сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысып отыру;

  2. Студент сабаққа кешікпеуі тиіс;

  3. Студент себепсіз сабақты жібермеуі тиіс;

  4. Студенттер дәріске және сабаққа тек ақ халатпен жіберіледі;

  5. Оқу үрдісіне белсенді қатысу (теориялық материалды даярлау, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен, препараттардың бір реттік мөлшерін анықтауымен рецепттер жазу)

  6. Берілген бөлімге сәйкес аптадан аспайтын уақыт ішінде тақырыптық жоспар бойынша тесттік тапсырмаларды, жағдайлық есептерді орындау, СӨЖ тақырыбын қорғау.

  7. СӨЖ бойынша тапсырмаларды талаптарға сәйкес орындау және оларды мерзімінде тапсыру;

  8. Модульдер бойынша аралық бақылауды өз мерзімінде тапсыру;

  9. Себепті жіберілген сабақтар деканаттан жолдама берілген жағдайда, кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қайта өтеледі;

  10. Жіберген сабақтарын өтеуді қабылдау кестесіне сәйкес тапсыру;

  11. Жұмыстың барлық түрлері бойынша студенттің жеке күнделігінің болуы;

  12. ПОҚ мен студенттер арасында сыйлы қарым-қатынас;

  13. Даулы жағдайларды кафедра меңгерушісі және оқу ісінің меңгерушісінің қатысуымен топ ішінде талқылау;

  14. Семестр бойы 50%-дан кем балл жинаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе.

Фармакология – дәрілік заттардың ағзамен өзара әсерлесуі және жаңа дәрілік заттарды іздестіру жолдары туралы ғылым.

Фармакология медицина практикасында дәріні рационалды қолдану туралы теориялық білім негізін қалыптастырады. Қалыпты және патологиялық физиология, биохимия курстарынан негізін ала отырып, фармакология медициналық-биологиялық және клиникалық пәндер арасындағы байланыстырушы тармақ.

Теориялық және клиникалық пәндер арасында аралық жағдай онымен жасап шығарылатын көптеген ғылыми бағыттардың дамуына мүмкіндік береді. Фармакология саласындағы жаңа бағыттарға жаңа препараттар алу және оларды медицина практикасына енгізумен байланысты қолданбалы аспектілер, сонымен бірге іргелі мәселелер кіреді.

Фармакология медициналық-биологиялық пәндердің дамуына үлкен әсер көрсетеді. Экспериментаторлар үшін фармакологиялық заттардың негізгі құндылығы олардың көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді басқару мүмкіндігінің кеңдігінде.

Фармакологияның дамуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер етеді. Соңғы жылдар фармакологияның үдемелі дамуымен, жаңа дәрілік препараттардың пайда болуымен белгілі, осыңың нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеуде әмбебап әдіс болды. Осыған байланысты, медициналық білім беру жүйесінде фармакология маңызды орын алады, сондықтан фармакологияны білу кез-келген сала дәрігері үшін қажет.

2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде препараттарды рационалды таңдау үшін дәрілік заттар фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімін қалыптастыру.