
- •Силлабус
- •051301 Жалпы медицина мамандығы бойынша
- •1. Жалпы мәліметтер
- •1.1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
- •1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2. Бағдарлама.
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •Содержание фармакологии-2 по модулям
- •Оқыту және сабақ беру әдістері
- •2.7. Құралдар және жабдықтау
- •2.9. Фармакология бойынша сабақтардың тақырыптық жоспарлары
- •2.10 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі*
- •2.11. Бағдарламалық препараттар тізімі
- •Тромбқа қарсы заттар
- •Ми қанайналымы бұзылысында қолданылатын заттар
- •Тырысу синдромында қолданылатын заттар
- •Бронходилятаторлар
- •Тыныстың жетіспеушілігінде қолданылатын заттар
- •Модуль «Қан түзу жүйесі»
- •Модуль «Ас қорыту жүйесі»
- •Модуль «Жүрек-қан тамыр жүйесі»
- •Модуль «Несепжыныс жүйесі»
- •Модуль «Эндокринді жүйе»
- •Модуль «Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары»
- •Оқытудың әдістері:
- •2.13 Білімді бағалау критериилері мен ережелері:
- •1. «Фармакология-2» пәні бойынша студенттердің білімін бағалау
- •2. «Фармакология-2» пәні бойынша дағдыны бағалау
- •3. «Фармакология-2» пәні бойынша коммуникативті компетенцияны бағалау
- •4. «Фармакология-2» пәні бойынша өз білімін жетілдіруді бағалау
- •5. «Фармакология-2» пәні бойынша құқықтық компетенцияны бағалау
- •Рецепт жазу (ең жоғарғысы 40 балл)
- •2. Жағдайлық есепті шешу (ең жоғарғысы 40 балл)
- •3. Коммуникативті компетенцияны бағалау (ең жоғарғысы 20 балл)
- •«Жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
- •Тақырыбы: «Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының негізгі жолдары»
- •Дәрістің тезистері:
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •1. Тақырыбы: «Негізгі нейропротективті заттар. Ожж регенераторлы-репаративті үрдістерді жақсартуға бағытталған препараттар».
- •3. Дәрістің тезистері
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •«Жүйке жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.Тақырыбы. Ми қанайналымының жедел және созылмалы бұзылыстарында қолданылатын заттар
- •5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тест №8. Ми қанайналымын жақсартатын препараттар: (4)
- •«Жүйке жүйесі» модулі бойынша соөж арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: «Тырысу синдромы кезінде қолданатын заттар»
- •3. Оқытудың мақсаттары:
- •5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Әдебиеттер:
- •Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар
- •Соөж арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •2.Оқытудың міндеттері:
- •5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: «Пневмония кезіндегі микробқа қарсы емнің принциптері мен препаратты таңдау. Балаларда әсер етуі мен қолдануының ерекшеліктері»
- •3. Дәріс тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақатры (кері байланыс)
- •1. Тақырыбы: «Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы синдромында қолданылатын заттарды таңдаудың негізгі прициптері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»
- •3. Дәріс тезистері:
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •«Тыныс жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •2. Оқыту міндеттері:
- •3. Хронометраж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •Тесттік тапсырмалар
- •2. Оқыту міндеттері:
- •3. Хронометраж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •Тесттік тапсырмалар
- •«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша соөж арналған әдістемелік нұсқаулықтар
- •1.Тақырыбы: «Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •6.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Әдебиеттер:
- •8.Бақылау
- •1. Тақырыбы: «Қақырық түсіретін заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •6.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Әдебиеттер:
- •8.Бақылау
- •1. Тақырыбы: «Жөтелге қарсы заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»
- •3. Оқыту міндеттері:
- •6. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Әдебиеттер:
- •8.Бақылау
- •2. Оқытудың міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •7. Бақылау:
- •Өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалар
- •Тест №6
- •Тест №14
- •Тест №21
- •Тест №22
- •«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша сөж арналған әдістемелік нұсқаулықтар
- •1.Тақырыбы: «Респираторлық - дистресс синдромның медикаментозды емі»
- •3.Тапсырма:
- •4.Орындау түрлері:
- •8. Әдебиеттер:
- •7. Бағалау критерилері:
- •8. Әдебиеттер
- •9. Бақылау:
- •Тақырып: «Қарттардағы, балалардағы және жүкті әйелдердегі тыныс алу жүйесінің ауытқуларындағы фармакотерапия ерекшеліктері»
- •Тапсырмалар:
- •Орындалу түрі: презентация.
