Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporrrrrr_aymak-geol_222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
142.8 Кб
Скачать

3. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру негізі ретінде қандай принциптер пайдаланыады?

ТМД және Балтық маңы елдері ауқымының геологиялық құрылысына тиесілі табиғи нысандарды оқшаулау шараларының негізі ретінде бұрынғы қозғалмалы (геосинклиндік) құрылымдардың «тынышталған» құрылымдар болып табылатын платформаларға* ауысу уақыты алынады. Аймақты тектоникалық аудандастырудың* бұл тәсілі «Геосинклиндер туралы ілім»* ауқымында жасақталған болатын, алайда бұл тәсіл күні бүгін де – ЛТТ қағидаларының күш алып тұрған кезінде де табысты түрде қолданылады. Мұның себебі – белсенді құрылымның салғырт құрылымға ауысу уақыты қандай парадигма* тұрғысынан алғанда да ең белесті кезең болып табылады.

Мұхиттық литосфераның алап түбіне жаппай төселуі (спрединг*), оның континент астына қарай сұғынуы (субдукция), мұхиттың континенттік жағалауларының бір-бірімен соқтығысуы (коллизия*) – бұлардың бәрі де тектоникалық қозғалыстардың* нәтижесі болып табылады. Алайда коллизиядан*, яғни таужаралу процесінен кейін бұл аймақ «тынышталатын» болады, сөйтіп ол өзінің платформалық даму сатысына ауысады. Олай болса, нақ осы орогендік, яки таужаралу процесінің аяқталу кезеңі мұхит пен континенттің «әрекеттесуі» нәтижесінде тұрақтанған болашақ қатпарлы құрылымның ең белесті сәті болып табылады. Қалай дегенде де, бұрынғы қозғалмалы құрылымның мүлдем салғырт құрылымға ауысу уақыты Жер тарихындағы сындарлы сәттер екендігі даусыз, себебі осы сәттен кейін геологиялық процестердің табиғаты мүлде басқаша сипатқа ауысады.

23. Қазақ–Қырғыз қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтерін атаңыз және геологиялық картада көрсетіңіз. Жоғарыда көрсетілген қатпарлы құрылымдар ОралМоңғол қатпарлы белдеуінің орталық бөлігін қамтиды. Орталық Қазақстанның батыс бөлігі, Орталық және Солтүстік Тянь-Шань каледонидтерге жатады, алайда олардың қалыптасу процесінде герциндік қатпарлану фазасы да маңызды рөл атқарған. Орталық Қазақстанның шығыс бөлігі таза герцинидтерге жатады. Сөз болып отырған қатпарлы облыстың каледондық бөлігі, литосфералық тақталар тектоникасы тұрғысынан алғанда, ортаңғы палеозойлық ҚазақҚырғыз континенті түрінде даралануы тиіс. Соңғы палеозойда бұл континент герцинидтер есебінен ұлғая түскен, сөйтіп Еуропалық континентті Азия континентімен дәнекерлеген деп түсіну қажет. Аймақтың каледондық бөлігінің өзіне тән ерекшелігі оның ауқымындағы жер қыртысының гранитті-метаморфитті қабаты каледондық қатпарлық нәтижесінде ордовик кезеңінің аяқ шенінде толығымен қалыптасып біткен, сөйтіп тұтас ҚазақҚырғыз континентінің пайда болуына жағдай жасаған. Бұл уақытқа шейін аталған аймақ бір-бірінен мұхиттық ойыстармен және ауыспалы белдем құрылымдарымен оқшауланған жекелеген блоктар мен микроконтиненттердің жиынтығын құраған.

43. Батыс Сібір тақтасына тиесілі мұнайлы-газды кешендердің геологиялық позициясы жайлы айтып беріңіз Батыс Сібір тақтасы – ресейдің ең ірі мұнайлы-газды аймағы болып табылады. Тақтаның мұнай-газ жатындарын кіріктіру мүмкіндіктері мезозой түзілімдерімен, атап айтқанда жоғарғы триас, төменгі-ортаңғы юра, жоғарғы юра, берриас-неоком, апт-альб және сеноман түзілімдерімен байланыстырылады. Жоғарыда аталған кешендер қимасында мұнай-газ жатындарының молынан шоғырлануына бір топ алғышарттар септігін тигізген, олар: Батыс Сібір тақтасының бүкіл мезозой эрасы бойына үнемі төмен ойысуы, сөйтіп қалың-қалың шөгінді қатқабаттардың қалыптасуына қолайлы жағдай жасалуы; қалың-қалың шөгінді қатқабаттардың гумидтік климат жағдайында түзілуі, мұның нәтижесінде осы түзілімдерде органикалық көміртектердің молынан шоғырлануы; аталған қатқабаттардың жер қойнауының терең деңгейлеріне душар болуы, сөйтіп органикалық заттар есебінен көмірсутектердің алғаш қалыптасуына және шоғырлануына қолайлы жағдайлардың туындауы, т.с.с. Қазіргі кезде Батыс Сібір тақтасының ауқымында 350-ден астам мұнай және газ кенорындары ашылған. Газ кенорындары негізінен тақтаның солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктеріне шоғырланған. Мұнай кенорындары тақтаның орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде орналасқан

4-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]