
- •1. «Аймақтық геология» оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз.
- •2. «Литосфералық тақталар тектоникасы» геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі қағидалары қандай?
- •3. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру негізі ретінде қандай принциптер пайдаланыады?
- •4. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру нәтижесінде қандай-қандай ірі-ірі облыстар дараланады? Оларды қысқаша сипаттап беріңіз.
- •5. Шығыс Еуропа көне платформасының шекараларын санамалап шығыңыз және оларды геологиялық карта бетінен көрсетіңіз.
- •45.Тмд елдері ауқымындағы Таулы Қырым өңірін толықтай сипаттаңыз (орналасу орны, басты-басты құрылымдары, стратиграфиясы, пайдалы қазбалары).
- •6. Шығыс Еуропа көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін атаңыз және оларды қысқаша сипаттаңыз.
- •46. Кавказ таулы облысы ауқымында қандай-қандай құрылымдық элементтер
- •7. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз. Іргетас қимасында қандай-қандай сериялар дараланады?
- •47. Кавказ таулы облысының стратиграфиясын және оның геологиялық дамуының
- •8. Шығыс Еуропа көне платформасының платформалық тыс қабаты дамуының басты-басты сатыларын сипаттаңыз және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін айтыңыз.
- •9. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасымен және платформалық тысымен байланысты қалыптасқан пайдалы қазбаларды сипаттаңыз.
- •10. Сібір платформасының шекараларын атаңыз және оларды карта бетінде жүргізіп шығыңыз. Сібір көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін санамалап шығыңыз.
- •11. Сібір платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз.
- •12. Сібір платформасының платформалық тыс қалыптасу тарихының басты-басты сатыларын сипаттаңыз.
- •13. Сібір платформасының пайдалы қазбаларына жалпылама сипаттама беріңіз.
- •14. Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтері жайлы айтып беріңіз.
- •54. Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк қатпарлы облыстарына қандай-қандай пайдалы қазбалар тән?
- •15. Орал құрылымдарының соңғы архейлік, алғашқы және ортаңғы протерозойлық даму тарихын сипаттап беріңіз.
- •56. Азия материгіндегі Қиыр Шығысқа тиесілі қатпарлы облыстардың (Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин облыстарының) геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын қысқаша сипаттаңыз.
- •57. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин қатпарлы облыстарының негізгі пайдалы қазбалары жайлы айтып беріңіз.
- •58. Курил және Командор аралдары жайлы қысқаша мағлұмат беріңіз.
- •59. Тынықмұхиттық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
- •60. Арктикалық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
14. Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтері жайлы айтып беріңіз.
Меридианға бойлас бағытта созыла сағаланатын Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының құрамына Орал тауларының өзі, Пай-Хой, сол сияқты Вайгач және Жаңа Жер аралдары кіреді.
Қатпарлы облыстың орналасу орны, шекаралары және басты-басты құрылымдық элементтері.
Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысы Орал–Моңғол қатпарлы белдеуінің батыс жапсарында орналасқан, ол Шығыс Еуропа көне платформасының шығыстағы шекарасы болып табылады. Облыстың тектоникалық мегабелдемдері оның батыс баурайында ғана үздіксіз сағаланады, ал облыстың шығыс баурайындағы белдемдер оның оңтүстік бөлігінде ғана ашылған, ал бұл баурайдың орталық және солтүстік бөліктерінде қатпарлы құрылымдар Батыс Сібір эпипалеозойлық тақтасына тиесілі мезозой-кайнозойлық платформалық тыс астына сұғынып кеткен. Орал тауларының созылу бағытына көлденең бағытта, яғни батыстан шығысқа қарай мегабелдемдер дәрежесіндегі төмендегі құрылымдар дараланады.
1. Орал алды шеткі ойысымы. Бұл ойысым көнелігі пермге сәйкес келетін молассалармен көмілген. Бұл құрылым Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының Шығыс Еуропа көне платформасымен жапсарласу құрылымы болып табылады.
2.Батыс Орал мегабелдемі палеозой түзілімдерінің меридианға бойлас бағытта өрбіген қатпарларымен сипатталады. Бұл белдемде тектоникалық жамылғылар түріндегі көлбемелер (шарьяждар) көптеп ұшырасады. Бұл мегабелдем ауқымында негізінен саязсулы қайраң жағдайында түзілген таужыныстардан тұратын Бельск-Елек белдемі және тереңсулы батиальдық түзілімдермен көмілген Зилийыр-Лемвин белдемі дараланады.
3. Орталық Орал мегабелдемі жекелеген блоктардан тұратын докембрийлік кристалдық іргетас жаралымдарының жер бетінде ашылуымен сипатталатын өлке.
4. Басты Орал терең жарылымы Орталық Орал құрылымы мен оның шығыс жағында орналасқан Тагиль-Магнитогорск белдемін бір-бірінен оқшаулайтын жыртылыс құрылымы. Жарылым ұзақ қашықтықтарға сағаланатын, серпентинитті меланждың кеңінен етек алуымен сипатталатын өте ауқымды қатпарлану белдемі түрінде көрініс береді. Өзінің жаралу тегі (генезисі) тұрғысынан бұл белдем жапсаршорлы белдем (сутура) болып табылады, ол Оралдағы жер қыртысының сиалдан тұратын және симадан тұратын секторларын бір-бірінен оқшаулайды.
5. Тагиль-Магнитогорск мегабелдемі ордовик кезеңінен таскөмір кезеңіне дейінгі аралықта түзілген жанартаутекті және шөгінді таужыныстардан және оларды тілгілейтін алуан түрлі интрузиялардан тұрады. Мегабелдемді құрайтын жаралымдар мұхит ойыстарында, аралдық доға жағдайында, шеткі жанартаулы белдеулерде түзілген және олармен байланысты қалыптасқан тереңсулы флишті трогтарда, саязсулы алаптарда түзілген терригендік және карбонатты шөгінділерден тұрады. Соңғылары палеозойда қалыптасып үлгерген континенттік қыртысты көмкерген түзілімдер деп саналады. Бұл құрылым ауқымында сиалды іргетасты құрайтын докембрийлік көтерілімдер ұшыраспайды.
6. Шығыс Орал мегабелдемі жаңа ғана аталған таужыныс кешендерімен қатар ордовикте оқшауланған докембрийлік континенттік қыртыстың фрагменттерін (шет-пұшпақтарын) кіріктіреді. Бұл докембрийлік блоктар Қазақ–Қырғыз көне континентінің шеткі өңіріне тиесілі болса керек.
7. Орал сырты мегабелдемі – палеозоидтардың шығыстағы ең шеткі мегабелдемі. Бұл құрылым жанартаулы-плутонды кешендерді көптеп кіріктіретіндігімен ерекшеленеді.
34.Байкал маңы, Байкал сырты және Таймыр–Солтүстік Жер қатпарлы облыстарына тиесілі пайдалы қазбаларды жалпылама сипаттаңыз. Байкал маңы мен Байкал сыртының пайдалы қазбалары Байкал маңының метаморфтанған архейлік кешендерімен байланысты графиттің, апатиттің, темірлі тақтатастардағы темірдің кенорындары қалыптасқан. Протерозойлық даму сатысы мыстың және темірдің, титанның, фосфордың, ванадийдің кешенді рудаларының, сол сияқты сирек металдардың, сирекжерлік металдардың және талшықтастың (асбестің) қалыптасуына жағдай жасаған. Мыспен рудалану процесі Кодар-Удокон шеткі жүйесінің орталық бөлігіне шоғырланған мысты құмтастардың Удокон кенорнына тән. Темірдің, титанның, ванадийдің және фосфордың кешенді рудаларымен сипатталатын кенорындар Селенга-Яблонов облысының оңтүстік-шығыс бөлігіне тән. Құрылымдар дамуының соңғы юра-алғашқы бор сатысымен байланысты сүрменің (сурьманың), алтынның, күшаланың (мышьяктің), флюориттің, өзге де пайдалы қазбалардың төмен температуралы, жер бетіне жақын деңгейлерде шоғырланған кенорындары қалыптасқан Алтынды-сүрмелі (сурьмалы)-вольфрамды-сынапты формация тек қана Байкал сырты облысының шығысында ұшырасады Флюоритті формация тек қана Байкал сырты облысының аумағында ұшырасады, мұнда флюориттің бір топ өнеркәсіптік кенорындары белгілі. Лена ауданының, Становой жотасының және Байкал сыртының алтынды шашылымдары (россыпи) төрттік түзілімдерде ұшырасады. Байкал сыртының шығысында қалайының және қалайы мен вольфрамның шашылымдары (россыпи) белгілі (Былырын шашылымы). Техникалық және зергерлік ақықтың (агаттың) шашылымдардағы ірі-ірі кенорындары (мысалы Тулдун кенорны) шикізатының молдығы жағынан Ресейде бірінші орынды иеленеді.
Көптеген пайдалы қазбалардың белгілері негізінен Оңтүстік Таймыр мегабелдемі ауқымында ұшырасады. Мұнда пермь түзілімдерімен байланысты тас көмір білінімдері, сол сияқты мезозойлық интрузиялармен байланысты қалыптасқан полиметалл, вольфрам-молибден және күшала (мышьяк)-сынап білінімдері ұшырасады. Таймырдың солтүстік жағалауларында флюорит шоғырлары анықталған