
- •1. «Аймақтық геология» оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз.
- •2. «Литосфералық тақталар тектоникасы» геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі қағидалары қандай?
- •3. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру негізі ретінде қандай принциптер пайдаланыады?
- •4. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру нәтижесінде қандай-қандай ірі-ірі облыстар дараланады? Оларды қысқаша сипаттап беріңіз.
- •5. Шығыс Еуропа көне платформасының шекараларын санамалап шығыңыз және оларды геологиялық карта бетінен көрсетіңіз.
- •45.Тмд елдері ауқымындағы Таулы Қырым өңірін толықтай сипаттаңыз (орналасу орны, басты-басты құрылымдары, стратиграфиясы, пайдалы қазбалары).
- •6. Шығыс Еуропа көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін атаңыз және оларды қысқаша сипаттаңыз.
- •46. Кавказ таулы облысы ауқымында қандай-қандай құрылымдық элементтер
- •7. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз. Іргетас қимасында қандай-қандай сериялар дараланады?
- •47. Кавказ таулы облысының стратиграфиясын және оның геологиялық дамуының
- •8. Шығыс Еуропа көне платформасының платформалық тыс қабаты дамуының басты-басты сатыларын сипаттаңыз және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін айтыңыз.
- •9. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасымен және платформалық тысымен байланысты қалыптасқан пайдалы қазбаларды сипаттаңыз.
- •10. Сібір платформасының шекараларын атаңыз және оларды карта бетінде жүргізіп шығыңыз. Сібір көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін санамалап шығыңыз.
- •11. Сібір платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз.
- •12. Сібір платформасының платформалық тыс қалыптасу тарихының басты-басты сатыларын сипаттаңыз.
- •13. Сібір платформасының пайдалы қазбаларына жалпылама сипаттама беріңіз.
- •14. Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтері жайлы айтып беріңіз.
- •54. Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк қатпарлы облыстарына қандай-қандай пайдалы қазбалар тән?
- •15. Орал құрылымдарының соңғы архейлік, алғашқы және ортаңғы протерозойлық даму тарихын сипаттап беріңіз.
- •56. Азия материгіндегі Қиыр Шығысқа тиесілі қатпарлы облыстардың (Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин облыстарының) геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын қысқаша сипаттаңыз.
- •57. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин қатпарлы облыстарының негізгі пайдалы қазбалары жайлы айтып беріңіз.
- •58. Курил және Командор аралдары жайлы қысқаша мағлұмат беріңіз.
- •59. Тынықмұхиттық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
- •60. Арктикалық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
13. Сібір платформасының пайдалы қазбаларына жалпылама сипаттама беріңіз.
Сібір платформасының пайдалы қазбалары
Рудалы кенорындар. Сібір платформасының темір рудалары өздерінің жаралу жағдайы мен көнелігі тұрғысынан алуан түрлі. Архейдің және протерозойдың джеспилитті рудалары Алдан ауданындағы бір топ кенорындарда ұшырасады. Бұл ауданда өзге генезистермен сипатталатын темір кенорындары да баршылық. Жалпы алғанда, Алдан өңірінде темірдің концентрациясы жоғары және біршама оңай байытылатын рудалардың мол қоры жинақталған. Трапп формациясының интрузиялық таужыныстарымен байланысты сульфид рудалары ұшырасады, оларда мыстың, никелдің, кобальттың, өзге де металдардың концентрациясы жоғары.
Салауатты (асыл) металдардың кенорындары (негізінен алтын) көнелігі әр түрлі интрузиялармен байланысты қалыптасқан. Ең ірі алтынды аудандар ретінде Алдан, Томмот, Бодайби, Солтүстік Енисей өңірлерін атауға болады. Платинаның айтарлықтай концентрациясы сібір траптарының интрузияларымен байланысты қалыптасқан сульфидтерге шоғырланған.
Тас көмір және қоңыр көмір кенорындары карбон, пермь, төменгі және ортаңғы юра, жоғарғы юра-төменгі бор және неоген түзілімдерінде ұшырасады. Карбон мен пермь көмірлерінің кенорындары негізінен Тунгус синеклизасына шоғырланған.
Жанғыш тақтатастар Алдан қалқанының солтүстік баурайындағы (Мая өзені) төменгі кембрий қатқабаттарында және Иркутск көмірлі алабының юралық қатқабаттарында ұшырасады. Соңғы өңірде жанғыш тақтатастар сопропелді көмір қабаттарының аралығында ұшырасады.
Мұнайлы-газды түзілімдер венд, төменгі кембрий (платформаның оңтүстік-батыс аудандарында) және жоғарғы девон қатқабаттарында (Нордвик шығанағы маңында) белгілі. Мұнайлы, әсіресе газды горизонттар континент жағдайында түзілген пермь, триас және юра шөгінділерінде де ұшырасады. Газ кенорындары платформаның оңтүстік өңірінде, Иркутск қаласынан Вилюй өзенінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтитын ауқымды алапқа шоғырланған.
Бейруда шикізаттар. Слюдалы аудан ретінде Алдан ауданын атауға болады. Алмас әуелі шашылымдармен байланысты белгілі болған болатын, кейінірек алмастың түпнегіз кенорындары да табылды.
33.Таймыр–Солтүстік Жер қатпарлы облысының геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын сипаттаңыз. Таймыр-Солтүстік Жер қатпарлы облысының геологиялық даму тарихын бес сатыға жіктеуге болады.
