Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

228.Кіші эпилептикалық ұстама кезінде таңдамалы препарат:

1. Этосуксимид

2. Фенобарбитал

3. Ламотриджин

4. Карбамазепин

5. Дифенин

229.Гипотензивті зат – ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы:

1. Фазиноприл

2. Клофелин

3. Адреналин

4. Верапамил

5. Валидол

230.Каптоприл:

1. Антиангиналды зат

2. Гликозид емес кардиотоникалық зат

3. Жүрек гликозиді

4. Гиполипидемиялық препараттар

5. Ангиотензинайналдырушы фермент ингибиторы

231.Гипертониялық ауру кезінде қолданылатын диуретик, ішке тағайындалады:

1. Маннит

2. Индапамид

3. Метопролол

4. Мезатон

5. Лозартан

232. Қабынуға қарсы стероидты зат:

1. Ацетилсалицил қышқылы

2. Преднизолон

3. Индометацин

4. Диклофенак-натрий

5. Ибупрофен

233.Ангиотензиндік рецепторлардың антагонисті:

1.Омапатрилат

2.Каптоприл

3.Лозартан

4.Эналаприл

5.Фозиноприл

234.Ангиотензинайналдырушы фермент ингибиторларына жатады:

1. Эналаприл

2. Магний сульфаты

3. Дибазол

4. Клофелин

5. Дигоксин

235.Антигипертензивті зат, бета-адренорецепторлар тежегіштеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Оксипренолол

2. Атенолол

3. Дибазол

4. Метопролол

5. Пропранолол

236.Жүректің ишемиялық ауруы кезінде қолданылатын бета-адреноблокатор:

1. Верапамил

2. Гидралазин

3. Дибазол

4. Дигитоксин

5. Метопролол

237.Атеросклероз кезінде төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Гиполипидемиялық заттар

2. Эндотелиотропты заттар

3. Антиоксиданттар

4. Гемостатиктер

5. Витаминдер

238. Бүйрек өзекшелерінде осмостық қысымды арттыратын препарат, көктамырға енгізіледі, форсирленген диурезде және ми ісінуі кезінде дегидратациялық зат ретінде қолданылады:

1. Фуросемид

2. Гидрохлотиазид

3. Спиронолактон

4. Маннит

5. Триамтерен

239. Преднизолонмен емдеу кезінде берілу синдромының дамуы байланысты:

1. Остеопорозбен

2. Гипотензиямен

3. Гипогликемиямен

4. Психозбен

5. Бүйрекүсті безі гормондарының өндірілуімен

240.Ми қанайналымының бұзылуында қолданылатын заттарға аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ

1. Циннаризин

2. Эуфиллин

3. Нимодипин

4. Винпоцетин

5. Атропин

241.Омепразолға тән:

1. Асқазандағы гистаминдік Н2-рецепторларын тежеу

2. Асқазан сөлінің хлорсутек қышқылын бейтараптау

3. Асқазандағы М-1 холинорецепторларын таңдамалы тежеу

4. Асқазанның париеталды жасушаларының мембраналық Н-K-АТФазасын қайтымсыз тежеу

5. Ганглийлерді тежеу әсері

242. Гиполипидемиялық заттарының негізгі топтарына төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Статиндер

2. Фиброй қышқылының туындысы

3. Өт қышқылының секвестранттары

4. Антиоксиданттар

5. Органикалық нитраттар

243.Брадиаритмия және жүрекшелік-қарыншалық блокада кезінде қолданылады:

1. Атропин, изадрин, эфедрин

2. Пропранолол, метопролол, атенолол

3. Верапамил, дилтиазем

4. Дигоксин, дигитоксин

5. Амиодарон, новокаинамид, хингамин

244.Калийсақтаушы диуретик:

1. Маннит

2. Индапамид

3. Спиронолактон

4. Фуросемид

5. Гидрохлортиазид

245.Жүрек гликозидтерімен уланғанда унитиол қолданылады :

1. Арнайы антидене ретінде

2. Ағзадан кальцийдің шығарылуы

3. Гиперкалиемияны жою үшін

4. Сульфгидрилді топ донаторы ретінде

5. Ішектен гликозидтердің сіңірілуін төмендету үшін

246.Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсері байланысты:

1. Агликонға

2. Гликонға

3. Гликозид молекуласындағы қант санына

4. Қантты бөлігіне сірке қышқылы қалдығының қосылуы

5. Сульфгидрилді тобының болуы

247.Төменде келтірілген тұжырымдардың барлығы дұрыс, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Нитроглицерин мимотропты әсерлі спазмолитик

2. Нитроглицерин асқазан ішек жолының, бронхиолалардың тегіс салалы бұлшықеттерін тонусын төмендетеді

3. Нитроглицерин мидың, ішкі мүшелердің қантамырларын кеңейтеді

4. Нитроглицерин тахикардия шақырады және артериялық қысымды төмендетеді

5. Нитроглицерин стенокардия ұстамаларының алдын алу үшін қажет

248.Пропранололдың жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жүрек жетіспеушілігі

2. Айқын брадикардия

3. Атриовентрикулярлы өткізгіштіктің тежелуі

4. Бронхтар тонусының жоғарылауы

5. Сілекей бездерінің секрециясының артуы

249. Глюкокортикоидтардың жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1.Эйфория, психомоторлы қозғыштық

2.Остеопороз

3.Гипогликемия

4.Асқазан шырышты қабатының ойылуы

5.Артериялық қысымның жоғарылауы

250.Препарат, жүректің жиырылу жиілігі мен күшін, жүрекішілік өткізгіштікті төмендетеді, миокардтың оттегіне қажеттілігін азайтады. Емдік дозада бронх тонусына әсер етпейді. Артериялық гипертензия, стенокардия, жүректік аритмияда қолданылады:

1. Верапамил

2. Пропранолол

3. Эналаприл

4. Нифедипин

5. Лозартан

251.Бұл препарат майда еритін витаминдерге жатады, кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысады. Рахитті емдеу және алдын алуда, кейбір сүйек жүйесінің ауруларында (остеодистрофиялар), сүйек кемігінің түзілуін арттыру үшін, қалқанша маңы безінің қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады:

1. Токоферол

2. Цианокобаламин

3. Рутин

4. Эргокальциферол

5. Ретинол

252. Препарат, майда еритін витаминдерге жатады. Бұл препараттың жеткіліксіздігінде қанда протромбин және қан ұю жүйесінің басқа факторларының мөлшері төмендейді, қан кету, геморрагиялық диатез дамиды. Антигеморрагиялық қасиетке ие, тікелей емес әсерлі антикоагулянттардың антагонисті болып табылады:

  1. Никотин қышқылы

  2. Ретинол

  3. Фитоменадион (викасол)

  4. Фоль қышқылы

  5. Рутин

253.Инсулин емдеуде қолданылады:

  1. Бронх демікпесін

  2. Стенокардияны

  3. Артериялық гипертензияны

  4. Асқазанның ойық жара ауруы

  5. Қант диабетін

254.Инсулин:

  1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны

  2. Бүйрекүсті безі қыртысты қабатының гормоны

  3. Қалқанша маңы безінің гормоны

  4. Әйел жыныс мүшелерінің гормоны

  5. Ұйқы безінің гормоны

255.Глюкокортикоидтарға тән негізгі әсерлерге аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Иммунодепрессивті

2. Қабынуға қарсы

3. Шокқа қарсы

4. Аллергияға қарсы

5. Антиагрегантты

256.Препарат иммунодепрессанттарға жатады, хинолин туындысы, қабынуға қарсы әсерге ие, коллагеноздарды емдеуде қолданылады:

  1. Хингамин

  2. Циклоспорин

  3. Азатиоприн

  4. Циклофосфан

  5. Меркаптопурин

257.Аминокапрон қышқылының негізгі механизмі:

1. Са иондарын байланыстырады

2. Бауырда протромбин синтезін тежейді

3. Фибриногеннің фибринге айналуын тежейді

4. Профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді

5. Протромбиннің тромбинге айналуын тежей отырып, тромбопластиннің белсенділігін төмендетеді

258. Қабынуға қарсы стероидты заттар төменде аталған патологиялық жағдайлардың барлығында қолданылады БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1.Коллагеноз

2.Аллергия

3.Миалгия

4.Ісіктік үрдістер

5.Астматикалық статус

259.Қантсыз диабетте қолданылатын гормондық препарат:

  1. Десмопрессин

  2. Окситоцин

  3. Инсулин

  4. Метформин

  5. Бутамид

260.Тікелей әсерлі антикоагулянттарға жатады:

1. Неодикумарин

2. Тромбин

3. Гепарин

4. Викасол

5. Фенилин

261.Фибринолитикалық заттарға жатады:

1. Гепарин

2. Дипиридамол

3. Викасол

4. Стрептокиназа

5. Контрикал

262.Жергілікті әсер ететін коагулянттарға жатады:

1. Викасол

2. Коамид

3. Тромбин

4. Простациклин

5. Фибриноген

263.Тікелей емес әсерлі антикоагулянттардың әсер ету механизмдері:

  1. Кальций иондарын байланыстырады

  2. Тромбин белсенділігін тежейді

  3. Протромбиннің тромбинге айналуын тежейді

  4. Профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді

  5. Бауырда протромбин синтезін ынталандарыда

264.Никотин қышқылының қасиеттеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Суда еритін витаминдердің препараты

  2. Қантамырларын кеңейтуші әсерге ие

  3. Микроциркуляцияны жақсартады, фибринолитикалық әсер етеді

  4. Ацетилхолин өндірілуін арттырады

  5. Гиполипидемиялық әсерге ие

265.Препарат теріастына, бұлшықетке, кейде көктамырға енгізіледі, әсері 15 минуттан кейін басталады, әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат:

1. Глибенкламид

2. Метформин

3. Инсулин-ленте

4. Инсулин-ультраленте

5. Инсулин

266.Эстрогенді препараттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Этинилэстрадиол

2. Эстрон

3. Эстрадиол

4. Синестрол

5. Прогестерон

267.Мерказолилге төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Қалқанша безі гормондарының синтезін арттырады

  2. Аллергиялық реакциялар

  3. Лейкопения

  4. Гранулоцитоз

  5. Ішке қабылданады

268.Паратиреоидинге төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Ішектен кальций ионының сіңірілуіне қатысады

  2. Сүйекте кальцийдің жиналуы

  3. Қан сарысуында кальций мөлшерінің жоғарылауы

  4. Бүйрек өзекшелерінде кальций реабсорбцифсын арттырады

  5. Қандағы фосфордың мөлшерін төмендетеді

269.Инсулинтәуелді қант диабетінде қолданылатын препарат:

1. Суинсулин

2. Инсулин лонг суспензиясы

3. Хумулин

4. Моносуинсулин

5. Глибенкламид

270. Ацетилсалицил қышқылына тән жанама әсер:

1.Ульцерогенді

2.Гипотензивті

3.Кардиотоксикалық

4.Ототоксикалық

5.Гепатотоксикалық

271. Гликозаминогликандардың биосинтезін төменде аталған препараттардың барлығы тежейді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1.Пироксикам

2.Ацетисалицил қышқылы

3.Индометацин

4.Ибупрофен

5.Фенилбутазон

272. Эргокальциферолдың фосфор-кальций алмасуына әсеріне төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Ішекте кальций сіңірілуін арттырады

