
- •1. «Аймақтық геология» оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз.
- •2. «Литосфералық тақталар тектоникасы» геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі қағидалары қандай?
- •3. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру негізі ретінде қандай принциптер пайдаланыады?
- •4. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру нәтижесінде қандай-қандай ірі-ірі облыстар дараланады? Оларды қысқаша сипаттап беріңіз.
- •5. Шығыс Еуропа көне платформасының шекараларын санамалап шығыңыз және оларды геологиялық карта бетінен көрсетіңіз.
- •45.Тмд елдері ауқымындағы Таулы Қырым өңірін толықтай сипаттаңыз (орналасу орны, басты-басты құрылымдары, стратиграфиясы, пайдалы қазбалары).
- •6. Шығыс Еуропа көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін атаңыз және оларды қысқаша сипаттаңыз.
- •46. Кавказ таулы облысы ауқымында қандай-қандай құрылымдық элементтер
- •7. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз. Іргетас қимасында қандай-қандай сериялар дараланады?
- •47. Кавказ таулы облысының стратиграфиясын және оның геологиялық дамуының
- •8. Шығыс Еуропа көне платформасының платформалық тыс қабаты дамуының басты-басты сатыларын сипаттаңыз және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін айтыңыз.
- •9. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасымен және платформалық тысымен байланысты қалыптасқан пайдалы қазбаларды сипаттаңыз.
- •10. Сібір платформасының шекараларын атаңыз және оларды карта бетінде жүргізіп шығыңыз. Сібір көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін санамалап шығыңыз.
- •11. Сібір платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз.
- •12. Сібір платформасының платформалық тыс қалыптасу тарихының басты-басты сатыларын сипаттаңыз.
- •13. Сібір платформасының пайдалы қазбаларына жалпылама сипаттама беріңіз.
- •14. Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтері жайлы айтып беріңіз.
- •54. Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк қатпарлы облыстарына қандай-қандай пайдалы қазбалар тән?
- •15. Орал құрылымдарының соңғы архейлік, алғашқы және ортаңғы протерозойлық даму тарихын сипаттап беріңіз.
- •56. Азия материгіндегі Қиыр Шығысқа тиесілі қатпарлы облыстардың (Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин облыстарының) геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын қысқаша сипаттаңыз.
- •57. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин қатпарлы облыстарының негізгі пайдалы қазбалары жайлы айтып беріңіз.
- •58. Курил және Командор аралдары жайлы қысқаша мағлұмат беріңіз.
- •59. Тынықмұхиттық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
- •60. Арктикалық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
56. Азия материгіндегі Қиыр Шығысқа тиесілі қатпарлы облыстардың (Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин облыстарының) геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын қысқаша сипаттаңыз.
1. Архей-протерозойлық саты. Қиыр Шығыс құрылымдарында ең көне таужыныстар соңғы архей уақытында түзілген (абсолюттік көнелігі – 3,2-2,5 млрд жыл). Мұндай жаралымдар Буреин және Ханкай орталық массивтерінде ашылады. Заттық құрамы жағынан олар графитті және клинопироксенді мәрмарларға сәйкес келеді, бұлар гнейстермен және тақтатастармен қат-қабаттала астасады. Алғашқы протерозой жаралымдары тектоникалық блоктарда және қатпарлы жүйелердің антиклинді құрылымдарының ядроларында ашылады.
2. Венд-ордовиктік саты.
Кембрийлік субмұхиттық қыртыс қалдықтары Агин-Жагдин палеозойлык, мегабелдемінің шет жактарында және Жагин-Тукурингр белдемінде анықталған. Мұнда төменгі және жоғарғы кембрий түзілімдері ашылған. Төменгі кембрийдің төменгі бөлігі яшмалардан, сазды-кремнийлі тақтатастардан, базальттардан, олардың туфтарынан және әктастардан құралған. Бұл қиманың беткі бөлігін яшманың және балдырлық әктастардың қойнауқаттарын кіріктіретін терригендік таужыныстардан тұрады.