- •Орындалу көрсеткіштері:
- •6. Презентацияны безендіруге талаптар:
- •8.Әдебиеттер
- •9. Бақылау
- •Модуль «Қан түзу жүйесі»
- •3. Хронометраж
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •Тест №1
- •Тест №2
- •Фоль қышқылы (4):
- •«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша соөж арналған әдістемелік нұсқаулықтар
- •3. Хронометраж
- •6. Әдебиет:
- •Тест №1
- •Тест №2
- •Тест №3
- •Тест №4
- •Тест №5
- •Тест№ 9
- •Тест№ 10
- •Тест№ 11
- •Тест № 12
- •1. Тиклопидин, клопидогрел 2. Аминокапрон қышқылы, контрикал 3. Трастузумаб, винбластин
- •4. Ломустин, кармустин 5. Циклофосфан, меркаптопурин
- •4. Мутагенді әсер 5. Тератогенді әсер
- •7. Бағалау критерийлері:
- •8. Әдебиет
- •7.Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:
- •10. Әдебиет
- •Модуль «Ас қорыту жүйесі» «Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
- •1. Тақырыбы: «Асқазан-ішек диспепсиясын емдеудің негізгі бағыттары. Препараттары, жалпы сипаттамасы».
- •3. Дәрістің тезистері
- •Асқазан қызметінің бұзылысынан (ақб) дамыған диспепсияны емдеудің негізгі бағыттары
- •Ішектің моторикасына әсер ететін заттар, ішектің моторикасын төмендететін заттар
- •Ішектің моторикасын жоғарылататын заттар
- •1. Холинергиялық нервтердің тонусын жоғарылататын заттар:
- •2.Ішектің жиырылу қабілетін күшеітетін заттар - іш айдағыш заттар.
- •II. Негізінен аш ішекке әсер ететін іш айдағыш заттар
- •III. Негізінен тоқ ішекке әсер ететін іш айдағыш заттар
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтар (кері байланыс)
- •Асқазан диспепсиясының ойық жара тәріздес түрінде қолданылатын негізгі препараттар.
- •1. Тақырыбы: «Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуде дәрілік заттарды қолданудың негізгі принциптері»
- •3. Дәрістің тезистері
- •Синтетикалық холеретиктер
- •Өсімдік тектес холеретиктер
- •Өттің бөлінуіне ықпал ететін заттар (холекинетиктер)
- •Гепатопротекторлар
- •Холелитикалық заттар
- •5. Әдебиет:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар. Сабақ 1
- •3. Хронометраж
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша жағдайлық есептер. Сабақ 1
- •Тақырыбы. Гепатобилиарлы патологияда қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолданудың ерекшеліктері.
- •Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Холензим
- •Тақырып: «Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар».
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •6. Әдебиет:
- •Тест №1
- •Тест №9
- •Тест №10
- •Жағдайлық есептер
- •3. Хронометраж
- •6. Әдебиет:
- •Тест №9
- •«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырыбы: «Гастро-эзофагеалды рефлюксты аурудың фармакотерапиясы»
- •Тапсырмалар:
- •Орындалу түрі: реферат.
- •5. Орындалу көрсеткіштері:
- •8. Әдебиет:
- •Бақылау
- •Тақырыбы : «Өт айдайтын өсімдік тектес заттар»
- •Тапсырмалар:
- •5. Орындау критерилері:
- •Әдебиет:
- •Бақылау:
- •«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі «Жүрек-қантамырлар жүйесі» бойынша дәрістер кешені
- •Тақырыбы: «Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік препараттардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы және қолданылуының негізгі бағыттары»
- •3. Дәріс тезистері
- •4. Power Point бағдарламасындағы иллюстрациялық материалды қолдану
- •5. Әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •1. Тақырыбы: «Антиангиналды заттарды қолданудың негізгі принциптері. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерлері»
- •3. Дәріс тезистері
- •1. Органикалық нитраттар - нитроглицерин, тринитролонг, нитронг, изосорбид динитраты, изосорбид мононитраты;
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Антиангинальды заттардың негізгі топтары.
- •3.Дәріс тезистері
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
- •Антигипертензивті заттардың негізгі топтары.
- •«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Хронометраж Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер. Негізгі:
- •Бақылау
- •Оқыту міндеттері:
- •3. Хронометраж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер
- •7. Бақылау:
- •Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тесттік тапсырмалар
- •Тақырыбы. Аритмияға қарсы заттар.
- •Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •3. Хронометраж
- •6. Әдебиет:
- •1. Пропранолол 2. Гепарин 3. Кораксан (ивабрадин) 4. Дибазол
- •5. Фуросемид
- •«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: Жүректамыр жүйесінің патологиясы кезінде фитопрепараттардың қолдану көрсеткіштері.
- •5. Орындау шарттары:
- •7. Баға қою шарттары:
- •8. Әдебиет Негізгі:
- •Қосымша:
- •9. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: «Кенеттен өлімнің профилактикасы үшін қолданылатын дәрілік препараттар: қазіргі заманғы гиполипидемиялық заттар, антикоагулянттар»
- •Тапсырма:
- •Орындалу критерийлері:
- •Бағалау критерийлері:
- •8. Әдебиет Негізгі:
- •7. Бағалау критерилері:
- •8. Әдебиеттер
- •9. Бақылау:
- •Модуль «Зәржыныс жүйесі» «Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша дәрістер кешені
- •1. Тақырыбы: «Зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларын емдеудегі негізгі бағыттар»
- •3. Дәрістердің тезистері
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Тексеруге арналған сұрақтар (кері байланыс)
- •1. Тақырыбы: «Зәр айдайтын заттар».
- •3.Дәрістердің тезистері
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Оқыту міндеттері:
- •3. Хронометраж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Тест №9
- •Тест №15
- •2 Жасар балаға зәр шығару жолдарының инфекциясында тағайындауға болатын препарат
- •Тақырыбы. Гломерулонефрит түрлерінің фармакотерапиясы принциптері.
- •Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Гепариннің негізгі әсер ету механизмі
- •Тақырыбы. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеудің негізгі бағыттары. Балалардағы сбж фармакотерапиясының ерекшеліктері.
- •Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тесттік тапсырмалар
- •2.Оқытудың міндеттері
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оқыту міндеттері:
- •3. Хронометраж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Бақылау:
- •Тесттік тапсырмалар
- •«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •7.Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:
- •10. Әдебиет
- •1. Тақырыбы: «Несеп тас ауруының дәрілік емі»
- •5.Орындау критерийлері:
- •Қорытынды
- •7. Бағалау критерийлері:
- •8. Әдебиет
- •Модуль «Эндокринная система» «Эндокринді жүйе» модулі бойынша дәрістік кешен
- •3. Дәрістің тезисі.
- •4. Power Point бағдарламасындағы иллюстрациялық материалды пайдалану
- •5. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
- •Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
- •1.Тақырыбы. «Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттар»
- •3. Сабақтың хронометражы
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау.
- •Тест №1
- •Тест №7
- •Тест №9
- •Тест№10
- •Соөж-на арналған әдістемелік нұсқау
- •1.Тақырыбы. «Гипотиреоз және гипертиреозда (антитиреоидты заттар) қолданылатын дәрілік препараттар»
- •6. Әдебиет:
- •Тест №7
- •Тест №8
- •Тест №13
- •Тест №14
- •Тест №15
- •Тест №20
- •Ответы тестовых заданий для самоконтроля
- •3. Хронометраж Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)
- •6. Әдебиет: Негізгі:
- •Өзіндік бақылауға арналған тесттік та
- •Стероидты құрылымды гормондарға жатады:
- •Тест№10
- •Тест№19
- •Тест№20
- •«Эндокринді жүйе» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1. Тақырыбы: «Балаларда қолданылатын инсулиннің негізгі препараттары»
- •5.Орындау критерийлері:
- •9. Бақылау (сұрақтары):
- •1.Тақырыбы: «Семіру кезіндегі фармакотерапия принциптері»
- •5. Орындау шарттары:
- •7. Баға қою шарттары
- •8. Әдебиет
- •9. Бақылау сұрақтары:
- •Орындалу түрі: презентация.
- •Орындалу көрсеткіштері:
- •6. Презентацияны безендіруге талаптар:
- •8.Әдебиеттер
- •9. Бақылау
- •Модуль «Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары» «Тірек-қимыл жүйесі» модулі бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырыбы. Буындық синдромда қолданылатын қабынуға қарсы заттар. Жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.
- •Оқыту міндеттері:
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тест №10
- •Тақырыбы. «Тірек-қимыл жүйесі, тері және тері қосалқылары».
- •Оқыту міндеттері: Когнитивті компетенция
- •Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •«Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.Тақырыбы: «Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»
- •3.Задачи обучения:
- •4. Орындау түрі:
- •5. Орындау критерийлері:
- •6. Реферативті жұмыстың құрылымы:
- •7.Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:
- •10. Әдебиет
- •Бақылау:
- •1. Тақырыбы: «д» витаминінің уытты әсерлері»
- •5.. Орындау шарттары:
- •4) Қорытынды
- •6. Орындалу мерзімі: «Тірек қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша аралық бақылауға дейін
- •8. Әдебиет
- •9.Бақылау:
- •«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне емтиханның 2 кезеңін өткізуге арналған емтихандық препараттар тізімі (рецепт жазу үшін)
- •Жағдайлық есептер
- •Жағдайлық есептердің жауаптары:
- •Тесттік тапсырмалар
- •228.Кіші эпилептикалық ұстама кезінде таңдамалы препарат:
- •411 Тікелей емес әсерлі антикоагулянттарға төменде аталғандардың барлығы жатады, біреуінен басқасы:
- •422.Темір препараттарының жанама әсерлері:
- •469.Темір препараттарының жанама әсерлері:
- •470.Темір препараттары:
- •Тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Пәннің оқу -әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
9.Бақылау:
1. Витаминдердің жіктелуі
2. «Д» витаминінің фармакокинетикасы және фармакодинамикасы
3. Қолдану көрсеткіштері
4. «Д» гипервитаминозы, оның көріністері
5. «Д» гипервитаминозының алдын алу шаралары және дәрілік емдеу
6. «Д» витаминінің басқа дәрілік препараттармен өзара әсерлесуі.
БІЛІМ МЕН ДАҒДЫНЫ БАҒАЛАУДЫҢ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕМДІК ҚҰРАЛДАРЫ
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне емтиханның 2 кезеңін өткізуге арналған емтихандық препараттар тізімі
(жағдайлық есептер үшін)
Беклометазон дипропионаты
Беродуал
Азитромицин
Термопсис шөбінің тұндырмасы
Ко-тримоксазол (бактрим)
Коргликон
Гидрохлортиазид
Нитроглицерин
Ловастатин
Триметазидин
Ранитидин
Бисакодил
Эссенциале
Контрикал
Фестал
Мерказолил
Метилпреднизолон
Цефуроксим
Азатиоприн
Аллопуринол
Метилтестостерон
Эргокальциферол
Хондроитин сульфаты
Ибупрофен
Алендронат
Ферроплекс
Аминокапрон қышқылы
Метотрексат
Пирацетам
Натрий вальпроаты
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне емтиханның 2 кезеңін өткізуге арналған емтихандық препараттар тізімі (рецепт жазу үшін)
Кетотифен (таблеткада)
Эуфиллин (инъекция үшін)
Левофлоксацин (таблеткада)
Цефотаксим (инъекция үшін)
Дигоксин (таблеткада)
Метопролол (таблеткада)
Индапамид (таблеткада)
Верапамил (таблеткада)
Гепарин (инъекция үшін)
Эналаприл (таблеткада)
Амиодарон (таблеткада)
Омепразол (таблеткада)
Метоклопрамид (таблеткада)
Аллохол (таблеткада)
Панкреатин (таблеткада)
L-тироксин (таблеткада)
Актрапид (инъекция үшін)
Глибенкламид (таблеткада)
Офлоксацин (таблеткада)
Эстрадиол дипропионаты (инъекция үшін)
Диклофенак натрий (инъекция үшін)
Хингамин (таблеткада)
Феррум лек (инъекция үшін)
Цианокобаламин (инъекция үшін)
Викасол (инъекция үшін)
Аминалон (таблеткада)
Фуросемид (инъекция үшін)
Фенобарбитал (таблеткада)
Дифенин (таблеткада
Диазепам (инъекция үшін)
Жағдайлық есептер
Жүрек жетіспеушілігі және бауыр циррозымен ауыратын науқасқа ауруханада жүрек гликозидтері тағайындалды. Үш тәулік бойына дигитоксиннің қалыпты дозасын қабылдаған соң іркілу көріністері қалпына келе бастады. Бірақ төртінші тәулікте науқаста құсу, лоқсу, брадикардия және экстрасистолия көріністері байқалды. Симптомдардың пайда болу себебі неде? Оларды жою үшін қандай препарат тағайындалады?
Жүрек жетіспеушілігі және айқын ісінулер бар науқасты оймақгүл препараттарымен емдеген. Ісінулерді жою мақсатында басқа препараттарға қоса дихлотиазид (салуретик болып табылатын зәр айдағыш зат) тағайындалды. Науқаста гликозидтермен улану синдромы байқалды. Себебін қандай? Оймақгүл препараты мен дихлотиазидті бірге тағайындағанда қосымша қандай препарат берген жөн?
Анамнезінде жүректің созылмалы жетіспеушілігі бар компенсация сатысындағы науқасқа емхана жағдайында операция жасау барысында ентігу, бетінің көгеруі, пульсінің жиілеуі байқалды. Емхана жағдайында бұл симптомдарды жою үшін дәрігер қандай препарат тағайындаған жөн, кейінгі фармакотерапия қалай жүргізілуі керек?
Айқын ісінулер және асциті бар декомпенсация сатысындағы жүректің созылмалы жетіспеушілігімен науқасқа «дигиталистік» ем жүргізілді. Күтпеген жерден науқаста ішкі қан кету белгілері байқалды, осыған байланысты науқас көктамырына кальций хлоридінің ерітіндісі енгізілді. Инъекциядан соң науқаста брадикардия пайда болды, артериялық қысымы төмендеді. ЭКГ-де өткізгіштіктің жартылай тежелуі байқалды. Көрсетілген заттарды емдік дозада қолданғанда улану белгілерінің пайда болуы немен түсіндіріледі? Жоғарыда суреттелген симптомдарды жою үшін қандай ем қолданған дұрыс?
Жүректің созылмалы жетіспеушілігі бар науқаста тісін емдеу кезінде (стоматологиялық бөлмеде) кенеттен ентігу пайда болды, пульсі жиіледі, артериялық қысымы күрт төмендеді. Осыған байланысты науқас ауруханаға жатқызылды. Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасқа строфантин инъекциясын жасады. Жоғарыдағы симптомдардың барлығы жойылды. Кейін науқас жүрек айнуына шағымданды, құсу пайда болды, пульсі айтарлықтай баяулады және экстрасистола пайда болды. Сұрау кезінде науқастың тұрақты бірнеше ай бойы дигитоксин қабылдағандығы, сонымен қатар мезгіл-мезгіл кордиамин пайдаланатындығы белгілі болды. Уытты емес дозада строфантинді енгізгеннен кейінгі науқаста улану белгілерінің пайда болуы немен түсіндіріледі?
Гипертониялық аурумен ауыратын науқас гипотензивті зат қабылдаған соң екінші күні артериялық қысымы төмендеді. Науқастың жалпы жағдайы жақсарды, ол төсектен тұрған кезде бірден бозарып кетті, басы айналып, есінен тану байқалды. Науқас төсекке жатқан соң барлық симптомдар жойылды. Ортостатикалық коллапстың пайда болуына қандай препарат себеп болды?
Науқас жүрек аймағында өткір ауыру сезімін байқады. Дәрі қабылдады. Ауыру ұстамасы жойылды, бірақ науқас басының айналуын, әлсіздікті сезіп, кейіннен есінен танып қалды. Артериялық қысымын өлшегенде жедел гипотензия анықталды. Науқас қандай препарат қабылдаған?
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруымен ауыратын науқас ұстама арасындағы кезеңде тұрақты түрде дәрі қабылдады. Жүрек тұсындағы үнемі ауыру сезімі азайды. Бірақ, науқас пульсінің әлсіздігіне және бронхтың тарылуына шағымданды. Науқас қандай препарат қабылдаған және көрсетілген асқынулар неліктен пайда болды?
