Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1. Эпилепсияның кіші ұстамаларында (petit mal) қолданылатын таңдау препараттары болып табылады:

1.Диазепам, фенобарбитал

2.вальпроты, этосуксимид

3.Топиромат, тиагабин

4.фенобарбитал, дифенин

5.Карбомазепин, ламотриджин

Тест №2. Фенбарбиталдың әсер ету механизмі:

1. ГАМК ергиялық жүйенің белсенденуі

2.Серотонинергиялық жүйенің белсенденуі

3. холинергиялық жүйенің белсенденуі

4.дофаминергиялық жүйенің белсенденуі

5.пуринергиялық жүйенің белсенденуі

Тест №3. Эпилепсияның барлық түрлерінде таңдау препараты:

1.Вигабатрин

2.Этосуксимид

3.Натрий вальпроат

4.Карбамазепин

5.Диазепам

Тест №4. Эпилептикалық статусты жою үшін қолданылатын зат:

1.Диазепам

2.Карбамазепин

3.Натрий вальпроат

4.Этосуксимид

5.Клоназепам

Тест №5. Диазепамның әсер ету механизмі:

1. норадреналин мен серотониннің кері нейроналды ұсталуы

2. бензодиазепиндік рецепторларды ынталандырады

3. натрий каналдарын тежейді

4.кальций каналдарын тежейді

5. холинергиялық рецепторларды тежейді

Тест №6. Барбитур қышқылының туындысы көрсетеді

1.Гемостатикалық әсер

2.Нейропротекторлық әсер

3.Тырысуға қарсы әсер

4.Психоынталандырушы әсер

5.Гипертензиялық әсер

Тест №7. Қандай эпилепсияға қарсы зат гидантоидтік синдромды туындатады:

1.Этосуксимид

2.Дифенин

3.Фенобарбитал

4.Диазепам.

5.Натрий вальпроат

Тест №8. Үлкен тырысулық ұстамалардың (grand mal) алдын алу үшін қолданылады:

1.Диакарб, сультиам

2.Диазепам, клоназепам

3.Этосуксимид, ламотриджин

4.Наркозға арналған заттар

5.Карбамазепин, дифенин

Тест №9. ОЖЖ ГАМКергиялық жүйені белсендендіретін заттар:

1.Циннаризин, нимодипин

2.Натрий вальпроат, ламотриджин

3.Тиагабин, топирамат

4.Клоназепам, фенобарбитал

5.Пирацетам, аминолон

Тест №10. Тыныс орталығын айқын тежейтін тырысуға қарсы заттар

1.Лидокаин, магний сульфат

2.Диазепам, лидокаин

3.Таламонал, хлоралгидрат

4.Фенобарбитал, магний сульфаты, хлоралгидрат

5.Натрий оксибутираты, таламонал

Соөж арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер

Тест №1

2

Тест №2

1

Тест №3

3

Тест №4

1

Тест №5

2

Тест №6

3

Тест №7

2

Тест №8

5

Тест №9

4

Тест №10

4

Тақырыбы. «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

1.Мақсаты: ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктері туралы, сәйкес патологиялық үдерістерді түзетуге бағытталған препараттарды таңдаудың негізгі принциптері туралы білімді жалпыландыру, сондай-ақ студенттердің «Жүйке жүйесі» модулі бойынша материалды игеруі барысында қалыптасқан компетенцияларды бағалау

2.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың ФК және ФД заңдылықтарын білу

2. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттарды таңдау және қолдану мүмкіндіктерін білу

3. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсетулері мен қарсы көрсетулерін, жағымсыз жанама әсерлерін білу

4.Дәрілік қалыптарды жазу ережелерін білу.

Операционалды компетенция

  1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

  2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

Коммуникативті компетенция:

  1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

  2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

  3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

  4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

  5. Тақырыптың мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

  1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

  2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

4. Хронометраж.

Сабақтың ұзақтылығы 2 сағат (100 мин)

  • Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

  • Студенттердің өзіндік жұмысы -30 мин

  • Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -35 мин

  • Білімнің соңғы деңгейін тексеру -25 мин

  • Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

  • Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин