
- •1. «Аймақтық геология» оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз.
- •2. «Литосфералық тақталар тектоникасы» геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі қағидалары қандай?
- •3. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру негізі ретінде қандай принциптер пайдаланыады?
- •4. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру нәтижесінде қандай-қандай ірі-ірі облыстар дараланады? Оларды қысқаша сипаттап беріңіз.
- •5. Шығыс Еуропа көне платформасының шекараларын санамалап шығыңыз және оларды геологиялық карта бетінен көрсетіңіз.
- •45.Тмд елдері ауқымындағы Таулы Қырым өңірін толықтай сипаттаңыз (орналасу орны, басты-басты құрылымдары, стратиграфиясы, пайдалы қазбалары).
- •6. Шығыс Еуропа көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін атаңыз және оларды қысқаша сипаттаңыз.
- •46. Кавказ таулы облысы ауқымында қандай-қандай құрылымдық элементтер
- •7. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз. Іргетас қимасында қандай-қандай сериялар дараланады?
- •47. Кавказ таулы облысының стратиграфиясын және оның геологиялық дамуының
- •8. Шығыс Еуропа көне платформасының платформалық тыс қабаты дамуының басты-басты сатыларын сипаттаңыз және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін айтыңыз.
- •9. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасымен және платформалық тысымен байланысты қалыптасқан пайдалы қазбаларды сипаттаңыз.
- •10. Сібір платформасының шекараларын атаңыз және оларды карта бетінде жүргізіп шығыңыз. Сібір көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін санамалап шығыңыз.
- •11. Сібір платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз.
- •12. Сібір платформасының платформалық тыс қалыптасу тарихының басты-басты сатыларын сипаттаңыз.
- •13. Сібір платформасының пайдалы қазбаларына жалпылама сипаттама беріңіз.
- •14. Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтері жайлы айтып беріңіз.
- •54. Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк қатпарлы облыстарына қандай-қандай пайдалы қазбалар тән?
- •15. Орал құрылымдарының соңғы архейлік, алғашқы және ортаңғы протерозойлық даму тарихын сипаттап беріңіз.
- •56. Азия материгіндегі Қиыр Шығысқа тиесілі қатпарлы облыстардың (Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин облыстарының) геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын қысқаша сипаттаңыз.
- •57. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин қатпарлы облыстарының негізгі пайдалы қазбалары жайлы айтып беріңіз.
- •58. Курил және Командор аралдары жайлы қысқаша мағлұмат беріңіз.
- •59. Тынықмұхиттық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
- •60. Арктикалық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
5. Шығыс Еуропа көне платформасының шекараларын санамалап шығыңыз және оларды геологиялық карта бетінен көрсетіңіз.
Платформаның шекаралары. Платформаның солтүстік шекарасы Скандинавия және Кола жартыаралдарының солтүстік жағалаулары арқылы жүргізіле отырып, Нордкоп мүйісінен Жаңа Жер аралының оңтүстік өңіріне дейін созылады. Платформаның шығыстағы шекарасы Орал тауларының батыс жиегі арқылы жүргізіледі. Тиман бұйраты мен Печора ойпаты (Тиман–Печора аймағы) түгелімен Шығыс Еуропа платформасының құрамына кіреді. Тиман–Печора аймағы Орал қатпарлы облысынан пермь түзілімдерімен көмкерілген Орал алды шеткі ойысымы арқылы оқшауланады. Орал алды шеткі ойысымы – платформаны Орал қатпарлы облысынан бөлектейтін өте анық шекара болып табылады. Платформаның оңтүстік-шығыс шекарасы Бозащы жартыаралы мен Астрахан қаласының оңтүстігі арқылы өтеді. Бұл шекара көне платформаны соншалықты көне емес, яки эпигерциндік Туран тақтасынан оқшаулайды. Шекара одан әрі Дондағы Ростов қаласының оңтүстігі арқылы өтеді, сөйтіп Украина қалқанының шығыс ашылымдарын жиектей отырып, Перекоп арқылы Дунай өзенінің сағасына дейін созылады. Осылайша Дон алабы (Донбасс) түгелімен платформаның құрамына енгізіледі. Платформаның бұдан кейінгі оңтүстік-батыс және батыс шекаралары Карпат алды ойысымы бойымен сағаланады, сөйтіп Украина мен Беларусь мемлекеттерінің ауқымы арқылы Польшадағы Помора-Куяв бел-белесі бойымен каледондық қатпарлы жүйелерді жиектей отырып, Скандинавия жартыаралындғы Нардкоп мүйісіне барып тіреледі. Шығыс Еуропа платформасы ауқымындағы жер қыртысының қалыңдығы 30 км-ден 65 км-ге дейін өзгереді, орташа қалыңдығы 40 км шамасында деп есептеледі. Платформалық тыс қабатының қалыңдығы 0–23 км аралығында. Геофизикалық зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, Шығыс Еуропа платформасының жер қыртысы мен жоғарғы мантиясы қат-қабатты–блокты құрылыспен сипатталады. Платформа ауқымында төмендегі геологиялық блоктар дараланады: архей–төменпротерозойлық Волга-Орал, Украина, Беломор, Воронеж т.б блоктары және жоғарыпротерозойлық Кола-Мезен, Ладога, Балтық маңы т.б блоктары.