Тромбофлебитпен науқасты антикоагулянтармен емдеді; 4 күннен кейін асқазанынан қан кете бастады, зәрінде қан пайда болды. Қан кетуге қарсы шаралар кешені жасалды. Нәтижесінде қан кету тоқтатылды. Науқас қандай антикоагулянттармен емделді? Антикоагулянттардың әсерінен асқынудың алдын алу үшін клиникада қандай зерттеулерді жүргізу қажет еді? Науқастағы қан кету қандай препараттармен тоқтатылды?
Науқас аяғының жарақаттануымен ауруханаға түсті, науқаста капиллярлық күшті қан кету байқалды. Науқасқа коагулянт енгізілді, бірақ қан кету тоқтаған жоқ, соңынан қанап тұрған аймаққа коагулянт ерітіндісі сіңген дәке таңылды. Қан кету тоқтады. Қандай коагулянт қолданылды? Не себептен 1-ші коагулянттан соң қан кету тоқтамады?
Гипохромды анемиямен ауыратын науқас дәрілік препараттармен емнен кейін қандағы гемоглобиннің мөлшері жоғарылады, науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ дәрілік заттың жанама әсерлері пайда болды: іш қату, қызыл иектегі қара жолақ. Пайда болған асқынулардың механизмін түсіндіріңіз. Гипохромды анемияда басқа қандай препараттарды қолдануға болады?
Семіздікпен ауыратын науқасқа дәрілік препарат тағайындаған соң науқастың салмағы азайды. Бірақ науқаста ұйқысыздық, бас ауыруы, жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқас ұзақ уақыт антацидті зат қабылдаған. Осыған байланысты науқаста лоқсу, іштегі ауыру сезімі пайда болды. Науқасты тексергенде қандағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдіктің алкалоз жағына ығысқандығы байқалды. Науқас қандай дәрі қабылдаған?
Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқасқа дәрілік препарат тағайындалған. Ауыру сезімі айтарлықтай азайды, бірақ ауыз қуысының құрғауы және жүрек қағуы пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
Науқасқа гайморитпен ауыруына байланысты ферментті препарат енгізілді. Қуыстан іріңді бөліндінің шығуы жақсарды. Бірақ науқаста дене қызуының көтерілді, тахикардия пайда болды. Оған димелрол тағайындалды, көрсетілген симптомдар жойылды. Науқас қандай ферменттік препаратпен емделген? Жанама әсерлерінің пайда болу себебі неде? Димедрол қандай мақсатта тағайындалды?
Жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқаста ісінулер байқалды, қанның биохимиялық анализінде альдостерон мөлшерінің көбейгендігі анықталды. Берілген жағдайда науқасқа қандай зәр айдағыш затты тағайындаған жөн?
Жүректік генезді ісінулермен ауыратын науқасқа зәр айдағыш зат тағайындалды. Әсерінің болмауына және қандағы рН ацидоз жағына ығысуына байланысты 5 күннен соң дәрі тоқтатылды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған? Дәріні тоқтату себебі неде?
Гипертониялық аурумен науқасқа гипотензивті әсері бар зәрайдағыш зат тағайындалды. Артериялық қысым төмендеді. Бірақ науқаста жүрек тұсындағы ауыру сезімі, әлсіздік пайда болды. Диуретиктердің әсерінен асқынуды азайту мақсатында калий хлориді тағайындалды. Гипертониялық ауруды емдеуде қандай препарат қолданылған. Калий хлоридін тағайындаудың себебі неде?
Науқас ұйықтатқыш заттың үлкен дозасын қабылдап улану симптомдарымен ауруханаға түсті. Науқасқа шұғыл көмек көрсету және улану шақырған дәрілік заттың ағзадан шығарылуын жылдамдату үшін қандай диуретик қолданған тиімді?
Ревматизмнің кезекті көктемгі алдын алу емінен кейін науқас асқазанының ауыруына, сонымен бірге геморрагиялар және қызыл иектен қан кетуге байланысты дәрігерге көрінуге мәжбүр болды. Осы көріністердің пайда болуына қандай препарат себеп болды, жанама әсерлердің алдын алу шаралары?
