Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporrrrrr_aymak-geol_222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
142.8 Кб
Скачать

1-билет

1. «Аймақтық геология» оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз.

«Аймақтық геология» оқу пәні оқу жоспарына сәйкес міндетті түрде оқытылатын арнаулы пәндердің бірі. Ол студенттерді ТМД және Балтық маңы (бұрынғы КСРО) елдері мен оларға көршілес өңірлердің геологиялық құрылыс ерекшеліктерімен, сол аймақтардың жер қыртысына тиесілі геологиялық құрылымдардың даму заңдылықтарымен, сол сияқты олардағы пайдалы қазба кенорындарының түрлерімен, орналасу ретімен және олардың геологиялық жағдайымен таныстыру мақсатын көздейді. Бұл пәнді игеру болашақ геолог-маманның білім ауқымын мейілінше кеңейте түсуге септігін тигізеді. Студенттердің бұл пән бойынша алған білімін өзінің болашақ кәсіби жұмысында кеңінен қолдануы олардың геологиялық картаға түсіру және пайдалы қазба кенорындарын іздеу ісінде үлкен көмегін тигізетін болады. Республика аумағымен көршілес орналасқан өңірлердің геологиялық ерекшеліктерін жете білу болашақ маманға геологиялық деректерді салыстыра саралауға, сөйтіп өзіне жүктелген кәсіби міндеттерді, яғни әр түрлі дәрежедегі тектоникалық құрылымдардың геологиялық даму заңдылықтарын және олардың ауқымында орналасқан пайдалы қазба кенорындарының орналасу заңдылықтарын дұрыс анықтауға көмектеседі.