25. Зайсан қатпарлы жүйесінің жалпылама сипаттамасын беріңіз. Зайсан қатпарлы жүйесі жоғарыда сөз болған Орталық Қазақстан аймағы шығыс жағынан жиектейді. Бұл жүйе ауқымындағы ең көне палеозойлық таужыныстар негізінен негізді құрамды вулканиттер және алғашқы палеозойға тиесілі жәндіктердің қалдықтарын кіріктіретін кремнийлі таужыныстар болып табылады. Аталған жанартаутекті таужыныстар құмтасты-алевролитті және туфогендік будаларды, гравий горизонттарын, сол сияқты яшма қабатшалары мен тасжақпарлы микститтердің линзаларын кіріктіретін девондық терригендік кешеннен құралған. Бұл кешеннің қалыңдығы 3000 м-ге жетеді. Алғашқы карбон түзілімдері олистостромдардың горизонттарын кіріктіретін құмтастардан құралған. Жоғарғы палеозой түзілімдері жекелеген шағын-шағын ойыстар ауқымында ғана ұшырасады, олар біршама қалың терригендік және жанартаутекті қатқабаттардан тұрады. Бұл түзілімдер құрылым дамуының коллизиялық сатысын сипаттайды, олар теңіз жағдайында да, континент жағдайында да түзілген. Бұлардың арасында ең кең тараған түзілімдер – серпухов жікқабатынан бастап, жоғарғы пермь түзілімдеріне дейінгі аралықтағы деңгейді қамтитын терригендік көмірлі қатқабаттар, олардың жалпы қалыңдығы 600 м-ден 4500 м-ге дейінгі аралықта өзгереді. Кейбір аудандарда көмірлі терригендік түзілімдер вулканиттермен алмасқан, олар төмендегі құраммен сипатталады: андезиттер, дациттер және олардың туфтары (серпухов жікқабаты-ортаңғы карбон); дациттер, риолиттер және олардың туфтары (карбонның беткі бөлігі-төменгі пермь); базальттар, трахибазальттар (жоғарғы пермь-триас). Соңғы вулканиттер трапп формациясына жатады. Жанартаутекті таужыныс қатқабаттарының орташа қалыңдығы 1700 м шамасында. Триас түзілімдер арасында балық қалдықтарын, острокодтардың және флораның қалдықтарын кіріктіретін саздар мен аргиллиттер ұшырасады. Гумусты көмір қабатшалары да осы деңгейде ұшырасады. Юра түзілімдері тек қана шағын-шағын ойыстарда таралған. Зайсан көлінің алабында палеогендік түзілімдердің толық қимасы хатталған. Бұл түзілімдер неоген шөгінділерімен біріге отырып, қалыңдығы 1,5 км-лік континенттік терригендік қатқабат қимасын құрайды. Бұл қиманың көлдік және көлдік-аллювийлік түзілімдерден тұратын неогендік бөлігінің қалыңдығы 300 м-ден аспайды. Төрттік кезеңге тиесілі түзілімдер түгелдей әр түрлі генетикалық типтерге жататын (мұздық түзілімдері, элювий, делювий, пролювий, аллювий) терригендік шөгінділерден құралған. Геологиялық дамудың кайнозойлық эрасында Алтай–Саян қатпарлы облыс ауқымында жоғары-төмен бағытталған тасжақпарлық қозғалыстар етек алған. Мұның нәтижесінде қазіргі таңдағы жербедер түрлері қалыптасқан.