Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен

1 Дәріс

  1. Тақырыбы: «Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының негізгі жолдары»

  2. Мақсаты: Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Дәрістің тезистері:

ОЖЖ инфекциялары өмірге қауіп төндіретіндіктен этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапияны қажет етеді. Олар жеке ауыру түрінде, немесе қандай да бір бактериялық аурудың асқынуы ретінде дамуы мүмкін.

Менингит –мидың және жұлынның қабыну ауруы. Қабыну үрдісінде қабықтардағы және жұлын сұйықтығының өзгеру сипатына байланысты серозды және іріңді менингит болып бөлінеді. Іріңді менингитті жиі келесі топтағы микробтар шақырады: менингококктар, пневмококктар, гемофилді таяқша, стрептококктар, көкірің таяқшасы.

Сондықтан менингитті емдеуде міндетті түрде микробқа қарсы заттар, оның ішінде ликворға өтетін, антибиотикке микробтың сезімталдық дәрежесін ескере отырып тағайындалатын препараттар қолданылады.

Антибактериалды терапия парентералді жүргізіледі, келесі антибиотиктерді науқаспен көтере алатын масималды мөлшерлерде тағайындайды.

Хлорамфеникол (левомицетин), жақсы сіңіріледі, барлық тосқауылдардан жақсы өтеді, жаңа туған нәрестелерге қолдануға болмайды. Келесі жанама әсерлер көрсетуі мүмкін: аллергиялық реакциялар, қан түзілуінің тежелуі, тіпті апластикалық анемияға дейін, балаларда сұр коллапс және шоқ. Көрсетілген ауытқуларда пенициллин тобының препараттары кеңінен қолданады: бензилпенициллин натрий тұзы 24 000 000 ӘБ нен, ересектерге ампициллин, оксациллин, карбенициллин, уреидопенициллиндер, оларға тән жанама әсерлер болып табылады: аллергиялық реакциялар, карбенициллин тромбоциттердің агрегациясын бұзуы мүмкін

Келесі топтың препараттарын аминогликозидтер құрайды: гентамицин, тобрамицин, нетилллицин, аллергиялық реакциялар, естудің бұзылуын шақыруы мүмкін, нефротоксикалық әсері бар. Аминогликозидтер В-лактамды антибиотиктермен синергист болып әсер етеді.

Сонымен қатар цефалоспориндердің 3-ші және 4-ші ұрпақтары қолданады: науқастармен жақсы көтерілетін цефтриаксон, цефтазидим, цефотаксим, цефепим, бірақ аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Грамтеріс микробтармен В-лактомаза өндіретін пенициллиндерге аллергия болған кезде, соның ішінде Pseudomanas азтреонам қолдануға болады.

Антибактериалды емнен басқа бактериалды менингите естудің төмендеу қаупін және неврологиялық бұзылыстарды тудыруды азайту үшін қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсерлері бар кортикостероидты ем қолданылады.

Бактериалді менингиттің жиі асқынуына басішілік қысымның жоғарылауы жататындықтан науқасқа диуретиктер – маннит, фуросемид енгізіледі.

Тырысудың алдын алу және емдеу үшін диазепам тағайындалады, су-электролиттік балансты тұрақты ұстап тұру қажет.

Симптоматикалық терапия да үлкен роль атқарады.

4. Power Point бағдарламасы бойынша дайындалған көрнекі құралдар қолданылады.