21. Оңтүстік Тянь-Шань қатпарлы облысының геологиялық даму тарихын қысқаша сипаттаңыз. 1. Архей-протерозойлық даму сатысы. Оңтүстік Тянь-Шань аумағында, Солтүстік Тянь-Шандағы сияқты, архейлік жаралымдар ұшырасады, олар мигмаланған көзілдірікті гнейстерден, амфиболиттерден, кристалдық тақтатастардан және мәрмарлардан тұрады. Бұл жаралымдардың жалпылама қалыңдығы 10 км шамасында. Төменгі протерозойға шартты түрде кристалдық тақтатастар мен метаморфтанған эффузиялардың қалыңдығы 1500 м-лік қатқабатын жатқызады. Жоғарғы протерозойға тасдөңбекті-тасмалталы конгломераттардың қалың қатқабаты жатқызылады, бұл қатқабат өз қимасының жоғарғы бөлігінде құмтастармен, әктас линзаларын кіріктіретін филлит тектес тақтатастармен алмасады. 2.Ертепалеозойлық даму сатысы. Ертепалеозойлық жаралымдар Оңтүстік Тянь-Шаннің орталық белдемдерінде және жақтауларында кең дамыған. Ертепалеозойлық түзілімдер өздерінен жастау түзілімдердің арасында енсіз тектоникалық қабыршақтар мен экзотикалық жақпартастар түрінде ұшырасады. Кембрий түзілімдерінің балдырлардың қалдықтарын кіріктіретіндігі және саязсулы теңіздерде түзілгендігі олардың табанында жақсы жетілген докембрийлік континенттік қыртыс болғандығын топшылауға мүмкіндік береді. Кембрий түзілімдері Оңтүстік Тянь-Шаннің батыс және орталық секторларында белгілі. Кембрий қималарының үш түрлі литологиялық типі белгілі, олар – терригендік-карбонатты, карбонатты-кремнийлі және жанартаутекті түзілім типтері. Шөгінділердің қалыңдығы әдетте 300-600 м-ден аспайды, алайда Түркістан жотасының ауқымында бұл түзілімдердің қалыңдығы 1600-2000-2500 м-ге, тіпті 5000 м-ге дейін ұлғаяды. Ордовик түзілімдері, кембрий түзілімдері сияқты, Оңтүстік Тянь-Шаннің орталық және батыс өңірлерінде хатталған. Оңтүстіктен солтүстікке қарай ордовик түзілімдерінің де үш түрлі типтерін даралауға болады, олар: жанартаутекті-шөгінді, негізінен терригендік және офиолитті типтер. Офиолиттердің қималары Алай жотасының солтүстік өңірінде біршама жақсы зерттелген. Силур кезеңінде таскелбеттік (фациялық) белдемдердің шекаралары көлбеу бағытта жылжып отырған, алайда ордовик кезеңінде қалыптасып үлгерген палеотектоникалық өлкелер өз дербестігін сақтаған. Бұл өлкелер (бүгінгі планда оңтүстіктен солтүстікке қарай): 1) Тәжік–тарим континентінің төмен ойысқан біршама ауқымды жағалаулары; 2) Түрікстан мұхит алабы; 3) қазіргі таңда Орталық Тянь-Шанге сәйкес келетін, силур кезеңінде жоғары көтерілген Қазақ-Қырғыз континентінің жиектері. Ордовиктің аяғында–силурдың басында Тәжік-Тарим континенттік жағалауының ішкі өңірінде қайраңдық белдем болған деп топшыланады, осы белдем ауқымында силур кезеңінің аяғына дейін саязсулық фауна қалдықтарын кіріктіретін әктастар мен доломиттердің біршама қалың (3000 м-ден астам) қатқабаты қалыптасқан. Силурдың флишоидтық кремнийлі-терригендік батиальдық қатқабаттар Түрікстан жотасында хатталған, олар ордовиктің флишоидтық қатқабаттарын одан әрі жалғастырады. Бұлар ішкі қайраң және Түрікстан палеомұхиты бағытына ашылған күрделі құрамды континенттік баурай жағдайларында түзілген біршама қалың (3000 м-ге дейін) тереңсулық түзілімдер түрінде көрініс береді. Осы түзілімдер қимасының беткі бөлігінде конгломераттар мен вулканомикті құмтастар, сол сияқты көмір қойнауқаттарын кіріктіретін көмірлі-сазды тақтатастар мен құмтастардың өзіндік ассоциациясы хатталған. 3. Кешпалеозойлық даму сатысы. Девон түзілімдері Оңтүстік Тянь-Шаннің барлық секторларында белгілі. Әр түрлі белдемдерде девон жаралымдары қайраңдық әктастар, кремнийлер мен сазды тақтатастардың қатқабаттары түрінде ұшырасады. Қалыңдығы – жүздеген метр. Алай жотасының солтүстік баурайларында девонға тиесілі диабаз силдары мен сығылмалары (дайкалары), сол сияқты мұхит түбінде түзілген толеитті базальттардың қалың қатқабаттары белгілі. Шатқал жотасында (Қазақ-Қырғыз континентінің жағалауларында) төменгі және ортаңғы девонның қалың қатқабаттары хатталған, бұлар ірі түйірлі терригендік қызыл түсті түзілімдерден, дациттардан, трахиандезиттерден, трахибазальттардан құралған. Бұл қатқабаттардың қалыңдығы бірнеше км-ге жетеді. Карбон. Девон мен карбонның жапсарласу деңгейіне тиесілі қабаттар бір-бірін үзіліссіз көмкерген. Алғашқы карбон шөгінділерінің түзілімдену жағдайлары және соларға сәйкес келетін қима типтері девон кезеңінен бастау ала отырып, бентосты фауна қалдықтарын кіріктіретін қалың (1000-3000 м аралығында) карбонатты қатқабаттардың қалыңдығы ондаған-жүздеген м-ден аспайтын карбонатты-сазды-кремнийлі құрамды шөгінділермен кезек-кезек алмасып отыруымен сипатталады. Ортаңғы және жоғарғы карбон түзілімдері түгелдей терригендік және терригендік-карбонатты шөгінділермен сипатталады. Пермь. Төменгі пермь түзілімдері теңіз түбінде түзілген молассаларға, сирегірек флишоидтарға жататын терригендік шөгінділерден құралған. Анда-сонда рет-ретімен жіктелген алуан түрлі вулканиттер мен олардың туфтары ұшырасады. Қалыңдығы 1000 м-ге дейін. Жоғарғы пермь континент жағдайында түзілген ірі түйірлі қызыл түсті және қанық бояулы терригендік шөгінділерден құралған. Аракідік әр түрлі эффузиялардың қабатшалары ұшырасады. Бұл түзілімдерге кейде азын-аулақ дәрежеде гипстену белгілері ұшырасады. Қалыңдығы 1800 м-ге дейін. 4. Мезозой-кайнозой сатысы. Оңтүстік Тянь-Шань ауқымында герциндік қатпарлану процесі аяқталғаннан кейін түзілімдену процесінде ұзақ уақытқа созылған үзіліс байқалады. Тек қана соңғы триас дәуірінде тауаралық ойыстарда түзілген континенттік түзілімдер ұшырасады. Юра кезеңінде ойыс аймақтарда көмірлі қатқабаттар мен конгломераттар түзілген. Бор және палеоген кезеңдерінде тауаралық ойыстарды саязсулы теңіздер тоғытқан, осылайша лагуналық түзілімдену жағдайы қалыптасқан. Бұл лагуналарда негізінен гипсті, сирегірек тұзды формациялар түзілген. Палеогеннің аяғында теңіздер тауаралық ойыстардан толықтай қайтып кеткен. Плиоцен-төрттік кезеңдерде Тянь-Шань айтарлықтай тектоникалық белсенділікпен сипатталған, бұл процесс қатпарлы тау тізбектерінің қалыптасуын, сол сияқты тереңдей түскен тауаралық ойыстарда моласса формациясының түзілуін қамтамасыз еткен. Тектоникалық белсенділіктің жарқын көрінісі – бұл өңірдің жоғары сейсмикалықпен сипатталуы.

41. Эпипалеозойлық Батыс Сібір тақтасының қатпарлы іргетас кешендерінің құрылыс ерекшеліктерін сипаттаңыз. Батыс Сібір тақтасы іргетасының құрылыс ерекшеліктері. Іргетасқа тиесілі төменгі құрылымдық қабат әр түрлі құрамды және көнелігі де алуан түрлі интрузияларды кіріктірген, қарқынды қатпарланған және жоғары дәрежеде метаморфтанған докембрийлік және палеозойлық таужыныстардан құралған. Тақта іргетасының төменгі құрылымдық қабаты құрамында өздерінің тұрақтану уақыты тұрғысынан байкалидтер, каледонидтер және герцинидтер ұшырасады. Бұлар бір-бірінен терең жарылымдар арқылы оқшаулана отырып, жекелеген блоктарға дараланған. Байкалидтер докембрийдің метаморфтанған кешендерінен құралған, олар докембрийлік гранит интрузияларымен «тілгіленген». Іргетастың каледондық блоктары бұрыс пішіндерді, көбінесе үш бұрышты пішіндерді иемденген, олар әр түрлі бағытта созылған терең жарылымдармен оқшауланған. Бұл кешендер докембрийлік гнейстер мен кристалдық тақтатастардан, сол сияқты төменгі палеозойлық жанартаутекті-шөгінді қатқабаттардан тұрады. Іргетастың өзге блоктары негізінен герцинидтерден құралған. Бұлар соңғы палеозойда кіріккен гранитоидтармен тілгіленген силур, девон және таскөмір кезеңдерінде түзілген жанартаутекті-шөгінді қатқабаттардан құралған. Төменгі құрылымдық қабат кемерінің орналасу тереңдігі тақтаның шеткі жақтарынан орталығына қарай және оңтүстіктен солтүстікке қарай үнемі арта береді. Сейсмикалық зерттеу нәтижелеріне қарағанда, бұл тереңдік кейде 12-13 км-ге жетеді.

2-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]