1. Архей-протерозойлық саты. Солтүстік Таймыр өңірінде төмендегі кешендер дараланады: мәрмарлар мен кварциттердің будаларын кіріктіретін, қалыңдығы шамамен 5 км болатын амфиболиттерден және плагиогнейстерден тұратын архейлік-төменгі протерозойлық кешен; бір-бірімен ырғақты түрде астасқан құмтастардың, алевролиттердің және аргиллиттердің жалпы қалыңдығы 3 км-дей болып қалатын ортаңғы протерозой-рифей кешені.
2. Венд-кембрийлік саты. Таймыр өлкесінің солтүстігінде біршама қалың (3 км-ге дейін) терригендік флишоидты (қиманың төменгі жағында) және карбонатты (қиманың жоғарғы бөлігі) түзілімдері рифейден алғашқы кембрийге дейін толассыз түзілген шөгінділер қимасы ретінде қаралады.
3. Ордовик-девондық саты. Солтүстік Жерде және Таймыр жағалауларында ордовик түзілімдері өздерінен көнелеу жаралымдарды трансгрессиялық түрде бұрыштық үйлесімсіздікпен көмкереді. Бұдан кейінгі кезеңдер негізінен қайраңдық шөгінділермен сипатталады. Ал Таймырдың оңтүстік бөлігінде ордовик түзілімдері, керісінше, кембрий түзілімдерін үйлесімді көмкереді. Таймыр-Жаңа Жер қатпарлы облысының алғашқы және ортаңғы палеозойлық түзілімдерінің болмыс-бітімі олардың түзілімдену процесі Сібір континентінің жиектерінде негізінен қайраңдық жағдайда жүзеге асқандығын көрсетеді.
4. Таскөмірлік саты. Таскөмір кезеңінің турне ғасырынан бастап жоғарыда сөз болған белдемділік жойылады, және де бұл белдемділіктің жойылуы ойыстардың шөгінділермен көмілуі есебінен емес, платформалық деформациялардың салдарынан аймақтық масштабтағы көтерілімдердің пайда болуына жағдай жасаған тектоникалық процестер нәтижесінде жүзеге асқан.
5. Пермь-триас және юра-кайнозой сатылары. Пермь түзілімдері Таймырдың оңтүстігінде және шектеулі дәрежеде орталық аудандарында шоғырланған, олар өстік бөлігі Хатанг ойысына сәйкес келетін терең ойысымды көмкерген. Пермь түзілімдері өте қалың (6 км-ге шейін) терригендік шөгінділерден құралған, бұл қиманың төменгі бөлігінде әктастардың жекелеген қабатшалары ұшырасады.
53.Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк қатпарлы облыстары дамуының мезозой-кайнозойлық тарихын (триастан төрттік кезеңге дейін) сипаттаңыз. Ертемезозойлық (алғашқы-ортаңғы триастық) саты. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, палеозой мен мезозойдың бір-біріне өту уақытында сөз болып отырған аймақ ауқымында терригендік верхоян сериясының түзілімдену процесі одан әрі жалғасты. Алайда аймақтың солтүстік-шығысында төменгі және ортаңғы триас түзілімдері өзіндік сипатты иеленген. Атап айтқанда аталған өңірдің батысында және солтүстік шығысында бұл түзілімдердің екі типі дараланады.
9. Ортаңғымезазойлық (соңғы триас-валанжиндік) саты. Ортаңғы мезозой уақыты сөз болып отырған облыстар үшін ең қарқынды тектоникалық қозғалыстар сатысы болып табылады. Бұл саты барысында бүкіл Солтүстік-Шығыс Ресей аумағы ірі трансгрессияға ұшыраған. Мұның нәтижесінде біршама терең ойысымдар қалыптасқан, олардың түптерінде қалың-қалың шөгінділер қалыптасқан.
10. Кешмезозойлық (готерив-маастрихтылық) саты. Бұл саты тектоникалық жағдайлардың күрделілігімен және алуан түрлілігімен сипатталады. Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк облыстарының Солтүстік-Шығыс аймағы бор кезеңінің аяқ шенінде-ақ өзінің дөңесті-тасжақпарлы даму сатысына ауысқан болатын, мұның нәтижесінде оның ауқымында шеткі және қалдық ойысымдар мен ойыстар қалыптасып, бұлар қалың-қалың моласса шөгінділерімен көмілді.
11. Ертекайнозойлық (палеогендік) саты. Бұл саты ауыспалы сипатпен ерекшеленеді. Соңғы мезозойға тиесілі құрылымдық элементтердің көпшілігі нақ осы алғашқы кайнозой уақытында өзінің белсенді даму процесін тамамдаған. Екінші жағынан алып қарағанда, палеоген кезеңінің екінші жартысында болашақ неогендік және төрттік кезеңдерге тиесілі тектоникалық сұлбаның негізі қаланды.
12. Кешкайнозойлық (неогендік) саты. Тынық мұхитқа жапсарлас өңірлерде кайнозой эрасының екінші жартысындағы ең белсенді магмалық-тектоникалық қозғалыстар негізінен Куриль-Камчатка аралды доғалар жүйесінің қалыптасуымен байланысты туындады. Бұл процесс нәтижесінде Коряк белдемі Батыс Камчатка белдемінен мүлдем оқшауланды, Батыс Камчатка-Коряк құрылымдар жүйесіне тиесілі Камчатка белдемі мен Шығыс Камчатка жүйесінің арасындағы айырмашылық мүлдем жойылып, тұтас Куриль-Оңтүстік Камчатка аралды доғасы және доға сырты мұхиттық алап қалыптасты.
13. Төрттік саты. Төрттік түзілімдер Верхоян-Куриль қатпарлы жүйесінің солтүстік бөлігінде ауқымды аймақтарды көмкеріп жатыр, олар әсіресе Лена, Яна, Индигирка, Алезея және Колыма өзендерінің төменгі ағыстарында кең тараған.
14-билет