3.Силурлық-таскөмірлік саты. Силурлік түзілімдер жоғарғы протерозой, кембрий немесе ордовик түзілімдерін үйлесімсіз көмкереді. Олар қалыңдығы мыңдаған м-мен өлшенетін, терең жайпақ науаларда (трогтарда) түзілген шөгінді және шөгінді-жанартаутекті таужыныстардан тұрады. Девон кезеңінде силур уакытында терригендік-жанартаутекті-кремнийлі таужыныстардың түзілуін камтамасыз еткен біршама терең ойысымдардың одан әрі терендей түcyi жалғасқан. Девон түзілімдері өздерінің калың болуымен ерекшеленді, бұл көрсеткіш кейде 10 км-ге жетеді.
4. Пермдік саты. Пермь кезеңінде сөз болып отырған аймақтың коллизиялык (орогендік) даму сатысы басталған. Бұган cебепші болған алып Ciбip континетінің Аргун-Хиган белдеміне тиесілі континеттік блокқа жақындай түcyi болғанға ұксайды. Бұл кезде аталған белдем де тұтас континент рөлін атқаруы ықтимал.
5. Триастық саты. Триас кезеңінде каралып отырған аймақта көтерілмдердің қалыптасуы жетeкші рөл атқарған. Буреин және Ханкай массивтері бұрынғыдан да бетер көтеріле түскен. Сихотэ-Алин белдемі көтерілу процесінің нәтижесінде түгелге жуық құрлыққа айналған. Көтерілу процесі теңіз жағалауларының жаппай регрессияға ұшырауына себепші болған, алғашқы триастың соңында және ортаңғы триаста көрініс берген бұл регрессия Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігінде ұзақ та қарқынды сипатты иеленсе, солтүстік бөлігінде самарқаулау сипатты иеленген.
6. Юралық-борлық саты. Триас кезеңінің соңы-юра кезеңінің бас шені Қиыр Шығысқа тиісті аумақтың жоғары көтерілуімен ерекшеленеді. Сондықтан да теңіздік түзілімдер тек қана терең жарылымдарды қуалай созылған біршама енсіз астау тәрізді кұрылымдар түбінде түзілген. Юра кезеңінің бас шені жанартаулар әрекетінің қарқынды болуымен сипатталады, бұл жанартаулар терең жарылымдар бойына шоғырланған.
7. Кайнозойлық саты. Палеогеннің шөгінді және жанартаутекті түзілімдері онша кең тарамаған. Бұлар әдетте көмір кіріктіретін терригендік түзілімдер, олардың табанында құмды-малтатасты конгломераттар ұшырасады. Ханкай массиві букит палеоген кезеңі барысында денудациялык жазық рөлін атқарған, сондықтан оларда коолоинді морылу кабаты қалыптасқан. Сахалин белдемінің батыс бөлігінде ғана палеоцен түзілімдері белгілі.