  2. Бүйрек арқылы кальций шығарылуын артырады

  3. Бүйрек арқылы фосфаттардың шығарылуын төмендетеді

  4. Қандағы кальций мөлшерін төмендетеді

  5. Сүйек кемігіндегі кальций мөлшерін реттейді

273.Гиперхромды анемияда қолданылатын заттар:

1. Ферковен

2. Фоль қышқылы

3. Натрий нуклеинаты, метилурацил

4. Ферровит

5.Шала тотыққан темір сульфаты

274.Фибринолиз ингибиторлары:

1. Аминокапрон қышқылы

2. Антуран

3. Дипиридамол

4. Гепарин, фенилин

5. Ацетилсалицил қышқылы

275.Бауырда протромбиннің проконвертинге айналуын арттыратын витаминдік препарат:

1. Рибофлавин

2. Эргокальциферол

3. Токоферол

4. Ретинол

5. Викасол

276.Қант диабетінде қолданылатын пероралды препараттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Инсулин

  2. Акарбоза

  3. Метформин

  4. Глибенкламид

  5. Бутамид

277. Д гипервитаминоз кезіндегі көріністер:

1. Сүйек деминерализациясы

2. Бүйректе, қантамырларында, өкпеде кальцийдің жиналуы

3. Ұйқы безінің аралшықты аппаратының зақымдануы

4. Балаларда еңбегінің ерте бітуі

5. Диспепсиялық бұзылыстар

278. Д витаминін қолдану көрсеткіштеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Рахиттің алдын алу және емдеу

  2. Остеодистрофия

  3. Сүйек кемігінің түзілуін жылдамдату

  4. Кальцитонин жеткіліксіздігі

  5. Жүйке-бұлшықеттік берілудің бұзылуы

279.Жүрек гликозидтерімен уланған кезде төменде аталғандардың барлығы анықталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Налоксон, налтрексон

2. Лидокаин

3. Калий хлориді, унитиол

4. Тетрасірке қышқылының динатрий тұзы

5. Дифенин

280.Атеросклероз кезінде төменда аталған препараттар тобының барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Гиполипидемиялық заттар

2. Ангиопротекторлар

3. Антиагреганттар

4. Антиоксиданттар

5. Гемостатикалық заттар

281. Гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, ұйындының түзілуіне қатысады, массивті қан кетулерде кең қолданылады:

1. Кальций хлориді

2. Гепарин

3. Тромбин

4. Фибриноген

5. Серотонин адипинаты

282.Антикоагулянт, енгізгеннен кейін әсері бірден дамиды және 3-6 сағатқа созылады, кумуляцияланбайды, сонымен бірге қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсерлерге ие, іn vіvo және іn vіtro әсер етеді:

1. Неодикумарин

2. Протамин сульфаты

3. Гепарин

4. Аминокапрон қышқылы

5. Викасол

283.Препарат синтетикалық антифибринолитикалық препараттарға жатады, плазминогеннің плазминге айналуын тежейді. Ішке және көктамырға қолданылады:

1. Контрикал

2. Протамин сульфаты

3. Адроксон

4. Аминокапрон қышқылы

5. Викасол

284.Викасолдың әсер ету механизмі:

1. Кальций иондарын байланыстырады

2. Тромбин белсенділігін тежейді

3. Протромбиннің тромбинге айналуын тежейді

4. Бауырда протромбин синтезін тежейді

5. Протеолитикалық ферменттерді тежейді

285.Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға жатады:

  1. Гидрокортизон

  2. Преднизолон

  3. Беклометазон

  4. Диклофенак-натрий

  5. Триамцинолон

286. Панкреатин:

  1. Антицидті зат

  2. Ішайдағыш зат

  3. Құсуға қарсы зат

  4. Өт айдағыш зат

  5. Ұйқы безінің экскреторлы қызметі бұзылғанда қабылданатын зат

287.Алтын препараты қабынуға қарсы әсерге ие:

1. Кризанол

2. Бронхомунал

3. Хингамин

4. Пеницилламин

5. Метилурацил

288.Иммунодепрессивті әсерге ие препараттар:

1. Левамизол, интерферон

2. Т-активин, циклоспорин,

3. Хингамин, пеницилламин

4. Кризанол, лизоцим

5. Метилурацил, бронхомунал

289.Инсулиннің гипогликемиялық әсері төменде аталғандардың барлығымен байланысты, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жасуша мембранасы арқылы глюкозаның тасымалдануы

2. Шеткі тіндермен глюкозаның утилизациясы

3. Гликогеногенездің артуы

4. Гликонеогенездің тежелуі

5. Белоктың және май қышқылдарының синтезін ынталандырады

290.Сульфаниламидтердің триметоприммен жұптастырылған препараты:

1. Сульфадиметоксин

2. Сульфапиридазин

3. Этазол

4. Бактрим

5. Фталазол

291.Препаратты анықта: сульфаниламидтің триметоприммен жұптастырылған препараты, бактерицидті әсер етеді:

1. Хиниофон

2. Бактрим

3. Офлоксацин

4. Нистатин

5. Сульфален

292 Креон:

  1. Антацидті зат

  2. Іш айдағыш зат

  3. Ұйқы безінің экскреторлы қызметі бұзылғанда қабылданатын препарат

  4. Құсуға қарсы зат

  5. Өт айдағыш зат

293.Полимиксиннің әсер ету механизмі:

1. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

2. Цитоплазматикалық мембрана өткізгіштігін бұзады

3. Рибосома деңгейінде белок синтезін тежейді

4. Нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады

5. Белок-ферменттердің SH-тобын тежейді

294.Бактримнің әсер ету механизмі:

1. Жасуша синтезін бұзады

2. Жасуша қабырғасы белогының синтезін бұзады

3. Нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады

4. Дигирофоль қышқылының тетрагидрофоль қышқылына айналуын тежейді

5. Рибосома деңгейінде белок синтезін тежейді

295. Нитроимидазол туындысы:

1. Эметин гидрохлориді

2. Метронидазол

3. Фуразолидон

4. Левамизол

5. Хиниофон

296.Метронидазолдың негізгі қасиеттеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Әсер ету спектрі - амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, спора түзбейтін анаэробтар

2. АІЖ нашар сіңіріледі, тек парентералді тағайындалады

3. Иммуностимуляциялық әсер етеді

4. безгекті емдеуде қолданылады

5. Жанама әсерлері – диспепсиялық бұзылыстар, тремор, координация бұзылысы, лейкопения, агранулоцитоз

297.Линкомициннің әсер ету ерекшелігіне төменде келтірілгендердің барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Бактерия белогының синтезін бұзады

2. Сүйек тініне жақсы өтеді

3. Бактерицидті әсер етеді

4. ГЭТ нашар өтеді

5. Грамм оң бактерияларға әсер етпейді

298.Полимиксиннің әсер ету спектрі төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Протей

2. Көкірің таяқшасы

3. Ішек бактерияларының тұқымдастығы

4. Инфлюэнца таяқшалары

5. Пастерелла, бруцеллалар

299.Полимиксин М сульфатының қасиеттеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Тек жасушасыртында орналасқан микроорганизмдерге әсер етеді

2. Әсер ету спектрі – тар

3. Әсер ету типі – бактерицидті

4. Микроорганизмдердің тұрақтылығы баяу дамиды

5. Ішке, жергілікті және парентералды тағайындалады

300.Хинолон туындысы. Әсер ету спектрі - грамм теріс бактерияларға әсер етеді, көкірің таяқшасына әсер етпейді. Зәршығару жолдарының инфекциясында антибиотиктер мен сульфаниламидтер тиімсіз болғанда тағайындалатын препарат:

1. Фуразолидон

2. Диоксидин

3. Нитроксолин

4. Налидикс қышқылы

5. Офлоксацин

301. Препарат циклді полипептидтер тобына жатады. Цитоплазматикалық мембрана өткізгіштігін бұзады. Негізінен грамм теріс микроорганизмдерге әсер етеді. Операция алдында ішекке санация жүргізу үшін қолданылады:

1. Полимиксин М

2. Меропенем

3. Азтреонам

4. Линкомицин

5. Ванкомицин

302.Төменде аталғандардың барлығы тек зәршығару жолдарының инфекциясында қолданылатын заттар, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Нитроксолин

2. Фурагин

3. Фуразолидон

4. Офлоксацин

5. Налидикс қышқылы

303.Бактримге төменде аталған қасиеттердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Бактерицидті әсер етеді

2. Әсер ету спектрі кең

3. Тиімділіг бойынша антибиотиктерге жақын

4. Гемопоэзді бұзады

5. Көру қызметін бұзады

304.Бактримнің жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Диспепсиялық бұзылыстар

2. Аллергиялық реакциялар

3. Қан түзілудің тежелуі

4. Естудің бұзылуы

5. Суперинфекция

305.Сульфаниламидті препарат, АІЖ нашар сіңіріледі, қысқа әсер етеді, асқазан-ішек жолдарының инфекциясын емдеуде қолданылады:

1. Сульфадимезин

2. Фталазол

3. Бактрим

4. Сульфапиридазин

5. Сульфацил натрий

306.Сульфаниламидтер мен триметопримнің жұптастырылған препараты, бактерицидті әсер етеді:

1. Уназин

2. Бактрим

3. Офлоксацин

4. Ампиокс

5. Аугментин

307.Препарат келесі қасиеттерге ие: үшвалентті темірді еківаленттіге тотықсыздандырады, темірдің АІЖ жақсы сіңірілуін қамтамасыз етеді:

1. Цианкобаламин

2. Темір лактаты

3. Фоль қышқылы

4. Аскорбин қышқылы

5. Пирогенал

308.Жаңа түзілген тромб болған жағдайда миокард инфарктінің алғашқы сағаттарында қолданылатын заттар тобы:

1. Агреганттар

2. Антиоксиданттар

3. Фибринолитиктер

4. Нитраттар (көктамырға)

5. Неодикумарин

309.Антиагрегантты заттар төменде аталған қасиеттерге ие, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Тиклопидин

2. Ацетилсалицил қышқылы

3. Клопидогрел

4. Дипиридамол

5. Викасол

310.Ми қанайналымының жедел бұзылысында (ишемиялық инсультте) төменде аталған препараттар қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Гепарин

2. Пирацетам

3. Пентоксифиллин

4. Церебролизин

5. Викасол

311.Ми қанайналымының жедел бұзылысында (геморрагиялық инсультте) қолданылады:

1. Гепарин

2. Викасол

3. Стрептокиназа

4. Фенилин

5. Варфарин

312.Ми қанайналымын жақсартатын заттарға (барвинок алкалоидтарының туындылары) жатады:

1. Нимодипин

2. Циннаризин

3. Винпоцетин (кавинтон)

4. Ницерголин

5. Пирацетам

313.Нимодипин жатады:

1. L-типті кальций каналдарының блокаторларына

2. Барвинок алкалоидтарының туындыларына

3. Қастауыш алкалоидтарының туындыларына

4. Никотин қышқылының туындыларына

5. Ксантин туындыларына

314.Ишемия кезінде мидағы қанайналымын жақсартатын заттарға төменде аталған препараттардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Антиагреганттар

2. Антикоагулянттар

3. L-типті кальций каналдарының блокаторлары

4. Ноотроптар

5. Коагулянттар

315.Нейропротекторлы препараттарға жатады:

1. Натрий оксибутираты

2. Тиклопидин

3. Клопидогрел

4. Гепарин

5. Варфарин

316.Барбитураттар әсер көрсетеді:

1. Антиагрегантты

2. Антикоагулянтты

3. Гемостатикалық

4. Ұйықтатқыш

5. Гипертензивті

317.Үлкен эпилепсия ұстамаларының алдын алу үшін төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Фенобарбитал

2. Дифенин

3. Натрий вальпроаты

4. Топирамат

5. Этосуксимид

318.Дифениннің жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. ОЖЖ тежеу

2. Атаксия

3. Гиперпластикалық гингивит

4. Обстипация

5. Диплопия

319.Фенобарбиталдың әсер ету механизмі:

1. ГАМҚ-ергиялық жүйені белсендіреді

2. Серотонинергиялық жүйені белсендіреді

3. Холинергиялық жүйені белсендіреді

4. Дофаминергиялық жүйені белсендіреді

5. Пуринергиялық жүйені белсендіреді

320.Эпилептикалық статуста қолданылатын дәрілік заттарға барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Диазепам

2. Дифенин натрий тұзы

3. Фенобарбитал натрий тұзы

4. Этосуксимид

5. Клоназепам

321.Нимодипиннің әсер ету механизмі байланысты:

1. L-типті кальций каналдарының тежелуімен

2. Спазмолитикалық әсерімен

3. a-адренорецепторлар тежелуімен

4. Фосфодиэстеразалар тежелуімен

5. Аденозиндік рецепторлар тежелуімен

322.Ми қанайналымына төменде аталған препараттардың барлығы әсер етеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1.Нимодипин

2.Винпоцетин

3.Викасол

4.Ксантинол никотинаты

5. Пентоксифиллин

323.Ницерголин:

1.Никотин қышқылының туындысы

2.Ксантин туындысы

3.Қастауыш алкалоидының туындысы

4.Барвинок алкалоидының туындысы

5. ГАМҚ туындысы

324.Артериялық гипертензиясы және бронх демікпесі бар науқасқа тағайындауға болмайды:

  1. Пропранололды

  2. Фуросемидті

  3. Амлодипинді

  4. Эналаприлді

  5. Лозартанды

325.Нитраттарды қабылдаған кезде бас ауыруын төмендету үшін тағайындау қажет:

  1. Пирацетамды

  2. Аминолонды

  3. Кофеинді

  4. Церебролизинді

  5. Ацетилсалицил қышқылын

326.Нитраттардың қандай дәрілік қалыптарын қабылдаған кезде толеранттылық даму қаупі ең төмен болады:

  1. Сублингвалды

  2. Дәрілік қалыптың түріне байланысты емес

  3. Пероралды

  4. Трансдермалды

  5. Буккалды

327.Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын шақырады:

  1. Холестирамин

  2. Ловастатин

  3. Никотин қышқылы

  4. Пробукол

  5. Гепарин

328.Нитраттарды қолданған кездегі бас ауыруында тағайындалады:

  1. Пирацетам

  2. Аминолон

  3. Викасол

  4. Церебролизин

  5. Валидол

329.Гепаринді үлкен дозада қолданғанда анықталады:

  1. Викасол

  2. Кальций хлориді

  3. Протамин сульфаты

  4. Аминокапрон қышқылы

  5. Аскорбин қышқылы

330.Жүрек глиозидтерін тағайындаудағы емдік тиімділік көрсеткішін таңдаңыз:

  1. Қан сарысуында препараттың концентрациясы

  2. Клиниклық көрсеткіштер (ЖЖЖ, ентігу, ісіну және т.б.)

  3. Зәрдегі препараттардың концентрациясы

  4. ЭКГ көрсеткіштерін жақсарту

  5. Брадикардия пайда болуы

331.Төменде келтірілген микробқа қарсы препараттардың қайсысы қандағы глюкозаның мөлшерін жоғарылатады:

  1. Холестирамин

  2. Ловастатин

  3. Пробукол

  4. Никотин қышқылы

  5. Варфарин

332.Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылады:

  1. Калий хлориді

  2. Преднизолон

  3. Гидрокортизон

  4. Клонидин

  5. Натрий нитропруссиді

333.Антиаритмиялық және антиангиналды әсерлерге ие:

  1. Хинидин

  2. Новокаинамид

  3. Лидокаин

  4. Верапамил

  5. Жоғарыда аталғандардың барлығы

334.Кардиотоникалық зат – фосфодиэстеразаның ингибиторы:

  1. Амринон

  2. Добутамин

  3. Дигоксин

  4. Дигитоксин

  5. Коргликон

335.Добутамин:

  1. Түкті оймақгүл препараты

  2. Алқызыл оймақгүл препараты

  3. Көктемгі жанаргүл препараты

  4. Гликозид емес кардиотоникалық зат

  5. Құрамында мамырлық меруертгүл гликозидтерінің қосындысы бар препарат

336. Миокард инфарктінің жедел кезеңінде қарыншалық аритмияны жою үшін тағайындалады:

1. Новокаинамид

2. Лидокаин

3. Хинидин

4. Верапамил

5. Ешқайсысы

337.Индапамид:

1. Кальций каналдарының блокаторлары

2. Калий каналдарының активаторлары

3. Су-тұз алмасуына әсер ететін зат

4. Адреноблокатор

5. Ангиотензивті рецепторлар тежегіші

338.Су-тұз алмасуына әсер ететін зат:

1. Лозартан

2. Натрий нитропруссиді

3. Клонидин

4. Каптоприл

5. Гидрохлортиазид

339.Дигиталисті нтоксикация кріністері:

1. Брадикардия

2. Жүрек айну, құсу

3. Түрлі-түсті галлюцинациялар

4. Диарея

5. Аталғандардың барлығы

340.Өт қышқылының секвестранты:

1. Ловастатин

2. Холестирамин

3. Клофибрат

4. Пармидин

5. Пробукол

341.Статиндерге жатады:

