Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporrrrrr_aymak-geol_222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
142.8 Кб
Скачать

60. Арктикалық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.

Карск теңізінің онтүстік-батыс жапсарында Батыс Сібір тақтасының солтүстігіндегі шеткі бөлігі орналасқан, мұнда мезозой-кайнозойлық шөгінді тыс қатқабаты көнелігі әр түрлі қатпарлы іргетас бетін көмкеретіндігі белгілі. Карск теңізі өзінің шығысында Таймыр жартыаралымен (тубегімен) және Жаңа Жер архипилагымен оқшауланады. Геологиялық тұрғыдан алғанда, Карск теңізі плиоцен-төрттік кезеңдерде түзілген ең жаңа шөгінділерді жинақтаушы алап болып табылады. Бұл түзілімдер өздерініц табанындағы мезозойлық және палеогендік шөгінділерді тұтас желек түрінде көмкереді. Теңіз қайранын жиектейтін Таймыр, Жаңа Жер және Солтүстік Жер көтерілімдері эпиплатформалық орогендер рөлін атқарады, бұлардың ауқымында негізінен қатпарлы іргетас жаралымдары ашылған, шөгінді тыс қабатының шет-пұшпақтары (фрагменттері) ғана ұшырасып отырады.

Лаптев теңізіне тиесілі су алабының түбі шеткі-материктік тақта ретінде каралады. Бұл тақта Еуразиялық мұхиттық (Солтүстік Мұзды мұхиттық) субалапты тұйықтайтын құрылым болып табылады, және де грабен тектес көтерілімдер мен ойысымдарға жіктелген бұл тақтага тән жаңатектоникалық белсенділік өңірлері Солтүстік Мұзды мұхиттың ең қозғалмалы белдемдерімен тікелей байланысты екендігі анықталған. Мәселен, тақта шетіндегі баурайлық ойысымдар мұхиттық тақтаның Нансен жэне Амудсен қазаншұнқырлары ауқымындағы батыс және шығыс жиектерімен тжелей байланысты екенд1Г1 белгш болган. Лаптев теңізінің орта тұсындағы рифтогендік науа да Геккель Орталық-мұхиттық жотасына тиесілі рифтілік белдемнің табиғи жалғасы іспетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]