Науқас 12 жаста, ревматикалық сипаттағы буындық қабыну үрдісіне байланысты ұзақ уақытқа қабынуға қарсы препарат тағайындалған. Науқаста ісіну, асқазанда ауыру сезімі, қан анализінде анемия және агранулоцитоз белгілері пайда болды. Ұзақ уақыт бойы науқасқа қандай препарат тағайындалғын?
Созылмалы гломерулонефритпен бірге жүретін деформациялаушы артрозға байланысты науқасқа стероидты емес қабынуға қарсы препарат тағайындалған. Біраз уақыттан соң науқаста неврологиялық бұзылыстар, ұйқысыздық, ашушаңдық, галлюцинация, дисипепсиялық бұзылыстар және асқазан тұсында ауыру сезімі пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған, неге?
Жүректің және буындардың ауыр ревматикалық зақымдануымен 45 жастағы науқас ұзақ уақыт күшті қабынуға қарсы және десенсибилизациялаушы ем тағайындалды. Нәтижесінде ісіну, іштегі ауыру сезімі, бұлшықеттегі әлсіздік, артериялық қысымның жоғарылауы, ұйқы бұзылысы, ашушаңдық пайда болды. Қан анализінде гипокалиемия, қант мөлшерінің жоғарылауы байқалды. Науқасқа ақндай препараттар тағайындалған, жанама әсерлердің дамуын қалай төмендетуге болады?
Науқас ұзақ жылдар бойы жүректің және буындардың ревматизмдік зақымдануымен сырқаттанады. Қосымша асқазанның ауыр ойық жарасымен ауырады. Қабынуға қарсы стероидты емес таңдамалы ЦОГ – 2 тежегіштерінен қандай препаратты тағайындауға болады?
40 жастағы жүректің ишемиялық ауруы, кернелу стенокардиясы, қарыншалық экстрасистолиясы бар ер адамға гипертониялық аурумен ауруды емдеу үшін тағайындалатын препаратты таңдау.
Қарыншалық экстросистолия типті жүрек ырғағының бүзылуымен асқынған жедел миокард инфарктімен 45 жастағы науқасқа жүрек ырғағын реттеу үшін қандай аритмияға қарсы препараттар қабылдау қажет?
24 жастағы науқаста кенеттен дене қызуы 40°С көтерілді, қатты бас ауыруы, құсу пайда болды. Объективті қарағанда желке бұлшықеттерінің құрысуы, Керниг және Брудзинский симптомдарының оң болуы анықталды. Ливкор — лайлы, белок 5 %, плеоцитоз, бактериоскопиялық менингококк бөлінді. Диагнозы: Менингит. Қандай антибактериялық препараттарды тағайындаған жөн?
Заттың тобын анықта: метаболикалық типті әсерге ие,зат алмасу үрдістеріне оң әсер етеді, оттегінің ми тіндеріне тасымалдануын арттырады және тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді, бауырдың реологиялық қасиетін жақсартады. Ишемияланған аймақтғы ми тініндегі қанайналымды жақсартады. Ми қанайналымының бұзылуымен жүретін неврологиялық және психикалық бұзылыстарда, есте сақтау қабілеті төмендешенде, климакс кезеңінің вазовегетативті симптомдарында қолданылады.
45 жастағы жедел оң жақтық төменгі бөліктік пневмониямен ауырған науқас 1 млн ӘБ бензилпенициллин тәулігіне 6 рет және 0,96 ко-тримоксазол 2 рет тағайындалған. Қақырық анализінде көкірің таяқшасы себілді. Антибактериялық препаратты ауыстыру қажет пе? Егер қажет болса, қандай антибиотик тағайындау керек.
Науқасқа гиперацидті гастритті емдеуге байланысты ем жүргізілді. Бір мезгілде ол қиын бөлінетін қақырықпен жүретін жоғары тыныс жолдарының жедел катарымен ауырды. Қақырық түсіруші зат ретінде термопсис шөбінің тұндырмасы тағайындалды. Науқаста гастрит симптомдары күшейді. Бұл жағдай немен түсіндіріледі? Берілген жағдайда қандай қақырық түсіретін затты тағайындаған жөн?