1. Холестирамин

2. Клофибрат

3. Ловастатин

4. Пробукол

5. Пармидин

345.Антиоксидант:

1. Холестирамин

2. Пармидин

3. Ловастатин

4. Пробукол

5. Клофибрат

346.Пармидин:

1. Өт қышқылдарының секвестранты

2. 3 – гидрокси – 3 метилглутарил коэнзим А редуктаза ингибиторы

3. Эндотелиотропты зат

4. Фиброй қышқылының туындысы

5. Антиоксиданттар

347.Грам теріс микроорганизмдерге әсер ететін антибиотик:

1. Полимиксин М

2. Линкомицин

3. Бициллин

4. Рифампицин

5. Ванкомицин

348.Офлоксацинге тән жанама әсерлер төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Әсер ету спектрі кең

2. Жасуша ішінде әсер етеді

3. Аллергиялық реакции, ұйқысыздық шақырады, шеміршек тінінің дамуын тежейді

4. Нитрофуран туындысы

5. Бактерицидті әсер етеді

349. 8-оксихинолин туындысы:

1. Офлоксацин

2. Нитроксолин

3. Хиноксидин

4. Фурадонин

5. Налидикс қышқылы

350.Сульфаниламидтердің жанама әсерлері төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Лейкопения

2. Ототоксикалық әсер

3. Кристаллурия

4. Дисбактериоз

5. Аллергиялық реакция

351. Энтерохромаффинтәрізді жасушалардың белсенділігін төмендететін М- холиноблокатор:

1. Омепразол

2. Ранитидин

3. Пирензепин

4. Пропранолол

5. Мизопростол

352. Простагландина Е1 синтетикалық аналогі:

1. Омепразол

2. Ранитидин

3. Пирензепин

4. Сукралфат

5. Мизопростол

353.Жараның бетін зақымдаушы факторлардың әсерінен механикалық қорғайды:

1. Пирензепин

2. Висмуттың үшкалий дицитраты

3. Магний тотығы

4. Омепразол

5. Ранитидин

354.Асқазан шырышты қабатының зақымдаушы факторларға тұрақтылығын арттырады:

1. Прозерин

2. Висмуттың үшкалий дицитраты

3. Мизопростол

4. Ранитидин

5. Атропин

355.Атропиннің өт айдағыш әсері байланысты:

1. Миотропты әсер етіп, Одди сфинктерін босаңсытады

2. М-холиноблокаторлы әсер етіп, Одди сфинктерін босаңсытады

3. Өт қапшығының бұлшықеттеріне тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді

4. Гепатоциттермен өттің өндірілуін арттырады

5. Миорелаксациялық әсер көрсетеді

356.Сенна препараттарының іш айдағыш әсері байланысты:

1. Холинергиялық синапстардың ынталануына

2. Ішек микрофлорасының әсерінен босап шығатын антрагликозидтердің әсеріне

3. Ішек механорецепторларына тікелей ынталандырғыш әсер етеді

4. Опиоидты рецепторларды ынталандырады

5. Ішек қуысындағы осмостық қысымды арттырады

357.Сенна, сыңғақ итшомырт, рауғаш препараттарының әсері пайда болады:

1. 2-3 сағаттан кейін

2. 4-6 сағаттан кейін

3. 8-12 сағаттан кейін

4. 30 минуттан кейін

5. 1 сағаттан кейін

358.Прозеринді қолдану көрсеткіштері:

1. Іш қату

2. Диарея

3. Ішек шаншуы

4. Операциядан кейінгі ішек атониясы

5. Операциядан кейінгі құсу

359.Оксафенамид:

1. Өт түзілуін ынталандырады, өт шығару жолдарының тегіс салалы бұлшықеттерін босаңсытады

3. Гепатопротекторлы әсерге ие

3. Рефлекторлы түрде өттің бөлінуін арттырады

4. Гастропротекторлы әсер етеді

5. Құсуға қарсы әсер етеді

360.Хондропротекторлар мен қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСЕП) қолданғанда байқалады:

1. ҚҚСЕП қажеттілігі артады

2. ҚҚСЕП қажеттілігі азаяды

3. Препараттың дозасы өзгермейді

4. Хондропротекторларға қажеттілігі артады

5. Хондропротекторларға қажеттілігі азаяды

361.Төменде көрсетілгендерден ЦОГ2 селективті ингибиторларын анықтаңыз:

1. Диклофенак

2. Пироксикам

3. Мелоксикам

4. Ибупрофен

5. Индометацин

362.Глюкозаминнің фармакологиялық әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Протеогликан биосинтезіне қатысады

2. Гиалурон қышқылының биосинтезіне қатысады

3. Хондроитин қышқылының биосинтезіне қатысады

4. Супероксидті радикалдар мен ферменттердің (коллагеназа мен фосфолипаза) синтезін тежейді

5. Сүйек тінінен кальцийдің жоғалуын төмендетеді

363.Хондропротекторларға жатады:

1. Мелоксикам

2. Пеницилламин

3. Глюкозамин

4. Пироксикам

5. Метотрексат

364.Ноотропты заттарды қолданудың қарсы көрсеткіштеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жүктілік

2. Бала емізу

3. Геморрагиялық инсульт

4. Препаратқа сезімталдылығының артуы

5. Алкоголдік абстиненция

365.Ноотропты заттарды қолдану көрсеткіштері төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Есте сақтау қабілетінің бұзылуы

2. Инсульттен кейінгі ақыл-ес кемістігі

3. Психикалық дамуының артта қалуы

4. Интеллектуалды дамуының артта қалуы

5. Ұйқы бұзылысы

366.Бактериялық менингитті емдеуде төменде аталғандардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Цефтриаксон

2. Цефотаксим

3. Бензилпенициллин натрий тұзы

4. Ампициллин

5. Цефазолин

367. Контрикал:

  1. Протеолиз иигибиторы

  2. Өт айдағыш зат

  3. Гастропротектор

  4. Іш айдағыш зат

  5. Құсуға қарсы зат

368. Ұйқы безінің қызметі бұзылысында қолданылады:

  1. Магний сульфаты

  2. Оксафенамид

  3. Этаперазин

  4. Панкреатин

  5. Атропин сульфаты

369.Ишемиялық инсульттың алдын алуда төменде аталған препараттардың барлығы қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Ацетилсалицил қышқылы

2. Тиклопидин

3. Клопидогрел

4. Дипиридамол

5. Нимодипин

370.Негізінен ми қантамырлдарын кеңейтетін препараттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Нимодипин

2. Циннаризин

3. Ксантинол никотинаты

4. Флунаризин

5. Винпоцетин

371.Барлық шеткі қантамырларына және ми қантамырларына айқын миотропты тамырларды кеңейткіш әсерді төменде аталған препараттардың барлығы көрсетеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Нимодипин

2. Ксантинол никотинаты

3. Пирацетам

4. Викасол

5. Пентоксифиллин

372.Препаратты анықта: аденозиндік рецепторларды тежейді, фосфодиэстеразаны тежейді, әлсіз қантамырларын кеңейтуші әсерге ие, тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді, микроциркуляцияны жақсартады:

1. Ксантинол никотинаты

2. Пентоксифиллин

3. Винпоцетин

4. Нимодепин

5. Циннаризин

373.Құрамында қастауыштың алкалоиды бар препарат:

1. Ницерголин

2. Нимодипин

3. Винпоцетин

4. Ксантинол никотинаты

5. Пирацетам

374.Кальций каналдарының блокаторы антигистаминдік қасиетке ие:

1. Аминолон

2. Циннаризин

3. Винпоцетин

4. Ницерголин

5. Пентоксифиллин

375.Пентоксифиллиннің реологиялық әсері байланысты:

1. Эритроциттер қабатының эластикалылығының артуына

2. Тромбоциттер агреациясын арттыруына

3. Қан ұюын арттыруына

4. Микроциркуляцияны жақсартуына

5. Қанның тұтқырлығын арттыруына

376.Ницерголиннің тамыртарылтушы әсері байланысты:

1. a-адреноблокаторлы әсрімен

2. b-адреноблокаторлы әсерімен

3. М-холиноблокаторлы әсерімен

4. Н1-гистаминоблокаторлы әсерімен

5. Серотонинблокаторлы әсерімен

377.Тынысты аз тежейтін тырысуға қарсы заттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Натрий оксибутираты

2. Лидокаин

3. Фентанил+дроперидол

4. Диазепам

5. Магний сульфаты

378.Тынысты айтарлықтай тежейтін тырысуға қарсы заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Магний сульфаты

2. Тиопентал-натрий

3. Фенобарбитал-натрий

4. Диазепам

5. Хлоралгидрат

379.Гепаринмен белсенді емес кешен түзе отырып, оның белсенділігін төмендетеді:

1. Викасол

2. Протамин сульфаты

3. Фраксипарин

4. Варфарин

5. Фенилин

380.Пантогам ноотропты әсерден басқа қандай фармакологиялық әсер көрсетеді:

1. Нейролептикалық

2. Тырысуға қарсы

3. Антигипоксиялық

4. Гипертензивті

5. Антдепрессивті

381.Ми қанайналымының жедел бұзылысында қолданылатын антикоагулянт:

1. Ницерголин

2. Винпоцетин

3. Гепарин

4. Аминолон

5. Пирацетам

382. Пирацетамның негізгі қолдануға қарсы көрсеткіштері:

1. Жүрек жетіспеушілігі

2. Бауыр жетіспеушілігі

3. Жүктіліктің алғышқы триместрі

4. Тыныс жетіспеушілігі

5. Бүйрек жетіспеушілігі

383. Қасиеттеріне қарай препаратты анықта: құрамында фторы бар преднизолон туындысы. Қабынуға қарсы әсері бойынша гидрокортизоннан 5 есе басым түседі, натрий, хлор, калий иондарының және судың ағзадан шығарылуына мүлдем әсер етпейді. Жанама әсерлері: бұлшықет атрофиясы, тәбет жоғалуы, депрессия:

1. Гидрокортизон

2. Кортикостерон

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Триамцинолон

384. Асқазан сөлінің секрециясын арттырады:

1. Гистамин

2. Пепсин

3. Трипсин

4. Омепразол

5. Антациды

385.Жара бетін механикалық қорғайтын гастропротекторлар:

1. Мизопростол

2. Магний тотығы

3. Ранитидин

4. Сукралфат

5. Кальций карбонаты

386.Төменде аталғандардың барлығы өттің шығарылуына әсер етеді, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Оксафенамид

2. Атропин

3. Но-шпа

4. Лигалон

5. Папаверин

387.Өттің түзілуін ынталандыратын заттар төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Атропин

2. Но-шпа

3. «Холензим» таблеткасы

4. Оксафенамид

5. Холосас

388.Эстрогендерді тағайындау көрсеткіштері төменде аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Аналық бездерінің жетілмеуі

2. Климакстық бұзылыстар

3. Сары дене қызметінің бұзылысы

4. Қуықасты безінің обыры

5. Босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияны тежеу үшін

389.Құрамында фтор бар преднизолон туындысы. Қабынуға қарсы әсерінен гидрокортизоннан 30 есе басым түседі, ағзадан натрий, хлор, калий иондарының және судың шығарылуына мүлдем әсер етпейді. Жанама әсерлері: бұлшықет атрофиясы, тәбеттің жоғалуы, депрессия:

1. Гидрокортизон

2. Кортикостерон

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Беклометазон дипропионаты

390.Глюкокортикоидтарды қолдану көрсеткіштері аталғандардың барлығы, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Аутоиммунды ауру