17-билет
17.Орал құрылымдарының палеозойлық даму сатысын сипаттап беріңіз. 3. Кембрийлік саты. Оралда кембрийлік түзілімдер өте сирек ұшырасады, мұның өзі аталған кезеңде Орал өңірінде негізінен көтерілу және шайылу процестері кеңінен етек алғандығын көрсетеді. 4. Ордовик сатысы. Оралдың сиалды белдемдерінде (Оралдың батыс баурайы және Шығыс Орал көтерілімі) төменгі ордовик түзілімдерге түгелге дерлік кварцты және аркозды терригендік қатқабаттардан тұрады, вулканиттер сирек ұшырасады. Бұл түзілімдердің қалыңдығы жүздеген м-ден 2-2,5 км-ге дейін өзгереді. Олар трансгрессиялық серияны құрайды және бұл серия докембрийлік жаралымдарды үйлесімсіз көмкереді. Бұл серия қимасының төменгі бөлігі грабендік кешен ретінде қаралады Оралдағы мұхит алаптары осы грабендер қалыптасуымен басталған болса керек. Ортаңғы-соңғы ордовик дәуірлерінде қалыптасқан су алабы бүгінгі Оралдың құрылымдық сұлбасына ұқсайтын шекараларды иелене бастаған болса керек. Батыс Орал құрылымдық мегабелдемі ауқымында ортаңғы ордовикте екі таскелбеттік (фациялық) белдем оқшауланды, олар – Бельск-Елек және Зилайыр-Лавмин белдемдері. Бұлардың алғашқысында ортаңғы-жоғарғы ордовик негізінен қайраңдық түзілімдермен – төменгі бөлігінде терригендік таужыныстардың қабатшаларын кіріктіретін әктастармен және доломиттермен сипатталады (қалыңдығы 1000 м-ге дейін). Аталған белдемдер бүкіл Орал тауларын жиектейді, сөйтіп Пай-Хойға дейін, тіпті жарым-жартылай Жаңа Жер аралына дейін созыла сағаланады. Су алабының осы қайраңы мен континенттік баурайы Шығыс Еуропа континентінің жағалауларын шайа отырып, ордовиктен девонға дейін сақталған. Бұл белдемдердің шығыс жағындағы құрылымдарды құрайтын кешендер Оңтүстік Оралдың Тагиль-Магнитогорск белдемінде белгілі. Бұл түзілімдер серпентинитті меланжбен күрделене түскен толеитті базальттардың көпшікті лаваларының, яшмоидтардың, андезит-базальттардың, андезиттердің, солардың туфтарының қатқабаттарымен сипатталады. Шығыс Оралдың жанартаулы белдемінде соңғы жылдары яшмоидтардың линзаларымен қабатшаларын кіріктіретін толеитті базальттар анықталды, бұлар ордовикке тиесілі. 5. Силурлық саты. Силурлық түзілімдер орал жоталарының батыс баурайында да, шығыс баурайында да белгілі. Бельск-Елек белдемінде және Жаңа Жер ауқымында силур қалыңдығы 1300 м шамасындағы саязсулық әктастар мен доломиттерден құралған; батысқа қарай терригендік таужыныстардың рөлі арта түседі. Белдемнің шығысында кедертастар (рифтер) ұшырасады. Зилайыр-Левмин белдемінде силур түзілімдері біршама қалың (250-350 м) әктас қабатшаларын кіріктіретін көмірлі-сазды-кремнийлі тақтатастардан тұрады. Орал тауларының шығыс баурайында силур түзілімдері Тагиль-Магнитогорск белдемінде кеңінен таралған, бұл түзілімдер мұхит түбінде түзілген жанартаутекті-шөгінді қатқабаттардан және аралдық доға кешендерінен құралған. Шығыс Орал жанартаулы белдемінде толеитті базальттар жоғарғы силурдың әктас қабатшаларын кіріктіретін андезиттерімен және олардың туфтарымен алмасады. Бұлардың тектоникалық табиғаты аллохтондық болуы мүмкін. Габбролармен және серпентиниттермен астасқан мұхиттық және аралдоғалық кешендер Мұғалжар өңірінде де белгілі. Силур кезеңінің құрылымдық сұлбасындағы өзгерістер Тагиль белдемінде субдукция процестерінің етек алуымен, ал Сақмар белдемінде бұл процестің тамамдалуымен, сөйтіп көне мұхиттың континент астына сұғынуы Батыс Оралдан Шығыс Оралға ауысуымен сипатталады. 