Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз Новый СИЛЛАБУС - 3 курс ОМ - русс -2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

3. Хронометраж Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

  • Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

  • Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

  • Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

  • Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

  • Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гормондық препараттардың жіктелуі, алыну көздері, әсер ету механизмдері. Гормондық терапияның принциптері.

  2. Қалқанша безінің тиреоидты гормондарының зат алмасуына әсерлері. Гипо- және гипертиреоз туралы түсінік.

  3. Гипотиреоз синдромында қолданылатын заттар. Құрамында йоды бар қалқанша безінің гормондары,алу көздері мен әдістері. Жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

  4. Гипертиреоз синдромында қолданылатын заттар (антитиреоидты заттар). Әсер ету механизмдері, жеке препараттар тиімділігін салыстырмалы бағалау, қолдану көрсеткіштері, болуы мүмкін жанама әсерлері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері.

  5. Гипергликемияда, гипогликемияда және бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі синдромы туралы түсінік.

  6. Инсулиннің және глюкагонның және глюко-, минералокортикоидтардың зат алмасуға әсері.

  7. Гипергликемия синдромында қолданылатын заттар. Инсулиннің алыну көздері мен алу жолдары. Инсулиннің тазартылған препараттары (монопикті және монокомпонентті) қысқа және әсері ұзақ (ұзақтығы орташа және ұзақ) препараттары, олардың әсердің басталуы мен әсердің шыңы бойынша салыстырмалы сипаттамасы. Қантты диабетті емдеу үшін инсулинді дозалау принципі. Асқынулары, көмек шаралары.

  8. Синтетикалық гипогликемиялық заттар сульфонилмочевинаның туындылары және бигуанидтер глинидтер, әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

  9. Тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылататын заттар (пиоглитазон, розиглитазон).

  10. Аш ішекте глюкозаның сіңірілуін тежейтін заттар (-гликозидазаның ингибиторлары).

  11. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар (глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза), әсер ету механизмі, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері.

  12. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар). Әсер ету механизмі, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы мен жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшелігі.

  13. Семірудің пайда болу себептері. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың жіктелуі.

  14. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың фармакодинамика мен фармакокинетикасының ерекшеліктері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

  15. Семіру кезінде қолданылатын препараттардың мүмкін болатын жанама әсерлері.

5. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, препараттың бір реттік дозасын есептеу.