Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

Өзіндік бақылауға арналған тесттік та

Тест №1

Препараты анықтау. Үшіншілік амин, орталық жүйке жүйесінде нейромедиаторлардың: норадреналин, серотонин және дофаминнің кері ұсталуын тежейді. Тамақты қабылдауды төмендетеді, тез қарнының тою сезімін шақырады және ол ұзаққа созылады. Одан кейінгі тамақты қабылдауды тоқтатады. Термогенезге әсер етеді, ағзада энергия жұмсалуын арттырады. Дене салмағын төмендетеді және науқастың дене салмағын төмендеген деңгейде сақтап қалуға көмектеседі.

  1. Сибутрамин

  2. Орлистат

  3. Олестра

  4. Инсулин

  5. L-тироксин

Тест №2

Эстрогендерді іштеріне төменде аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Аналық бездерінің жетілмеуі

  2. Климактерилық бұзылыстар

  3. Сары дене қызметінің жетіспеушілігі

  4. Қуық асты безінің обыры, сүт безінің обыры

  5. Пероралды және имплантацияланатын контрацепция

Тест №3

Хориондық гонадотропинге төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Аналық безінде фолликулалардың дамуын, аналық жасушаларының бөліну үрдісін күшейтеді

  2. Прогестерондер мен эстрогендердің босап шығуы мен өндірілуін арттырады

  3. Тестостерон өндірілуін арттырады

  4. Овуляцияға және фолликулалардың сары денеге айналуына әсер етеді

  5. Әйелдерде функционалды бедеулікте, ер адамдарда – гипогенитализм белгілерінде, жыныстық инфантилизмде, крипторхизмде қолданылады

Тест №4

Препаратты анықтау. Гидрирленген липстатин туындысы, арнайы асқазандық және панкреатикалық липазаның ингибиторы. Липазаның белсенді сериндік аймағымен ковалентті байланыса отырып, ыдырауына кедергі жасайды, кейінгі майдың сіңірілуіне әсер етеді.

  1. Сибутрамин

  2. Орлистат

  3. Олестра

  4. Инсулин

  5. L-тироксин

Тест №5

Стероидты құрылымды гормондарға жатады:

  1. Қалқанша безінің тиреоидты гормондары

  2. Жыныс бездерінің гормондары

  3. Паратгормон

  4. Гипоталамус және гипофиз гормондары

  5. Ұйқы безінің гормондары

Тест№6

Трийодтиронин гидрохлоридіне төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Тиреоидты грмонның синтетикалық аналогі

  2. Тироксинге қарағанда әсері тез басталады және ұзаққа сақталады

  3. Алмасу үрдістеріне тироксинге қарағанда 3-5 есе күшті

  4. Орынбасушы ем ретінде тиімді емес (жартылай шығарылу уақыты қысқа)

  5. ТТГ бөлінуін қысқа уақытқа тежеу үшін қолданылады, сонымен бірге Т3 супрессиясы үшін диагностикалық мақсатта қолданылады

Тест №7

Андрогендерді қолдану көрсеткіштеріне аталғандардың барлығы жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Ер адамдар климактериялық синдромы

  2. Біріншілік және екіншілік гипогонадизм

  3. Сары дене қызметінің жетіспеушілігі

  4. Сүт безінің немесе аналық безінің менопаузаға дейінгі кезеңдегі аналық безінің обыры

  5. Қуық асты безінің бастапқы кезеңдегі аденомасы

Тест№8

Моносуинсулин негізгі әсерлеріне жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

  1. Гипогликемиялық әсері 15-30 минуттан кейін дамиды

  2. Максималды әсері 1-4 сағаттан кейін дамиды

  3. Әсерінің ұзақтығы 4-8 сағат

  4. Тері астына, бұлшықетке, көктамырға енгізуге болады

  5. Тек тері астына енгізіледі

Тест №9

Мерказолилдің әсер ету механизмі:

  1. Аденилатциклазаны ынталандырады, жасушаішілік цАМФ мөлшерін арттырады

  2. Протеинкиназаны ынталандырады, цАМФ – интрацеллюлярлы үрдістерге қатысатын

  3. Басқа эндогенді заттарға жасуша мембранасының өткізгіштігіін өзгертеді (мысалы, глюкозаның жасуша ішіне енуіне мүмкіндік береді)

  4. Қалқанша безіндегі тиреоидты гормондардың синтезін бұзады

  5. Цитоплазматикалық рефепторлармен өзара әсерлесе отырып, ядроға енеді, гендердің транскрипциясын реттейді