6. Девондық саты. Девон түзілімдері Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының барлық аймақтарында дерлік жақсы дамыған. Алғашқы девон дәуірінде соңғы силур дәуіріндегі құрылымдық сұлба негізінен сақталған. Бельск-Елек белдемінің шығыс бөлігінде төменгі девон түзілімдері қалыңдығы 500-600 м-лік кедертасты әктастардың толық қимасымен сипатталады; батыс бағытта бұл әктастар доломиттермен және құмтастармен алмасады, сөйтіп бірте-бірте құрдымдалып кетеді (выклигнивается). Зилайыр-Левмин палеобелдемінде алғашқы девонда граптолитті тақтатастар, кремнийлер және әктастар өздерінің түзілімдену процесін жалғастырған. Ал Орал жоталарының шығыс баурайындағы белдемдерде девон кезеңінің бас шенінде андезиттердің, трахиандезиттердің, олардың туфтарының, туфогендік флишоидтардың қалың қатқабаттары түзілімденген. Тагиль-Магнитогорск белдемінің батыс бөлігінде мұхит түбінің төсеніші түріндегі кремнийлі және терригендік-кремнийлі шөгінділер қалыптасқан. Шығыс Мұғалжар сиалды блогының мұхит төсеніші кремнийлі және карбонатты түзілімдермен сипатталады. Шығыс Орал жанартаулы белдемінде аралдоғалық кешендердің түзілуі одан әрі жалғасқан. Ортаңғы девон дәуірінде Оралдың шығыс белдемдерінде айта қаларлықтай құрылымдық өзгерістер болған, ал батыс баурайда бұрынғыша Бельск-Елек және Зилайыр-Левмин белдемдері өз дамуларын одан әрі жалғастырған. Бұл белдемдердің алғашқысының ауқымында саязсулық, оның ішінде кедертасты әктастар да түзілімдер қалыптасқан. Ал ортаңғы-жоғарғы девонның зилайыр-левмин типті түзілімдері Сақмар аллохтонында ашық түсті тақталанған кремнийлерден және аталған белдемге тиесілі қайраңдық әктастардың олистоплактарынан тұрады. Фамен ғасырында кремнийлі қатқабаттар көнелігі жоғарғы девон-турне ғасырларына сәйкес келетін граувакты флишпен алмасады. Оңтүстік Орал мен Мұғалжар жоталарының аллохтонды Сақмар белдемінде левмин типті түзілімдермен қатар ортаңғы девонның жанартаутекті-шөгінді қатқабаттары ұшырасады, бұлар көпшікті лавалармен, яшмоидтармен және флишоидтармен, туфогендік-кремнийлі қатқабаттармен (мұхиттық түзілімдер және аралдоғалық кешендер) тектоникалық қабыршақтар түрінде жанасқан денелер құрайды. Тагиль-Магнитогорск белдемінде әйфель ғасырынан бастап шын мәніндегі аралдоғалық кешендер қалыптаса бастайды. Бұл кешендерге тиесілі туфотурбидиттердің және андезит-базальттар мен андезиттердің қатқабаттары кең дамыған, олар өздерінің созылу бағытында бірте-бірте толеитті базальттармен алмасады.7. Таскөмірлік саты. Орал тауларының батыс баурайында карбон кезеңінде негізінен теңіздік карбонатты шөгінділер түзілген. Башқұрт ғасырының екінші жартысынан бастап батыс баурайдың шығысындағы қималарда терригендік шөгінділер шешуші рөл атқара бастайды, бұл қатқабаттар шығыстағы көтеріңкі аймақтарының морылу өнімдері есебінен қалыптасқан. Нақ осы түзілімдердің қалыптаса бастау уақыты Орал алды шетку ойысымының жарала бастау уақытына сәйкес келеді. Оңтүстік Оралдағы Зилайыр-Левмин палеобелдемінде, сол сияқты Ортаңғы Орал өңірінде турне ғасырында зилайыр свитасына тиесілі біршама қалың (1000 м-ден астам) қатқабат қаллыптасуы жалғасқан, бұл қатқабат шығыс өңірлердің шайылуы есебінен түзілген граувакты флиштен тұрады. Визе ғасырында Зилайыр-Лемвин белдемі өзінің жаралу процессін тамамдаған. Орал жоталарының шығыс баурайындағы мегабелдемдерге келер болсақ, бұл өңірлерде турне ғасырында девон кезеңінің аяқ шенінде қалыптасқан құрылымдық сұлба сақталған. Яғни бұл өңірлерде турне ғасыры барысында біршама енсіз көтерілімдер (кордильерлер) және оларды бір-бірінен оқшаулайтын ойыстар (трогтар) болған, аталған трогтар түбінде зилайыр свитасына тиесілі терригендік-флишті қатқабаттар түзілген. Соңғы визе-серпухов ғасырларында Тагиль-Магнитогорск және Шығыс Орал мегабелдемдерінде деформациялану процесі салғырт сипатты иеленген, бұл ғасырлар Орал өңірінде «атақты визе трансгрессиясы» деген атауды иеленген уақытқа сәйкес келеді. Бұл уақыт негізінен саязсулық қат-қабатты әктастардың түзілу уақытымен орайласады. Орал сырты өңірінде аталған әктастар азын-аулақ дәрежеде негізді және орташа құрамды вулканиттермен астасқан терригендік-карбонатты қатқабаттармен алмасқан. 8.Пермдік саты. Орал аймағындағы төменгі пермь алуан түрлі фауна қалдықтарын кіріктіретін теңіздік түзілімдермен сипатталады. Жоғарғы пермь негізінен лагуналық-континенттік шөгінділерден тұрады.