2. Қант диабеті

3. Мүшелер мен тіндер трансплантациясы

4. Тері мен шырышты қабаттардың аурулары

5. Жаңа туылған нәрестелердегі тыныс бұзылысы синдромы

391.Стероидты құрылымды гормондарға жатады:

1. Қалқанша безінің тиреоидты гормондары

2. Жыныс бездерінің гормондары

3. Ұйқы безінің гормондары

4. Гипоталамус гормондары

5. Гипофиз гормондары

392. Жедел панкреатитте қолданылады:

  1. Магний сульфаты

  2. Контрикал

  3. Этаперазин

  4. Димедрол

  5. Сукралфат

393.Глюкокортикоидтардың жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Гипокалиемия, гипокалигистия

2. Ісінулер, қысымның артуы

3. Гиперкалиемия, гиперкальциемия

4. АІЖ пептидті жаралардың пайда болуы

5. Ағзаның қорғаныс қызметінің төмендеуі, регенерация үрдістерінің баяулауы

394.Құрамында фторы бар преднизолон туындысы. Қабынуға қарсы әсері бойынша гидрокортизоннан 30 есе басым, су-тұз алмасуына аз әсер етеді:

1. Гидрокортизон

2. Кортикостерон

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Беклометазон дипропионаты

395.Гормондардың әсер ету механизмдеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Жасушаішілік цАМФ мөлшерінің артуы, аденилатциклазаны ынталандыруы

2. Жасушаішілік үрдістерде цАМФ қатысатын протеинкиназаны ынталандыру

3. Ядро және гендердің транскрипциясын реттейтін цитоплазмалық рецепторлармен өзара әселесуі

4. Фосфатидилинозитол жүйесін ынталандыру

5. Циклооксигеназаны тежеу

396.Глюкокортикоидтардың жанама әсерлеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Катаракта, глаукома асқынуы

2. ОЖЖ қозғыштығының артуы

3. Гипокортицизм синдромы

4. Иценко-Кушенг синдромының дамуы

5. Иммунитеттің күшеюі

397.Препаратты анықта. Дегидрирленген гидрокортизон аналогі. Қабынуға қарсы әсері бойынша гидрокортизоннан 3-4 есе басым, аз дәрежеде ағзада натрий иондарын ұстап қалады:

1. Гидрокортизон

2. Кортикостерон

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Триамцинолон

398.Синтетикалық глюкокортикоидтарға төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Преднизолон

2. Дексаметазон

3. Гидрокортизон

4. Беклометазон дипропионаты

5. Флуметазон пивалаты

399.Глюкокортикостероидтардың су-тұз алмасуына әсеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Натрий, хлор иондарының ағзада ұсталуы

2. Калий ионының секрециясы артады

3. Ағзада сұйықтықтың ұсталуы

4. Қан сарысуы көлемінің артуы, тіндердің гидрофилдігінің жоғарылауы

5. Артериялық қысымның төмендеуі

400.Қасиеттеріне қарай препаратты анықта. Мүлдем резорбтивті әсер етпейді. Бронх демікпесінде, вазомоторлы ринитте ингаляциялық түрде қолданылады. Ұзақ уақыт қолданғанда ауыз қуысы шырышты қабатының кандидамикозы байқалады.

1. Гидрокортизон

2. Кортикостерон

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Беклометазон дипропионаты

401.Бүйрекүсті безінің қыртысты қабатында төменде аталғандардың ьарлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Кортикостероидтар

2. Минералокортикоидтар

3. Андрогендер

4. Инсулин

5. Эстрогендер

402.Мүлдем резорбтивті әсер етпейтін глюкокортикоид:

1. Беклометазон дипропионаты

2. Триамцинолон

3. Преднизолон

4. Дексаметазон

5. Гидрокортизон

403.Антиагрегант:

1. Ацетилсалицил қышқылы

2. Ибубруфен

3. Гепарин

4. Неодикумарин

5. Фибринолизин

404.Гепаринге төменде аталған әсерлердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Ішке қолданғанда тиімді

2. Парентералды қолданғанда тиімді

3. Протромбиннің тромбинге айналуын тежейді

4. Қан ұюын бұзады in vivo және in vitro

5. Көктамырға енгізгеннен кейін әсері 2-6 сағатқа созылады

405.Гемостатикалыө зат

1. Гепарин

2. Неодикумарин

3. Ацетилсалицил қышқылы

4. Викасол

5. Фибринолизин

406.Қасиеттеріне қарай препаратты анықта: гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, ұйынды түзілуіне қатысады, массивті қан кетулерде кең қолданылады:

1. Кальций хлориді

2. Викасол

3. Тромбин

4. Фибриноген

5. Аминокапрон қышқылы

407.Ацетилсалицил қышқылының антиагрегантты әсері байланысты:

1. Простациклин түзілуін тежейді

2. Тромбоциттер циклооксигеназасын тежейді

3. Антитромбин III-ті белсендендіреді

4. Холинэстераза синтезін тежейді

5. Фосфодиэстераза синтезін тежейді

408. Фибринолизді белсендендіреді:

1. Стрептокиназа

2. Неодикумарин

3. Гепарин

4. Фраксипарин

5. Ацетилсалицил қышқылы

409.Препаратты анықта: антиагрегант, простациклинді рецепторларды ынталандырады, қантамырларын кеңейтеді, қысқа уақыт әсер етеді:

1. Фенилин

2. Ацетилсалицил қышқылы

3. Гепарин

4. Фраксипарин

5. Эпопростенол

410.Әртүрлі себепті қан кетулерді тоқтату үшін қолданылады:

1. Гепарин

2. Фенилин

3. Аминокапрон қышқылы

4. Стрептокиназа

5. Дипиридомол