Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporrrrrr_aymak-geol_222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
142.8 Кб
Скачать

59. Тынықмұхиттық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.

Чукот теңізі. Бұл теңіздің, өзімен көршілес теңіздермен шекаралары шартты түрде жүргізіледі. Оның солтүстік шекарасы сол теңізге тән континенттік баурай сызығының бойымен, ал онтүстік шекарасы Чукот жартыаралынын (тубегінің) қатпарлы құрылымдарының жиегімен жүргізіледі. Құрылымдық тұрғыдан алғанда, Чукот теңізі су алабының солтүстік бөлігі Шығыс Сібір жағалаулық-материктік тақтаға, ал шығыс бөлігі Бофорт-Чукот тақтасына жатқызылады.

Охот теңізі де қыратты құрылымдармен жиектелген, бұл құрылымдар құрамында көне массив блоктары, киммерийлік және әлпілік (кайнозойлық) қатпарлы-метаморфты және жанартаутекті кешендер (мәселен, бүгінгі Куриль аралдық доғасында) бар. Теңіз табанының бедері ойдым-ойдым сипатты иеленген: онын саязсулы қайраңы мен Куриль тереңсулы қазаншұңқырының аралығы көтерілімдер мен ойыстар жүйесін құрайды, сондықтан бұл аралықта теңіз суының тереңдік көрсеткіштері жиі-жиі өзгеріп отырады. Теңіздің солтүстік бөлігі саязсулы, онтүстік және онтүстік-батыс бөлігінде тереңдіктері 1744 және 3374 м-мен өлшенетін ою ойыс бар.

Жапон теңізі. Бұл теңіз ең терең аудандары мұхиттық қыртыспен сипатталатындығымен ерекшеленеді. Алайда оның орталық бөлігінде граниттердің ашылымдарынан тұратын Ямото қыраты анықталған. Теңіз өзінің батыс жапсарында Корей жартыаралына (түбегіне) және Ханкай массивіне тиесілі докембрийлік континентік қыртыс ашылымдарымен жиектелген. Докембрийлік блоктардың аралығында кешпалеозойлық континенттік қыртыс өкілдері ошарылады, бұлар теңіз алабымен екі жақтауында да ұшырасады.

20-билет

20. Оңтүстік Тянь-Шаннің шекараларын атаңыз және геологиялық картада көрсетіңіз. Оңтүстік Тянь-Шань мейілінше күрделі жамылғылық құрылыспен сипатталады. Палеогеографиялық қалыпқа келтіру сұлбаларына сәйкес, Оңтүстік Тянь-Шань қатпарлы құрылымдары мұхиттық ойыс пен сол мұхит жағалаулары орнында қалыптасқанға ұқсайды. Бұл көне (палеозойлық) мұхит «Түрікстан мұхиты» деп аталады. Түрікстан мұхиты палеозой эрасында солтүстігінде Қазақ–Қырғыз континентімен, оңтүстігінде жағалау сызығы дәйім өзгеріп тұрған Тәжік–Тарим континентімен шектелген деп топшыланады. Оңтүстік Тянь-Шань ауқымында төмендегі аймақтық құрылымдарды даралауға болады. 1) Шатқал (Шатқал-Нарын) белдемі – палеозойлық Қазақ–Қырғыз континентінің беті силурлық-ортаңғы девондық және карбон-пермдік субдукциялық вулканиттермен үстемеленген шеткі бөлігі; 2) Оңтүстік Тянь-Шанның басты жапсаршорлық белдемі – мезозой-кайнозой субдукциялық вулканиттермен беті көмкерілген тектоникалық кешендердің бір-бірімен түйісу белдемі; 3) Нұратау–Атабаш мегабелдемі – Тәжік–Тарим континентінің шеткі өңірінің кешендерінен құралған тектоникалық жамылғылардың кеңінен етек алу белдемі; 4) Зеравшан-Көкшал мегабелдемі – тек қана Тәжік–Тарим континенті шетінің қарқынды деформацияланған кешендерінің көрініс беру белдемі; 5) Гиссар мегабелдемі – Тәжік–Тарим континентінің және үстемеленген таскөмірлік Гиссар мұхиттық ойысының геологиялық кешендерінен тұратын тектоникалық жамылғылардың кеңінен етек алу облысы. Оңтүстік Тянь-Шань көлденең бағытта үш бөлікке жіктеледі, олардың батыстағы бөлігі «Қызылқұм сегменті», орталық бөлігі «Гиссар–Алай сегменті, ал шығыстағы бөлігі «Көкшал сегменті» деп аталады.

40. Батыс Сібір тақтаснының шекараларын айтып беріңіз және картадан көрсетіңіз. Батыс Сібір эпипалеозойлық тақтасының шекаралары. Тақтаның батыстағы шекарасы Орал таулары мен Пай-Хой аралының шығыс жапсарындағы қатпарлы палеозойлық жаралымдарды жиектейді, ал солтүстікте бұл шекара Вайгач және Жаңа Жер аралдарының жағалаулары арқылы өтеді. Оңтүстік-батыста тақта Торғай ойысымы ауқымында ағатын Убаған және Торғай өзендерінің суайырығы арқылы шартты түрде жүргізілетін шекарамен шектеледі. Тақтаның оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекаралары Қазақ ұсақшоқыларының және Алтай–Саян қатпарлы облысына тиесілі палеозойлық жаралымдарының ашылымдарымен жиектеледі. Тақтаның шығыстағы шекарасы Енисей өзенінің алабы арқылы допалеозойлық және палеозойлық кешендердің ашылымдары бойымен жүргізіледі. Тақтаның Карск теңізі ауқымындағы солтүстік шекарасы әзірге нақтылана қоймаған.

Өздерінің тектоникалық құрылыс ерекшеліктеріне орай тақта ауқымында екі түрлі белдеу дараланады, олар – шөгінді тыс қабатының табаны 1200-1600 м аралығында өзгеретін шеткі белдеуге (жапсарлас белдемдер жүйесін біріктіреді) және тақтаның орталық бөлігін қамтитын ішкі облысқа жіктеледі. Шеткі белдеу айқымында Орал сырты, Қазақстан маңы-Саян, Енисей маңы және Таймыр маңы баурайлары дараланады. Ішкі облыс ауқымында меридианға бойлас бағытта созыла сағаланатын бір топ құрылымдық элементтер дараланады, олар – Мансий синеклизасы, Хантей антеклизасы, Колтогор-Уренгой авлакогені, Верхное Тазов антеклизасы және Худосей авлокогені. Бұлардың бір-бірімен жапсарласу шекаралы соншалықты анық емес. Жоғарыда аталған біршама ірі құрылымдармен қатар тақта ауқымында алуан түрлі дөңестер мен мегабелестер (мегавалы) түріндегі талай-талай аймақтық құрылымдар дараланады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]