37. Скиф және Тұран эпипалеозойлық тақталарының қимасындағы қатпарлы іргетас пен шөгінді тыс аралығындағы аралық құрылымдық қабатты құрайтын кешендерді сипаттап беріңіз. Скиф тақтасының аралық (екінші) құрылымдық қабаты Кавказ алды ойысымында, Маныч ойысымында және Карпинский қырқасы ауқымында қалыңдығы 1-3 км аралығында өзгеретін, іргетас бетін бұрыштық үйлесімсіздік арқылы көмкерген жоғарғы пермь-триас қатқабатынан құралған. Бұл кешенге тиесілі таужыныс қатқабаттары азын-аулақ дәрежеде ғана деформацияланған. Кешен қызыл түсті континенттік түзілімдерді біріктіреді, олардың қимасында спилиттердің, диабаздық порфириттердің, орташа және қышқыл құрамды эффузиялардың және олардың туфтарының будалары ұшырасады. Тақтаның батыс аудандарында (Азов теңізінің жағалауларында, Қырымның батысында т.с.с.) аралық құрылымдық қабат түзілімдері біркелкі дамымаған. Бұл аудандардағы аралық қабат соңғы пермь-триас-алғашқы юра кезеңдерінде түзілген біршама қалың қатқабаттан тұрады, ол қарқынды қатпарланған флишоидты сипаттағы терригендік түзілімдерден және шектеулі дәрежеде ұшырасатын жанартаутекті таужыныстардан құралған.
Тұран тақтасының аралық (екінші) құрылымдық қабаты іргетас жаралымдарын анық байқалатын бұрыштық үйлесімсіздік арқылы көмкереді, және өздері шөгінді тыс түзілімдерінің қатқабаттарымен үйлесімсіз бүркелген. Каледондық іргетаспен сипатталатын аймақтарда бұл құрылымдық қабат Шу-Сарысу ойысының батыс бөлігінде бұрғылау ұңғымаларымен аршылған және олар тақтаның солтүстік жиегіндегі кейбір аудандар ауқымында жер бетінде ашылады. Бұл қабаттың табанында төменгі девонның және ортаңғы девонның төменгі бөлігіне тиесілі жанартаутекті-шөгінді қатқабаттардан құралған (андезиттер, дациттер, риолиттер және қызыл түсті құмтастар мен конгломераттардың будалары). Бұлар ортаңғы және жоғарғы девонға қарасты құмтастармен және конгломераттармен бүркелген. Бүкіл қиманың қалыңдығы 7 км шамасында. Бұл кешендерден жоғары тұзды (гипстер, ангидриттер, ас тұзы) немесе көмірлі қатқабат орналасқан, олардың көнелігі – фамен ғасыры мен турне ғасырына сәйкес келеді. Бұл түзілімдер қимасының қалыңдығы 4 км. Кейбір аудандарда осы қатқабат қимасында тұз тектоникасының белгілері көрініс береді.